Менің Тұңғыш Президентім!

 

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Омарова Сандуғаш Алтынбековна

Білім беру саласы:Қатынас 

Бөлімі: Сөйлеуді  дамыту

Тақырыбы: «Менің Тұңғыш Президентім!» 

Мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің  Тұңғыш Президенті, Нұрағамыздың  құдіретті  тұлға екенін  жас  ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Отанымызды, туған жерімізді  сүюге, еліміздің  рәміздерін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Елбасы, рәміздер суреттері, «Астана және біздің Президентіміз» презентация,Қазақстан картасы

Сөздік жұмыс: Президент, рәміздер

Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып шаттық шеңберін айтқызу

Армысын көк аспан,

Армысын жер ана.

Армысын жан досым,

Жылуыма жылу қос.

Қонақтармен амандасу:

Үлкендерге бас иіп салем береді

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Олай болса оқу қызметімізді Әнұранмен бастайық

Әнұран (балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші:

-Балалар, біздің ұлтымыз кім?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің Елбасшымыз  кім?

-Дұрыс-ақ, біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

Бізде 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық  Президент сайлауы өтті, онда Қазақстан  Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды..

Балалар экранға назар  аударайықшы.

-Балалар бұл кім?

— Нұрсұлтан  Назарбаев

Тәрбиеші:  Өте дұрыс бұл кісі біздің елбасшымыз бәрімізге ортақ атамыз. Еліміздің  тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев ол да сендердей кішкентай болды. Ата-анасының айтқанын тыңдап, мектепте сабақты жақсы оқып, осындай үлкен  жетістікке  қол жеткізді. Елімізді, жерімізді көркейтті. Егерде  сендерде тәртіпті болып  сабақтарыңызды  жақсы  оқысаңыздар сендерде  Н.Ә.Назарбаевтай  бола аласыңдар. Нұрсұлтан  атамызға  қандай өлен  сөздерін  айтар  едіңдер?

Кәусар:

Сөзбен өрнек өрнейін.

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Басқарған аға Нұрсұлта

Тәрбиеші:

-Балалар мына сурет таныспа ?

Тәрбиеші: Бұл  суртеттерде еліміздің рәміздері бейнеленген. Тудың түсі көгілдір. Ол бейбітшілік белгісі.Тудын ортасында жарқырап шықан күн.Күннің астында қалықтап үшқан қыран құс бейнеленген.Дала құсы – дарқандық пен биік самғау белгісі. Өрнек қазақ халқынын салт – дәстүрін,мәдиниетін және ұлттық өнерін  білдіреді. Күн,қыран құс,ою – өрнек алтын түспен берілген.Алтын түс – молшылық белгісі. Туды өлен жолдарынмен қалай бейнелер едіңдер?

Мансұр:

Туымызғакөгілдір

Бірқарамайөтпейміз

Солкөктудыңастында

Көгеремізкөктейміз.

Раяна:

Ақниеттіаспанкүн

Асқарарманқыраны

Жалауыбұлхалқымның

Мәртебесі,мақтаны.

Нұрәли:

Көкаспандайкөкпенбек

Қазақстанжалауы

Көкеместектен-тек

Елдіңашыққабағы.

Мемлекеттік Туы –Государственный  Флаг

Ал енді балалар мына суретке назар аударайық

Мемлекеттік Елтаңбасы

-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар.

-Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар, күн шеңбері.

Тәрбиеші:

–Иә,өте дұрыс айттыңдар

Балалар шаңырақ бірлікті, татулықты білдіреді, қанатты тұлпар қажымас қайраттың, жеңіске деген жасымас жігердің белгісі. Ал бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі, жолнұсқайтын жарық жұлдызы. Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазуы бар

-Кім Елтанба туралы тақпақ біледі?.

Назерке:

Елтаңбасы елімнің

Неткен айбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әдемі.

Рамазан:

Құт береке шаңырақ

Орын алғанол төрден

Қанатты құс арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Мемлекеттік Елтанбасы – Государственный  Герб

Ту,  Елтанба Әнұран бірсөзбен рәміздер деп айтылады

Рәміздер — Символы

-Кел балалар бойымызды бір жазып алайық

Сергіту  сәті:

Күн болып жанайық,

Мөлдір су болып ағайық.

Гүл болып ашылайық,

Терең, терең тыныс алып

Біз демалып алайық

(балалар орындарына отырады)

Тәрбиеші:

-Балалар біздің бас қаламыз қай қала?

-Астана қаласы.(слайд көрсету)

Тәрбиеші: -Балаларға Астана жайлы,әңгімелеп береді.

Тәрбиеші: -Астана-ол бас қаламыз. Астанамыз қазір үлкейіп, өркендеп келеді. Көшелері кең, онымен көп машиналар, тролебустар, автобустар жүреді.

– Астанада Президенттің сарайы  бар. Президент Н.Назарбаев  сол жерде қызмет істейді, шет ел басшыларын қабылдайды. Мынау Қазақстанын Тұңғыш – Президентінің мұражайы. Ал мына ғибарат Астанадағы  «Нұр — Астана» мешіті. Білесіңдер Астанада ЭКСПО -2017 өті.Мына ғибараттар сол жерде орналасқан Астанада әсем, биік үйлер салынып жатыр, Астанамыз көркейіп  келеді.

-Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?

-Елбасымыздың  аты жөні кім?

— Бас қаламыз қай қала?( балалар сұрақтарға жауап береді

«Туған жерді гүлдендір»ойыны.

(Балалар  алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады)

Тәрбиеші:

–Балалар, Туған жерді гүлдендірер  ұл-қызы міне, сендерсіңдер

— Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті  мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *