Тәуелсіздік – ел тірегі

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Ерсейіт Халия Жақсылыққызы

Ашық оқу қызметі

 

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел тірегі

Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Мәнерлеп тақпақ айтуға, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Көрнекіліктер: Рәміздер, шарлар, жалаушалар, Президенттің суреті, слайд көрсету

 

Тәрбиеші :Құрметті  әріптестер және балалар! 16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық оқу қызметіне қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Болашағы жайнаған бақ тұғыры,

Бұл да болса қазақтың мықтылығы.

Еркіндік, тәуелсіздік аңсаған ел,

Отыз жылға қыр асып шықты міне

 

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

 

Тәрбиеші :Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не?

 

Балалар:Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Отан туралы тақпақтар:

 

Айзере:

Отан- сенің, ата-анаң,
Отан- досың, бауырың.
Отан- өлкең, астанаң,
Отан- аудан, ауылың.

 

Тәрбиеші :Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады? Балалар: Қазақстан.Тәрбиеші :Қазақстан қандай мемлекет?Балалар:  Қазақстан — тәуелсіз,егеменді мемлекет.Тәрбиеші :Президентіміз кім?Балалар: Қасым- Жомарт Кемелұлы ТоқаевТәрбиеші :Еліміздің елордасы қалай аталады?Балалар: Нұр –сұлтанТәрбиеші :Біз қай қалада тұрамыз?Балалар: Алматы қаласындаТәрбиеші:Балалар ,Қазақстан Республикасының рәміздері не жатады?Балалар:  Елтаңба, Әнұран, Ту

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Жания:                                                                                                                                            Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.

Тәрбиеші:Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді .

 

Арлан

Тәуелсіз жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім-  Елтаңбам

 

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 30 жыл болды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Алматы қаласында 1986 жылы орталық алаңда жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова және де басқа жастарымыз ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Өз елімізді, жерімізді қадірлеп қастерлеуіміз керек. Ал енді балалар осындай тәуелсіз егеменді ел болып жүргенімізді слайд арқылы көрейік.

 

Нұртілеу

Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз.

Ата-бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

 

Айсұлу

Тәуелсіздік мақтанышым

Бізге бақыт сыйлаған

Бейбіт күнде мен тынышпын,

Әрбір таңым нұр маған.

 

Фатима

Ұлан байтақ жері бар

Пайдалы қазба кені бар

Тәуелсіз ел- Қазақстан

Көркіне көркі жарасқан

 

Көркем

Қазақ елім, Отаным!

Өзіңсің менің мақтаным

Отыз жылдығың құтты боп,

Ата берсін ақ таңың.

 

Сергіту сәті:

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

 

Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға міндеттісіңдер. Саналы, білімді азамат болу үшін не істеу керек?

Балалар. Еңбек етуіміз керек.

-Біздің қазіргі еңбегіміз не?

Балалар. Оқу!

 

Жапсыру: күн, ту бейнесін әсемдеп жапсыру.

 

Тәрбиеші:Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз- ел тірегі атты ашық оқу қызметі аяқталды. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *