Азаттықтың ақ таңы

Бабамның жеңем деген талабынан,

Күш,рух,жігер алады бала қыран.

Тарихтағы мардымсыз қиын күнде,

Жас пен қоса қан аққан жанарынан.

 

Ішінде білімдінің бәрін қырып,

Жіберердей өзіңе табындырып.

Алайда жаратқаным тоқсан бірде,

Сыйлады азаттықты бағым қылып.

 

Жүрген соң арамдардың ортасында,

Союздың жауыздығы тарқасын ба?

Шыдадық,жеңдік бірақ біз түбінде,

Кешегі бабалардың арқасында.

 

Болса да қиын күн мен қандай қауіп,

Жауларын талқандады таудай болып.

Елге қалай азат күн сыйлаймын деп,

Өр бабам уайымдау мен сарғайды анық.

 

Ер бабалар еңбегін түк етпеді,

Ел қорғау басты міндет жүректегі.

Жастар өсіп жетілсін бүгіндері,

Қазағым деп соғатын жүректері.

 

Бүгінгі,емес елдің күні қараң,

Күннен-күнге дамуда ұлы далам.

Қазақтар мың жасасын, мың жасасын,

Тек қана жаратқанның құлы болған!

 

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы N1 мектеп гимназиясы Арқат Сәрсенбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *