Қош келдің Әз наурыз!

Рахимбекова Жазира Дулатқызы              

Қош келдің Әз наурыз!

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 — сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысындар халайық

Бармысындар халайық

Наурыз тойына жұп жазбай

Жылды қарсы алайық.

Мереке наурыз жыл басы

Наурыз тойы құтты болсын.

Жауын жауып жер бетіне көк толсын!

Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын.

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Жүргізуші: Ендігі кезекті ұл – қыздарымыз жыр шашуына береміз.

Ортаға Алуа, Иса, Бекжан, Нурай, Жасмин, есімді балаларды ортаға шақырамыз.

Иса:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз

Жасмин
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.

 

Алуа
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Бекжан:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін

Жүргізуші: Ән «көктем келді» (хор)

Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Барлығымыз қарсы алайық.

Наурыз аруы: (Наурыз аруы ортаға билеп шығады)
Армысыздар, ардақты ата – аналар, құрметті ұстаздар! Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Уа, жарандар,жарандар,
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар,
Үлкен – кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қарандар!

 

Жүргізуші: Ал енді, біздің сері жігіттердің орындауындағы мына әсем биді тамашалаңыздар.

Би: Қазак биі.

Жүргізуші: Енді ортамызға, ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетімен Қыдыр атаны ортамызға шақырайық.

Қыдыр ата:
Амансындар ма, ұрпақтарым !Ұлыстын ұлы күні құтты болсын, айналайындар. Ал, балалар , Наурыз келді, жаңа жыл келді. Қоян жылымен қоштасып, Жылан  жылын қарсы алатын кез де келіп жетті. Жылан  жылы халыққа жайлы болсын.

Жүргізуші:
Балалар, Қыдыр атадан бата сұрайық . Батанызды берініз Қыдыр ата.

Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын ,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын !
Төрт түлік ақты болсын. Әумин !

Жүргізуші:  Құрметті, көрермендер қазақ халқының салт – дәстуріне не жетсін. Атап айтсақ олар: шілдехана, бесік той ,тұсаукесер, сүндет тойы . Атап айтқан қазақ халқының салт – дәстүрінің бір үзіндісін көрсетейік , ол тұсаукесер дәстүрі.

Жүргізуші: Енді балалардың өнерлерін тамашаланыздар. Ортаға Расул, Тамерлан, Інжу, Айзере, Медина,Темірлан ортаға шақырамыз.

Расул:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Тамерлан:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

 

 

Інжу:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Айзере:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Медина:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!

Темірлан

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін

 Жүргізуші :

Келесі біздің ару қыздарымыздың орындауындағы әсем биді тамашалаңыздар.

Би: «Тостақан» биі.

Жүргізуші : Ал енді балалар, кім қандай мақал – мәтел біледі? Нүрай, Раяна,Жасмин айта ғой.
Нурай:  Әдептілік ар-ұят,

Адамдықтың белгісі.

Раяна: Көпті жылатқан,

Көп жүрмес

Жасмин: Қорқақтың көзі үлкен,

Ақымақтың сөзі үлкен.

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:

Айтыс:
Бекарыс:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Раяна:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Бекарыс:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Раяна:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Жүргізуші:
(Балалардан ұлттық ойындар туралы сұрау)
Ұлттық ойын  (Бәйге, Қыз қуу, арқан тарту, қазақша күрес, асық ойындары, қол күрес, көкпар)

Жүргізуші: Ал енді балалар, осы ұлттық ойындарының бірі «арқан тарту» ойының ойнайық. Ортаға 5 ұл бала, 5 қыз баланы шақырамыз.

Ойын: «Арқан тарту»
Қыдыр ата:
Балардын өнері бізге ұнады , солайғой Наурыз аруы. Бірақ бізді басқа жерлерде күтіп отыр, рұқсат болса біз басқа балалардын өнерін тамашалайық Сау болыныздар!

Жүргізуші:
Ақжүрек,Атина,Айсүлу,Төре,Арсен,Жантөре есімді балаларды ортаға шақырамыз.

Акжүрек:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.

Атина

Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған

Айсұлу

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қаутышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Төре

Наурыз тойым, Наурыз тойым.

Құтты болсың халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайық.

Арсен

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Жантөре

Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Аяжан,Айсу,Кәусәр,Нұрдаулет,Бекайдар,есімді балаларды ортаға шақырамыз.

 

Аяжан Наурыз келді сан құрып

Жасарып жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Мейірім таң күліп.

Нұрдаулет

Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Айсу: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Бекайдар: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Кәусәр:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын

Енді біздің  Раяана әнші кызымызды «Жақсы адамда» әнімен ортаға шақырамыз
Жүргізуші: Құрметті қонақтар , тағы бір мәрте жыл басымыз – Наурыз мейрамы құтты болсын !

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы ,
Толтырып нұрға жатыр міне маңайды.
Төрт  түлік бал татыған уызы ,
Қуат болып қанымызға тарайды.

Осымен бүгінгі Наурыз мерекемізді аяқталды.

— баршаңызды мерекелік дастарханға шақырымыз .
— Наурыз көже құйылсын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *