«Балауса» тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Сиқырлы сандар
Мақсаты:
Білімділік:5 –ке дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді меңгерту. Логикалық есептер шығаруға, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуге
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту. Өздігінен талдау жасауға үйрету, санаған сандарын сапалы түрде түсіне білуге дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін, білімділігін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін
Тәрбиелік: Шыдамды болуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, ой еңбегіне бейімдеу, адам мен табиғат арасындағы байланыс арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Есеп, тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, көрсету, дидактикалық ойын, сергіту сәті, бақылау, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Цифрлар, санамақтар, геометриялық пішіндер, жеміс -жидектер, үйдің суреттері
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- танымдық |
Сәлеметсіңдерме балалар
Бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастаймыз. Балалар бүгінгі ашық – оқу қызметіміз Таным саласы бойынша «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан» «Сиқырлы сандар» әлеміне саяхат жасаймсыз.
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз Еркін өсіп толамыз Күнге қарай талпынып Көкке қанат қағамыз — Жарайсыңдар балалар енді осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық — Балалар біздің балабақшамыздың алдына сиқырлы сандық қойып кетіпті.Сиқырлы сандықты ашайықпа. — Сиқырлы сандықта «Сандар әлеміне» саяхатқа бару үшін сендерге тапсырмалар берілген екен. — Тапсырмаларды орындаймыз ба? |
Шеңбер жасап тұрады
-Балалар орындарына отырады.
-ия |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік |
1-тапсырма.
Сандардың құпиясы Тәрбиеші: Ендеше біз қазір 1 ден 5- ке дейінгі сандардың құпиясын біліп алайық.Ең бірінші сандардың басында қандай сан тұрады? Ал, балалар сандар туралы тақпақтарыңды тыңдайықшы. Ақжан: Мені келсе білгің, Мен таяқша бірмін Сандарға жол бастап Ең бірінші тұрамын. Айсұлтан: Міне екі саны тұр Қараңдаршы неткен түр Мойнын алға иеді, Құйрығы еріп жүреді. Дарын: Екіден соң әрқашан, Үшінші мен тұрамын. Қағазға сызып түсірсең Екі ирек саламын. Ерғанат Үш қашанда тақ саны, Жұп болғанға не жетсін Төрт дегенің баяғы Төрт түліктің аяғы Ақнұр: Төрттен кейін бесті Білу оңай десті Төртеуін бүгін санасаң, Табасың оңай бесті Жарайсыңдар! Өте жақсы! 2 – тапсырма: Бізге берілген екінші тапсырмамыз сандарды үш тілде санау. Бір-один-one Екі-два-two Үш-три-three Төрт-четыре-four Бес- пять-five 3 – тапсырма: Сандарды тура және кері санау 1,2,3,4,5 5,4,3,2,1 4- тапсырма: Адасқан сандарды тап. 5,2,3,4,1 4,2,1,3,5 Сергіту сәті: Жарайсыңдар! Сергіту сәтін жасап алдық,енді келесі тапсырмамызды орындайық. 5 – тапсырма:
Қандай фигураларды жабыстырдыңда р
6- тапсырма: Дидактикалық ойын. Жемістерді сана
|
Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді:
Тақпақтарын айтады
Балалар үш тілде санайды
Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді.
Балалар сергіту сәтін жасайды
Үйдің суретінде шаршы, үшбұрыш,тіктөртбұрыш бар.
Санамақтарды орналастырады. |
Рефлекстік- үйлесімділік |
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиешінің балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. | Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің үлгісімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1,2,3,4,5 цифрларын
Игереді: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды
Меңгереді.үш тілді ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш,тіктөртбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы түсінікті.
Тәрбиеші: Абуталимова.Б.К