Балапанды бақылау
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Балапанды бақылау»
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға балапанды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін, басқа да құстардың балаларының балапан деп аталатындығы туралы түсінік беру.Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды құстарға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: жұмыртқа, балапан, ермексаз, мақталы таяқша, сулық, ойынға керекті құралдар.
Сөздік жұмыс: балапан.
Әдіс-тәсілдер: балапан үні, ой қозғау,шеринг әдісі, кинометафора әдісі, заряд алу әдісі, SWOT-талдау.
Пән аралық байланыс:Таным
Қолданылатын технология: 4К моделі(командада жұмыс істеу), дамыта оқыту.
Танғажайып сәт: жұмыртқа.
Күтілетін нәтиже: Біледі: балапанды сыртқы көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруді біледі.
Айтады: балапанға қамқорлықпен қарауды.
Түсінеді: ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын.
Танымды оятушылық
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
II.Өткен тақырыпты қайталау: (Шеринг әдіс)
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Суық болады.
-Қыста не жауады?
-Қар жауады.
-Қардың түсі қандай?
-Ақ.
Ұйымдастыру-іздестіру:
III.Жана тақырып
Кіріспе бөлімі:
Жұмбақ шешу:
Екі аяғыда жоқ,
Белінде таяғы да жоқ .
Басы тарақ, арты орақ
Шиқ-шиқ етеді, балпаң-балпаң жүреді. Балапан
Негізгі бөлім: (Кинометафора әдісі)
-Балалар, қарандаршы бізде мына жерде томпиып, орамалдың астында бірдене жасырылып тұрған сияқты, қане осыны ашып көрейікші.
-Балалар, бұл жұмыртқа екен.
-Қане, балалар осы жұмыртқаның ішінде не бар екен жарып көрейікші.
-Жұмыртқаның ішінде балапан бар екен.
-Балалар, қараңдаршы балапан қандай әдемі, сүйкімді. Қане, балапанды ұстап көрейікші.
-Балапан мамық, өте жұмсақ екен.
— Балапанның түсі қандай екен?
-Сары.
-Балапанның аяғы бар ма екен? Кім көрсетеді?
-Балалар балапанның аяғын көрсетеді.
-Балапан тамақты қай жерімен жейді екен?
-Тұмсығымен жейді.
-Тұмсығын кім көрсетеді?
-Осы тұмсығы арқылы балапан қоректенеді.
-Балапан тарыны жақсы көреді екен.
-Балапан қалай дыбыстайды екен?
-Шиқ-шиқ-шиқ.
-Балалар, бұл балапан бізге жай шиқылдап тұрған жоқ, қарны аш сияқты. Балалар, балапанды тамақтандырайықшы.
Ермексаз арқылы балапанға тары жасап берейікші. Тары арқылы балапан қоректенсін.
Шығармашылық: 4К моделі, командалық жұмыс.
1-топқа. Ермексазбен тары жасату.
2-топқа. Мақталы таяқша арқылы тары жасату.
IV.Сөздік жұмыс: балапан, тары, тұмсық
V.Сергітусәті: (Заряд алу әдісі)
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер,
Үлкен болып өседі.
VI.Оқу қызметін бекіту.
Дидактикалық ойын: «Балапанды құрастыр».
Шарты: балапанның дене бөліктерін құрастыру.
Рефлексивті-түзету
VII.Оқу қызметін қорытындылау: (SWOT-талдау)
—Балалар, балапан неден пайда болады?
-Балапан жұмыртқадан пайда болады.
-Балапанның түсі қандай екен?
-Сары.
-Балапан тамақты қай жерімен жейді екен?
-Тұмсығымен жейді
-Балапан немен қоректенеді екен?
-Тарымен.
VIII.Балаларды мадақтау: Балаларды оқу қызметіне белсене қатысқаны үшін смайликтермен мадақтау.
IX.Үйге тапсырма беру: түскі ұйқыдан кейін Мөлдір апайларын балапан туралы тағы да көптеген мағлұматтар береді.