Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші:Дулатбаева Роза Кенесовна

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау.

Көрнекілігі: АКТ

Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Ісіміздің әр кезі, Сәттілікке толсын!

Балалар, от деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От — өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да бар. Өрт біздің жауымыз.

Балалар өрт тілсіз жау. Біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек. Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Тақтаға назар аударту. (видеоролик көрсетіледі)

Тақпақтар:

Әлім:

Өрт жақпа күйесі

Өртеніп жүрерсің,

Сіріңкені ұстама

Бәлеге сен түсерсің.

Темірлан:

Кешір досым қателестім,

Шырпы ұстап көктемеспін

Ата – ананың рұқсатынсыз

Сіріңкеге беттемеспін.

Ханзия:

Алыңдар ұғып балалар

Істері кейде шалалар

Шырпы, оттық, электрге,

Шама келсе жоламаңдар.

Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма жай ғана

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама

Тәрбиеші: Өрттен сақтану туралы бекітіп,балалардың мақал — мәтелдерін тыңдайық.

Сақ жүрсең сау жүрерсің.

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *