Ұлтты сүю-ұлылық

Ұлт-белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан , рухани негізі бар, бірыңғай тілі,діні , мәдениеті қалыптасқан әлеуметтік қоғам. Ұлтжандылық-ұлы сезім.Ұлтты сүю-адамда туа біткен қасиет. Адам баласын көріктендіріп, жанарыңа нұр төгіп, қанаттандырып жібереді.Көк туын көргенде қуанып, әнұран дауысын естігенде ұйып тыңдап,тұла бойында ыстық қан тулайды, жүрегін патриоттық сезімі кернейді.Ұлтқа деген махаббаты одан әрі артады.Ұлтымызды сүю,құрметтеу , қастерлеу ежелден бастау алады.Ата-бабаларымыздың өз ұлтын шексіз махаббатпен сүйгендігі баршамызды қуантып, үлгі-өнеге болады.Мәселен,қазақ ақындарының, жазушыларының, жырауларының өлең шығармаларына қарап-ақ олардың отанымыздың патриоты болғандығын,елін, жерін шексіз сүйіп, өз халқына адал қызмет еткендігін бірден аңғаруға болады.Әрі тұлғаларымыздың шығармалары болашақ ұрпақты ерлікке, елінсүйгіштікке, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, отанымыздың патриоты болуға дәріптейді.«Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар.Соның ең басты және ең негізгі шарты-ұлттық тіл»-деп ақын, Қазақстанның халық жазушысы-Қадыр Мырза Әли айтпақшы,Өз тілін сүйіп,дәріптеп,құрметтеген адамның ғана ұлы ұлтты қалыптастыруда еңбегі зор.Ал ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден дейтіндей,болашақ ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеп,еліңе адал қызмет ететін, өз ұлтын мәңгі сүйетін, отынының патриоты, қорғаны болуға үйретейік! Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

     

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Мухаммедова

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *