Көктем

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші:Джаилибаева Гульнара Амангельдыевна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

«Еркем-ай » ортаңғы тобы

Білім беру саласы:  «Таным»,«Қатынас»,«Шығармашылық», «Әлеумет»,«Денсаулық»

Бөлімі: Математикалық негіздер, Көркем әдебиет, Жапсыру,Қоршаған ортамен таныстыру,Дене шынықтыру,

Тақырыбы: «Көктем »

Мақсаты:Қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.Көп тілді тұлғаны тәрбиелеу үшін баланың қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту.Баланың шығармашылық ойлау мәдениетінің негізі ретінде оның сезімдік эмоциялық саласымен қиялын дамыту. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру. Әуенмен жаттығу орындауға қызығушылығын арттыру.

 

Топқа әуенмен кіру.

Қазақстан Республикасының әнұранын айту

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды жүзіміз

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң балалар!

Тәрбиеші.

Балалар бүгін ауа райы қандай болып тұр?

Балалар қане бәріміз бірге табиғат бұрышына назар аударайық.

Бүгін нешесі?

Нешінші айы?

Аптасына неше күн бар?

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-4 мезгіл бар.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Мезгілдерді атап беріңдерші?

-Қыс, Көктем, Жаз, Күз.

-Бізде қазір қай мезгіл?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-3 ай бар.

-Айларды атап беріңдерші?

-Наурыз, Сәуір, Мамыр.

-Көктемде ауа райы қандай болады?

-Қар еріп, күн жылынады, жаңбыр жауады,ағаштар бүршік жарып, гүлдер гүлдейді.

Көктемде жердің түсі қандай болады?

Ал енді балалар бүгін біздің тақырыбымыз «Көктем» болғандықтан, көктем туралы кім тақпақ айтып береді?

Тәрбиеші. Орнымызға отырамыз балалар, жарайсыңдар балалар ендеше көктем туралы тақпағымызды айтып жіберейік.

 

Бақдаулет

Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.

 

 

Ж.Айсұлтан

Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

 

Фатима

Күн шуағын шашады,

Жауын да жауып алады.

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.

 

Тәрбиеші. Жарайсыңдар балалар, бізге қонаққа біреу келген сияқты. (Клоун қонаққа келеді)

Клоун: Сәлеметсіңдерме балалар қалдарың қалай? Мен сендермен ойын ойнауға келдім. Менімен ойын ойнауға дайынсыңдарма?

 

Ойын: Ағашқа гүлдерді жапыстыру ойыны.

Клоун: Жарайсыңдар балалар сендер тапқыр екенсіңдер. Менің сендерге сыйлығым бар.

(Бауырсақ) Балалар мен сендерге бауырсақ әкелдім.

Клоун. Балалар менің сендерге дайындаған тапсырмам бар. Соны бірге орындайық жарайма?

Ал енді мына Бауырсақты құрастырайық.

Жапсыру: Бауырсақты құрастыра отырып жапсыру.

Тәрбиеші. Жарайсыңдар балалар біз бауырсақты құрастырдық, сендер бауырсақ ертегісін білесіңдерме? Сендермен бірге бауырсақ ертегісін сахналайық.

Ертегі желісі: Бауырсақ ертегісі.

Клоун:Ал балалар онда мен кетейін сау болыңдар!

Тәрбиеші. Балалар сендер өнерлі екенсіңдер. Сендер шаршаған боларсыңдар бір серігіп алайық.

 

Сергіту сәті:

Арам зам-зам.(Көгілдір экраннан қарап биді қайталау)

Тәрбиеші. Жарайсыңдар балалар. Бізге қонаққа біреу келіп қалыпты. Сәлеметсіз бе Бақыт апай қалыңыз қалай? Сізді көргенімізге қуаныштымыз.

Бақыт апай: Сәлеметсіңдерме ұстаздар және балалар. Менде сендерді көргеніме қуаныштымын.

Бақыт апай: Ал ендеше балалар мен сендерге денсаулық туралы сұрақ қойайын? Дайынсыңдарма?

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Ерте тұру керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Шынығу керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Күнде жаттығу жасау керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Дұрыс тамақтануымыз керек.

-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?

-Таза ауада көп серуендеп жүру керек.

Тәрбиеші.Ал ендеше біздің балалардың денсаулық туралы тақпақтары мен мақал-мәтелдерін тыңдаңыз.

 

Нұрислам

Денсаулық ол-шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Т.Зере

Денсаулық ол-күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Рабиға

Спорт сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш

Серігетін адамды

Қимыл менен қозғалыс

 

Баттал

Шынықсаң шымыр боласың.

 

Д.Айсұлтан

Адамның

басты байлығы денсаулық

 

Хансұлтан

Бірінші байлық денсаулық

Тәрбиеші:Жарайсыңда балалар. Ал енді Бақыт апаймен бірге ойын ойнайық.

Ойын: Түрлі түсті жалаушалар мен шығыршық.

 

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде

Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде

 

Қорытынды: Бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?

-Сонымен қандай жыл мезгілдерін білеміз?

-Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

-Біз клоунмен қандай ойын ойнадық? Қандай пішіндерді білдік?

-Балалар біз нені құрастыра отырып нені жапсырдық?

-Бауырсақ ертегісі несімен ұнады?

-Балалар сол секілді сендер бір-біріңе мейірімді болыңдар?

-Дене шынықтыру оқу қызметінде кім береді?

-Бақыт апаймен қандай ойын ойнадық?

Бүгінгі ашық оқу қызметін қорытындылай келе балаларды мақтау, мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *