Азат орта мектебінің директоры Қошаханова Шолпан Шамгунқызына арналады
- Жүзі жайнап,жадырап, күлімдеген,
Жақсы тілектер болсын сізге менен.
Әр баланың болашағынан үміт күткен,
Сіздей асыл басшыны мақтан етем. - Жүрегі кең көңілі таза, әппақ қардай,
Өлең жаздым сізге арнап Шолпан апай.
Күліп қараған жүзіңізден нұр көрініп,
Мәз мейрам боп жүріңізші бала жаздай. - Мектеп үшін сіңірген бар еңбегін,
Қысы жазы төгіп келді маңдай терін.
Басымды иіп өлеңімді жаудырамын,
Қуанышпен сізге алғыс қалдырамын! - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Мухаммедова