Оқуға құштар мектеп

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп дабыл қағады.

№1 Азат орта мектебінің оқушыларының әртүрлі тақырыптағы кітаптарды оқуға құштарлықтары өте мол.Оның ішіндегі әрбір шарықтап,өрби түсетін оқиғалар мен хикаялар кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра бастады Оқыған сайын ой-өрістері кеңейіп, сөздік қорлары мен тіл байлықтары молая түсті.Бұлай айтудың бірден-бір себебі-кітап рухани жан азығын жеткізуші алапат күш-деген халық даналығын ойға алған оқушыларымыз оқуды әлдеқашан өздеріне пір тұтып алған.»Оқуға құштар мектеп»жобасы дүниеге келісімен оқуға деген ынталары арта түсті.Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатындағы тиімді әдістің бірі болып есептелінді. Осы тұрғыда ата-аналар мектепке тарту ретінде 25 кітап сыйға тартып, кітапхана қоры толықтырылды.2-3 апта сайын оқыған кітаптарын жаңартып отырады.Әр айда балалардың сауаттылығын, мәдени үрдістерін, сөз шеберліктерін,оқу мәнерлерін ашу мақсатында көптеген үздік сайыстар пікірталастар, интеллектуалдық ойындар мен олимпиадалар жиі өткізілуде. Мектепшілік сахна театрында көріністер қою арқылы,ізін қуып келе жатқан оқушыларға қазақтың көркем әдебиеті айқындап, халқымыздың сонау заманнан бері тамырын тереңге жайып, сақталып келе жатқан тарихи құндылықтарын дәріптеп,сол заманда өмір сүрген ақиық ақындарымыздың, жазушы жырауларымыздың оқиғаларын ашып көрсете білді.Бұл арнайы іс-шаралар мектеп сапасының деңгейін көтеруге зор үлес қосты.Сондай-ақ оқушылар аудандық, облыстық жарыстардың үздік майталмандары ретінде бас жүлде жеңімпаздары атанды.Мұндай лауазымды иелену өскелең ұрпаққа үлкен мотивация болары сөзсіз. Әрбір мектеп білуі керек қағида-келешек өмірді қалыптастыратын, жүректеріндегі оты жалындап тұратын, білімпаз, көрегенді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақты қалыптастыру.Кітап-білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе,Абай атамыз:«Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Қорытындылай келе, «Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы»- деген сөз бекер айтылмайды. Оқу — білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.іоқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз! Мектеп ұжымы жүзеге асырып жатқан бұл бағдарлама бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғандықтан, «Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел» идеясы біздің мақсатымыздың дұрыс бағытын көрсетіп тұр.Оқу түбі-мұратқа жеткізер»,-деген ұранмен ешқашан талмай, күш-жігеріміз таусылмай, білімімізді жетілдіріп,мақсатымызды шыңдай түсейік!

Дильназ Мухаммедова

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы №1Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *