Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!

№ 150 бөбекжай балабақшасы.

Тәрбиеші: Ниязбекова Гулим Кемелбаевна.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Ересек «Қошақан» тобы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Шығармашылық»

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!».

Мақсаты: Балалардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Балалардың сақтыққа тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға  жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Көрнекіліктер:

Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер,  фотосуреттерден жасалған стенд.  жол белгілері, транспорт түрлері.

Тәрбиеші :Балалар қараңдаршы біздің оқу қызметімізді тамашалауға қонақтар келіп отыр екен. Қане,бәріміз шаттық шеңберге тұрып келген қонақтармен амандасып алайық.

Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
— Армысың ардақты аспан ата?!
— Армысың мейірімді жер ана?!
— Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар қадірлі қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар :үш

Тәрбиеші:атап беріңдерші? (Наурыз,сіуір,мамыр.)

Тәрбиеші: Қәзір қандай ай?

Балалар:Мамыр.

 

Тәрбиеші: Ал балалар  бүгінгі оқу қызметіміз өте ерекше болмақ. Олай болса мен сендерге жұмбақ арқылы жеткізгім кеп тур. Балалар дайынбыз ба? Жұмбақты шешуге?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар.

1.Жасыл көзі жүр дейді.

Қызыл көзі тұр дейді

Ал, сары көзі дайын бол дейді.Бұл не болды балалар? (бағдаршам).Өте дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші:Балалар қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

Бағдаршамның неше көзі бар? (үш)Қандай? (қызыл,сары,жасыл)

Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші.Қандай көзі жанғанда тоқтаймыз.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар,балалар,бағдаршам туралы біледі екенсіңдер,енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз.

Тәрбиеші:Олай болса балалар бүгінгі ерекше өтілетін оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,аман -есен жүрейік» деп аталады.

Тәрбиеші: Балалар,сендерге қарасам өте әдемі болып тұрсыңдар.Бағдаршамның көзі сияқты қызыл,сары,жасыл киініп алыпсыңдар. Балалар  ендеше орындыққа отырайық.Мен сендерге жол ережесі туралы көрсеткім кеп тур. Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер?

Балалар:Жол жиегіндегі жолдар.

Тәрбиеші: Балалар жолдың арғы бетіне өту үшін нестейміз?

Балалар:Жол тәртібін сақтаймыз.Жаяу жүргіншілер жолымен өтеміз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан үлгілі, тәртіпті бала болып  көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбауымыз керек. Балалар ендеше жол ережелері туралы бейнероликті көрейік.Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін — жүру белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ болыңдар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *