Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Математика негіздері
Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
Мақсаты:Балалардың кеңістікте бағдарлау дағдысын дамыту; Заттардың орналасқан орнын ішінде, үстінде, астында, алдында, артында жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т.б ұғымдар арқылы айта білуге үйрету, танымдық қабілетін жетілдіру, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер, слайд көрсету.
Ұйымдастыру:Шаттық шеңбері
-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, күлеміз осылайша қуанышқа бөленеміз.
Негізгі бөлім:Топ бөлмесіндегі зататрды атап, олардың орналасқан жерін бір-бірімен салыстыра отырып ажырату. Мысалы: тақта топтың алдында, шкафтар артында, терезе сол жақта, есік оң жақта орналасқан.
Слайд көрсету
Ұғымдарды меңгерту үшін:
«Кімнің қайда тұрғанын тап» ойыны.
Әртүрлі заттар мен ойыншықтарды пайдалана отырып, қайсысының қайда орналасқанын анықтайды.
Д\ойын: «Не өзгерді»
Шарты:Заттарды көріп, есте сақтауы арқылы, орны ауысқан затты тауып, қалай, қайда орналасқанын айтады.
Сергіту сәті:
«Өз өрнегің туралы айтып бер» ойыны.
Әр балада өрнек салынған парақша бар.
Оң жақтағы жоғары бұрышта-шеңбер
Сол жақтағы жоғары бұрышта-шаршы
Сол жақтағы төменгі бұрышта-доғал
Ортада-үшбұрыыш тұр.
Балаларды мақтап, мадақтау.