«С» дыбысы және әріпі

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші Мустафинова Жазира Султановна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сауат ашу және жазу»

Тақырыбы: «С» дыбысы және әріпі

Мақсаты: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.

балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.Ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, стикер, түрлі-түсті қарандаш

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

Шаттық шеңбері:

Амансын ба көк аспан,

Амансын ба алтын күн,

Амансынба достарым,

Сендерді көрсем қуанамын!

 

Тәрбиеші:

— Балалар, бүгінгі ашық сабағымызды бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік. Балалар біз өткен сабақтарымызда қандай дыбыстармен таныстық?

Балалар: дыбыстарды қайталап шығады (А, Н, Л, Р, О, Т, У, Ш)

Тақпақтар әріптерге:

Әліби А әріпі

Айерке Н әріпі

Диас Л әріпі

Санжар Р әріпі

Алижан О әріпі

Дияр Т әріпі

Исламия У әріпі

Аружан Ш әріпі

 

— Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла!» ойынын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің атаған дыбысына тез сөз ойлап, допты кері лақтыру керек.

 

Балалар жұмбақ шешейікші:

  1. Затыңды аман сақтайды,

Ішіне адам батпайды. (сандық)

  1. Жаздайінге тығылып, жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып, әкелді әжем бір күні. (сәбіз)

  1. Аяғынан қаз тұрған, қалпағы бар антұрған. (саңырауқұлақ)
  2. Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. (сағат)

 

Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер, өте жақсы.

Тәрбиеші: Балалар осы сөздердін басында қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

Балалар: «С» дыбысын.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі.

«С» дыбысыныңайтылуартикуляциясыментаныстыру.

Ерінезугеқарайтартылып, тіскөрінеді. Тілтістергетиіп, арасынан «с» дыбысықысылыпшығады.

 

— Қане, барлығымызқолымыздыиегіміздіңастынақойып «С»дыбысынайтайықшы.

Барлығыбірге «С» дыбысынқайталапайтады.

-«С» қатаң дауыссыздыбыс (балаларқайталайды).

— Дауыссыздыбыстықандайтекшеменбелгілейміз?

— Көктекшеменбелгілейміз.

 

Тәрбиеші: Балалар С әріпі неге ұқсайды?

Балалар: Ай, орақ, білезік

 

-«С» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.

— Сағат, сәбіз, сырға, сақина, сабын.

 

— Жарайсыңдар, енді сағат, сәбіз деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.

— Са — ғат — екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Сә — біз – екі буыннан, екі дауысты дыбыстан тұрады.

 

Дәптермен жұмыс:

№1 тапсырма Суреттерден «С» дыбысы қай сөздерде кездеседі? Сәйкестендір.

 

№2 тапсырма: Сан, тас, сара, тара сөздеріне дыбыстық талдау жасап, тиісті текшелермен белгілеу.(СТИКЕР), түрлі түсті қарандашпен

 

№3 тапсырма: С әріпін жазайық.

 

Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық,

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық,

Білімде алда болайық!

 

Тіл ұстару жаттығулары:

Са — са — са — ұстапалдыммаса.

Се — се — се — сындынешекесе.

Ес — ес — ес — пышақпеннанкес.

 

Ойын «Дыбыстыанықта».

Ойынныңшарты: Балаларорындарынтұрып, тәрбиеші «а» дыбысынанбасталатынсөздерайтқанкездеқолдарыншапалақтайды, ал «с» дыбысынанбасталатынсөздерайтқанкездеаяқтарынтопылдатады.

 

— Балалар, «С» дыбысынабайланыстытағыбіройынойнапбүгінгіашықоқуіс — әрекетіміздіқорытындылапжіберейік.

 

Ойын: «Кім тез ойлайды?».

Ойыншарты: Үстелүстіндетұрғанзаттардыңішінен, ойынғашыққан бала «С» дыбысынанбасталатынзаттытаңдапалып, атынатаужәнесолсөзгесөйлемқұрау. Ойынғашыққан бала сырғаныалып «Бұлсырға, сырғасөзі — с дыбысынанбасталады. Сырғаныанамтағады» депсөйлемқұрайды.

 

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Балалар: С қатаң, дауыссыз дыбыс

 

Кері байланыс. СТИКЕР, смайлик

 

Тәрбиеші:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

 

Жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *