Ұйымдастырылған оқу қызмет

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша» КМҚК-ның тәрбиешісі Идрисова Гаухар

 

Ұйымдастырылған оқу қызмет

Білім беру саласы:шығармашылық.

Бөлімі:аппликация.

Тақырыбы:Тәрелкедегі қияр мен қызанақ.

Мақсаты:дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету.

Білімділік міндеті: көгөністер туралы жалпы білім беру; бейнеленген

заттарға сәйкес түстерді таңдауға үйрету.

Дамытушылық міндеті: аппликация дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті:кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, көгөністерді орналастырады;

түсінеді: көгөністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың

ерекшеліктерін;

қолданады: желімдеудің техникасын.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері,

сүрткіш, желім жаққыш.

Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.

Билингвальді компонент: қияр – огурец, қызанақ – помидор.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.

Жарқырап күн де шықты,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

Педагог балаларды әңгімеге тартады.

–Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? Қандай белгілеріне қарап күз

екенін білеміз? Көгөністер қай уақытта піседі? Қандай көгөністерді

білесіңдер? Қиярдың түсі мен пішіні қандай? Қызанақ неге ұқсайды? Түсі

қандай?

  1. Негізгі кезең.

Педагог:

–Балалар, тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік.

Үлестірмелі материалға назар аударады.

–Тәрелкенің пішіні қандай?

–Тәрелкеге суреттегідей қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды

қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты,

қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды жапсырайық. Аппликациямыз

дайын болды.

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Педагог балалармен нұсқау бойынша жеке жұмыс жасайды.

  1. Рефлексия.

Педагог балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.

–Бүгін қандай көгөністермен таныстық? Олардың түстері қандай екен?

Ата-аналарға көрме ұйымдастырылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *