Алтынсариннің кіші ұрпақты тәрбиелеудегі шығармашылығы

ШҚО білім басқармасы  Аягөз ауданы  бойынша білім бөлімінің  «Аягөз қалалық  № 5  бөбекжай — балабақшасы» КМҚК-нің ІІ санатты тәрбиеші

Карлыбаева Гульмира Жумагазыкызы

 

Алтынсариннің кіші ұрпақты тәрбиелеудегі шығармашылығы

«Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз балалар –

Шамнан шырақ жағылар» деп басталатын, өлеңімен балалық санамызда  мәңгі есте қалған ағартушы ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері,қазақ даласының жарық жұлдызы-  Ыбырай Алтынсариннің орны біз үшін бөлек . Ыбырай атамыз алғашқы ұлттық «Мектеп» деген жаңа жүйені қазақ даласына  алып келді.  «Әрбір қазақ — жалғызым!» деп, әр қазақ баласының сауат ашып, білім нәрімен сусындауына бар күш — жігерін жұмсаған , болмысы биік дара тұлға еді.Ыбырай Алтынсарин -қазақ әдебиеті  саласында орнын төрден алған тарихи тұлға. Әр заманның өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны хақ. Тарихтың бір аумалы – төкпелі уақытында қызмет атқарған ағартушының өмірі қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған уақытпен тұспа-тұс келді. Сол уақыттарда Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтеріп, жастарды оқуға шақырды. Ыбырай Алтынсарин алғаш өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөлді. Әдеби шығармалары арқылы оқу жүйесіне тың тақырыптар әкелді. Мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері балалар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, жазба әдебиетінің тарихында өшпес із қалдырды.

Ы.Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлт табиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін» ұғынбайтын ,ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл-Ыбырай мұрасы екені хақ.

Ыбырай Алтынсариннің ізгі ойлары, талғамы, шығармашылығы көптеп саналады. Еліміздің үлкен бір проблемасы болашақ жас ұрпағымыздың  проблемасы болып есептеледі.

Ендеше, бүгінгі алға қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан  ұстаз әр  баланы біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің күші арқылы жүзеге асатыны белгілі.

«Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткен.

Сондықтан  2-3 жастағы балаларды ересектермен бірге және өздігінен еңбек әрекеттеріне қатысуға тәрбиелеу,өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру қажет.Балабақша есігін ашқан күннен бастап, баланы тазалыққа уйрету,өз-өзіне қызмет көрсете алу,яғни дұрыс жуынуды,үлкеннің көмегімен суды дұрыс ағызып,сабын-сумен қолдануды үйренеді,дұрыс жуынуды түсініп,өз еріктерімен жуынуға қызығушылықтары оянады. Жуынып болғаннан кейін өз сүлгісін танып ,дұрыс сүртінуді үйренеді. Балалар қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке қатысады. Алдымен тәрбиешінің көмегімен әр түрлі процестерге қатысады. Бала қоршаған ортада не көрсе, соны  қайталап ,көрсете алады. Мысалы:күнделікті үлкеннің еңбегін, гүлге су құйғанынын,шаң сүрткенін,ыдыс жуғанын көріп, ұйымдастырыла орналастырылған іс-әрекетте еркінше еңбек етуге дайын. Бала тәрбиешінің түсіндіргенін ойында ұстап, еңбегін ерекше көрсетуге дайын. Балалар бақшаға келгенде ең алдымен  табиғат бұрышына көңіл бөледі. Ондағы балықтарға жем салады, тотықұстың ыдысына су құйып,жем салады, торын тазалайды. Өсімдіктерді күтуді үйренеді, шаңын сүртеді, топырағын қопсытады.Топта балалар ойыншықтармен ойнағанды ұнатады, әр бала өзіне ұнайтын ойыншықты таңдап, еркінше ойнайды. Болғаннан кейін, тәрбиешілерге көмек көрсетеді; ойыншықтарды жуады, кептіріп ,өз орындарына орналастырады. Балалар топта әр түрлі еңбекке  қатысады,бұл олардың қызметке ынтасын сақтауға,оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бөбектердің еңбегін  басқара отырып тәрбиеші  еңбекте  атқарылып жатқан  әрекеттердің аттарын атайды, бұл баланың сөздік қорын молайтады, белсенділігін арттырады.

Міне, кезінде аса көрегендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де  тәрбиешілер мен ұстаздардың  қажетіне жарап жүр. Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән берсең бала тәрбиесіне» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. «Дүниедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»-деп тұжырым жасайды ұлы ағартушы.

Алтынсарин  балаларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады.

Тәрбиенің қазіргі біз пайдаланып жүрген қай саласын да Алтынсарин еңбектерінен табуға болады. Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы — жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Әр баланың табиғи дарын, қабілетін ашу арқылы жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалану керек, бір сабақтың барысында бірнеше технологияны кезекпен, тиімді, баланы  жалықтырмай жүргізуге болады. Сабақ -ізденуден, көп еңбектенуден  туатын педагогикалық шығарма. Кезінде Алтынсарин да оқытушыларға дәл осындай талап қойған болатын. Бұл Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығының өміршендігін-байқатады. Жаһандану уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр. Жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта тәрбиелеу баланың  балабақша табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның әлеуметтік қажеттігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына ықпал етеді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер, ұстаздар маңызды роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру — бұл адамгершілікке, руханиятқа, интеллектке тәрбиелеу. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. «Балабақша үйіміз, әдемілікті сүйеміз» – деген ұранымызбен «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланың өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету. Экологиялық мәдениетінің негізгі мақсаты: қоршаған ортамен таныстыру ; — адаммен табиғаттың бірлігі туралы білім негізін қалыптастыру; — қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру; — экологиялық мәдениет негізін қалыптастыру; — қоршаған орта мен жануарлар әлеміне қамқорлық жасауға жетелеу. Балалар тірі жҽне өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуға үйреніп табиғатпен етене байланыста болады. 3-4 жасар балаларға арналған экологиялық жол салынған. Ол жолда балалар құмырсқа иілеуімен, шағын тоғанмен, аралардың еңбегімен, жәндіктер әлемімен танысады. 5-6 жасар балаларға арналған экология жолында, балалар бақша ішінде тәрбиешілермен еңбек жасайды, көкҿністердің өсіп-жетілуін бақылайды .Балабақшаның ішіндегі безендіру экологиялық бағытқа сай болуы керек, экологиялық бұрыштар балалармен жұмыс жасауға және балалардың жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Мектепке дейінгі жас үшін маңызды іс-әрекеттердің бірі – бұл қарым-қатынас. Ол тұлғаның дамуының қажетті шарты. Сондықтан тәрбиешінің міндеті — осы іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, оның ішінде ынтымақтастық атмосферасын құру,  балалар мен ересектің өзара сенімділігін жасау. Тақырыптың маңыздылығына қарамастан, мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру процесі көптеген қуаныш пен тосынсый әкеледі. Бұған интерактивті технологиялар көмектеседі. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – дамыта оқыту технологиясы. Негізін салушылармен зерттеушілер: В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин.

Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесіне және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлау қабілетін дамытып,  сөздік қорын молайту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамыта оқыту технологиясын  балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

  1. Ой қозғау.
  2. Ассоциация.
  3. Салыстыру.
  4. Топтау әдісі.

1) Ой қозғау  әдісі  психология тілінде «Миға шабуыл» деп  аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу қызметінде тақырыбты  ашуда қолданылады. Мысалы: Жұмбақ шешу, сөзжұмбақты өздері табады.

2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақбақты сурет арқылы жайттайды . Мысалы:

Бұл әдіс арқылы балалардың сөздік қорларын молайтып, саутты сөйлеуге дағдыландырады.

3) Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Мысалы: Мандарин мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығын және т.б.

4) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мысалы: «Т әріпі мен дыбысын»  өткенде

І топ – Марблс  тастарын  пайдалана отырып Т әріпінің бейнесін жасау.

ІІ топ – Құмды пайдалана  отырып Т әріпінің бейнесін жасау.

ІІІ топ – Ермексазды қолдана отырып  Т әріпін мүсіндеу.

Дамыта оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Интерактивті оқытудың әдісінің  негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту болып табылады.

Адамның жеке басының мінез-құлқын қалыптастыру, оның бойына жойылып бара жатқан адамгершілік қасиеттерді сіңіру, иманжүзді етіп тәрбиелеу ата-ананың тікелей әсерімен отбасынан басталып, мектепте жүзеге асатындығын белгілі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал біздің ойымыздың айғағы іспеттес. Қазақстанның әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосылу стратегиясы аясында білім мен ғылым, өнер,білімдік технологиялар, саласындағы жаңа ұмтылыстарға Ы.Алтынсариннің еңбектеріндегі педагогикалық мәселелер мен ұстанымы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру заңдылықтарын жан-жақты ашуға толық мүмкіндік береді, жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады.

Ы.Алтынсаринның шығармашылығын  зерттеу барысында келесі қортындыға келеміз.

  1. Ол бізді білімді тәрбиелі болуға, оқу процессіне білім мен еңбек культін еңгізуге, өз еліміздің патриоты болуға үйретеді.
  2. Жаңашыл педагогтың білімге деген шығармашылық көзқарасы бізге үздіксіз педагогикалық жаңашылдықты, оқу- тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістемелік технологияларды қолдануды үйретті.
  3. Біздің ұлттық әдістерге құрметпен қарауға шақырады, оны балалардың адамгершілік, рухани және еңбек тәрбиесінде қолдану маңызды деп санаймыз.
  4. Ол туған өлкенің табиғатына деген ұқыпты және қамқор көзқарас қағидасын ұстануды ұсынады.
  5. Ы.Алтынсаринның педагогикалық іс-әрекетінің тәжірбиесі заманауи мұғалімді, шығармашыл креативті және өзінің жеке даралығы мен қазіргі заманғы білім мекемесінде сұранысқа ие болу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның білім беруді дамыту шежіресіне енген Ы.Алтынсаринның тұлғасы жаңа заманның ұзтазы үшін, оның прогрессивті-гусанистік мұраттарына еліктеудің және ұзтазды шабыттандыратын үлгісі болып табылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *