Ұйымдастырылған оқу қызметі

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның тәрбиешісі

Абылгазина Камал Магзумовна

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы:Біреу, көп, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ.

Мақсаты: «біреу», «көп», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» ұғымдарын қалыптастыру.

Міндеттері: осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; айналасындағы бірде-бір және көп

затты таба білу дағдысын дамыту, жұмбақ шешуді үйрету; шыдамдылыққа және

қызығушылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: затты бөліп алуды және топтастыруды, біркелкі заттардан заттар тобын құруды

және бөліп алуды;

түсінеді: бір зат қайда, көп зат қайда екенін;

қолданады:сөйлегенде «біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ» сөздерін қолданады.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: көрнекілік саны бойынша «біреу–көп»,ойыншық

кірпі, шымылдық, бір себетте жапырақтар макеттері (1 жапырақ – қызыл, қалғандары

жасыл түсті, бала саны бойынша); жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ.

Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ғажайып сәт.

Педагог: Балалар, бүгін бізге қонақ келгенінбілесіңдер ме? Мен бір жұмбақ жасырайын,

жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

(Кірпі.)

– Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.

Балалар қызығушылық танытады.

Кірпі балаларға ішінде жапырақтары бар себетті береді.

  1. Негізгі кезең.

Қозғалысты ойын: «Көп, біреу, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ».

Педагог сұрақтар қояды: Кірпі берген себетте не жатыр? Себетте неше жапырақ

бар? Мен бір жапырақты аламын. Менде бір қызыл жапырақ бар. Әр баланың қасына

барып, бір­бірден жасыл жапырақтан алуын сұрайды. Жапырақтармен айналуды сұрайды.

Себетте неше жапырақ болды? Енді қанша қалды? Қайталау ұсынылады.

Жапырақтар себетте көп болу үшін, не істеу керек? Балалардың жауабын

тыңдайды. Енді жапырақтарды себетке қайта жинайық. Мен себетке 1 қызылжапырақты

салдым. Әр балаға барып, жасыл жапырақты себетке салуды өтінеді.

Балалар себетке жапырақтарды салады. Педагог сұрақтар қояды: Себетте неше

жапырақ болды? Біз бір­бірден салып едік, көп жапырақболды. Себетте неше кызыл

жапырақ жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр?

Сөздік жұмыс: біреу, көп, бір­бірден, бірде-біреуі жоқ.

Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много.

Сергіту сәті:«Ойыншықтар».

Добым, добым, домалақ.

Қайда кеттің домалап.

Сүт құйып ем күшікке,

Төгіп кеттің, обал-ақ.

«Біреу – көп» ойыны.

Педагог фланелеграфтағы бір және көп заттардың суреті салынған плакатты көрсетеді.

Балаларды суретте қай заттар біреуден, қай заттар көп екендігін сұрайды. Балалар айтады.

(1-тапсырма.)

Педагог: Кірпілер алманы жақсы көретінін айтады.

– Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге суреттегі көп алма қайда, бір

алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші.

Кірпі мынадай сұрақтар қояды:

– Ағашта неше алма бар?

– Жерде неше алма жатыр?

– Қай жердегі алма көп?

Тапсырма: Ағашта өсіп тұрған бір алманы саусағыңмен көрсет.

«Бір­бірден, бірде-біреуі жоқ» ойыны. (2-тапсырма.)

Кірпілер тек алманы ғана емес, саңырауқұлақтарды да қатты жақсы көретінін айтады.

Суретте кірпілерді табуды ұсынада. Кірпілердің арқаларында нешесаңырауқұлақ барын

ата? Себетте неше саңырауқұлақ барын ата?

  1. Рефлексия.

Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, оларға

жапырақтары бар себетті сыйлайды. Балалармен қоштасады.

Педагог сұрақтар қояды: Кім бізге қонаққа келген? Кірпі бізге не сыйлады? Себетте

неше қызыл жапырақтар жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр?

Ойын ұсынады: алақаныңды бір рет, содан кейін көп рет шапалақта.

Аяғыңды бір рет, содан кейін көп рет топылдат.

Барлығы әуелі бір саусағын, содан кейін көп саусағын көрсетуді сұрайды.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *