Салауатты өмір салтын ұстану қаншалықты маңызға ие?

Денсаулық-баға жетпес байлық, асыл дүниеміз.Деннің саулығы-қоғам байлығы, адамзат жетістігі.Белгілі журналист, қоғамның еңбек сіңірген қайраткері Бейсен Құранбек ағамыздың «Ұйқыдан ауырмай оянудың өзі-екінші бақыт»-деген сөзі ой саларлық.Алайда бұл тұжырымды ұстанып келе жатқандар қаншалықты кездеседі? Бірге ой жүгіртіп көрелік! Қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанып,дұрыс тамақтанып жүргендер бар ма? Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек,60% адамдар тамақтану тәртібін сақтамайды.Күнделікті таңертеңнен кешке дейін жеңіл-желпі тағамдарды тұтынып,ұйықтар алдында тойып тамақтанады.Мұның асқазанға қаншалықты ауыр,адам ағзасы үшін өте қауіпті екендігінен мүлде бейхабар.Ғалымдардың мәлімдеуінше,ең дұрысы барлық тамақты кешкі сағат 8-ге дейін жеп біткен жөн.Өйткені күннің екінші жартысында,кешке қарай зат алмасу процесі баяулай түседі.Алла Тағала «Таңғы асты-патшадай, түскі асты-ханзададай,кешкі асты-құлдай ішіңдер-деген екен.Егер таңертеңгі асты асықпай,еш нәрсеге алаңдамай,тойып ішсеңіз,қуат-күшіңіз кешке дейін жетеді.Ал түскі сағат 11:00 мен 14:00-ге дейінгі уақыт арасы зат алмасу процесінің қарқынды жүретін уақыты.Бұл кезде ішілген тағам майға айналмай, керісінше иммунитетті күшейтеді.Күнделікті өмірде А,В,С,Д,Е дәрумендерін көбірек пайдаланып, фастфуд, кондитерлік тәттілерден,газды сусындардан барынша аулақ болу керек.
Спортпен аптасына 2-3 рет айналысып тұру керек.Жүгіру,секіру, жаттығу жасау бұлшық еттерді нығайтып,әдемі дене мүсінін қалыптастырады.Егер «Спортқа уақыт жоқ немесе ұнамайды»-десеңіз,жұмысқа, қоғамдық орындарға көлікпен емес,жаяу барыңыз.Осылайша,жарты сағатыңызды спортқа арнағанмен теңдей боласыз.Ескере кетер тағы бір мәселе-су балансы.Адам үшін су элементі жер бетіндегі барлық дәрілерден де пайдалы.Оның ағзадағы майлар мен қажетсіз токсиндерді,шлактарды шығаруда маңызы зор.Орташа есеппен күніне 2 литр су ішу,келер аурудың алдын алады.Таңертең ашқарынға, шәй ішер алдында 20-30 минут бұрын су ішсеңіз, кешегі күннен қалған қалдықтарды шығарады.Оның үстіне асқазан оянып, өз жұмысын жақсартады.Күндізгі уақытта, кеңседе немесе үй жағдайында 1-2 стақан судан ұрттап отырудың пайдасы өте мол.Ал кешке қарай суды аз тұтынған дұрыс.Себебі бүйрек бұл уақытта атқаратын қызметін бәсеңдетеді.
Түйіндей келе, жоғарыда аталған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырып, жіті қадағалап отырсаңыз, деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болары сөзсіз.Денсаулық-баға жетпес байлық.Оны жоғалтсаңыз,бұл өмірдің еш қызығы қалмас.Деніңіз сау кезде оны қолға алып,барынша сақтанғаныңыз жөн!

Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,
Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мухаммедова Дильназ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *