«Геометриялық пішіндер.Үшбұрыш пен төртбұрышты салыстыру».

Темиргалиева.Гульмира Мусиевна

Қарағанды қаласы.

Алтын сақа бөбекжайы тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

 Білім беру саласы: таным

 пәні: математика негіздері

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер.Үшбұрыш пен төртбұрышты салыстыру».

Мақсаты:геометриялық пішіндер арқылы заттарды берілген классификация бойынша топтастыру (пішінін,өлшемін,көлемін,атауын)танып, ұқсас заттардың жасалу жолдары құрлысына мән беру арқылы салыстыру өмірмен байланыстып,заттың қасиеті туралы білімдерін бекіту..

Білімділік міндеті:үшбұрыш пен шаршы геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тереңдете үйренуде білімдерін бекіту.

Дамытушылық міндеті: танымын, логикалық ойын,сөйлеу және талдау қабілетін,  психологиялық  процесін , бағдарлауын, салыстыруын, зияткерлігін дамыту.

Тәрбиелік міндеті:  белсенді іс-әрекет жасауға,зеректілікке,зейінділікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер:көрсеру,түсіндіру,үйрету,сұрақ-жауап,салыстыру.

Көрнекілікетер: бейне көрініс,слайд, дидактикалық ойын, карточкалар.

Қостілдік компонент: геомериялық пішіндер-геометрические фигуры,үшбұрыш-триугольник,шаршы-квадрат,салыстыру-сравнение.құрастыру-собирать,ұқсас заттарды ата-назави похожие предметы по именам

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері:

  • Мен балдырған баламын
  • Матиматика негіздерін
  • Мен меңгеріп аламын
  • Үшбұрыш пен төртбұрышты
  • Салыстыра аламын.
  • Ата-анамды қуантып
  • Бес жұлдызша аламын.

Әуенді бейне көрініс: «Үшбұрыш пен төртбұшыш неге ұқсайды? »

Ғажайып сәт: Буротиноның келуі.

Карл әкей бізге Буратинодан тапсырмалар жолдапты,олар сандықта оны ашу үшін жұмбақ жасырған екен.(бейне таспа көреміз)

Карл әкейдің тапсырмасы:

Әуенді бейне көрініс :   « Жұмбақтар»

Атына оның  сай балалар                                 Төртбұрышы бар

Үшбұрышы бар,үш жағы бар                          төрт қабырғасы бар

Ол пішінді кім табар?                                       Бұл қай пішін ?

Жауабы:үшбұрыш                                            Жауабы: шаршы

Буратиноның тапсырмасы:

Бейне көрініс:                «бұл не?»

Шарты: көрініс арқылы тапсырманы бірге орындау үшбұрыш және шаршыны ауада салу заттарды  айырып атау.

Буратиноның тапсырмасы: «Ойнайық та, ойлайық!»

1)Ойын шарты:карточкада бейнеленген заттарды салыстыру.геометриялық пішіндерді атауға,салыртыруға жаттықтыру.

Шаршы:(сурет,бас орамал,бет орамал,,рама,түйме)

Үшбұрыш:(қайықтың желкені,ірімшіктің бір тілімі,шашақты орамал,,желпуіш,жол белгі)

2)Ойын шарты:карточкада үшбұрыш пен шаршыға байланысты эталондар берілген

Текше: (сыйлық қорапша,ағаш жәшік,тәтті нан)

Конус:(құлпынай перамида,қолшатыр)

Буратиноның тапсырмасы:  «Таныс пішіндер доминосы»

Ойын шарты:көп заттардың ішінен керекті пішінді тауып(текше мен перамиданы) үстелдің ортасына қою,оған ұқсас заттарды  орналастыру және аттарын атау.

Сергіту сәті: 

                                                  «Отбасы пішіндері»

Ортаға анамызды  шақырамыз

Ортаға әкемізді  шақырамыз

Үшеуіміз қол ұстасып аламыз

Үшбұрыш  болып тұрамыз.

Әжемізді шақырып ортаға

Төртбұрышта жасап аламыз.

Буратиноның тапсырмасы: «Бейнені ата,үшбұрыштардың санын тап!»

Ойын шарты:Суреттегі бейнені атап,неше үшбұрыштан құрастырылғанын анықтау.

Жауабы:үй,шырша,гүл,ит,көбелек.

Қай затқа көп үшбұрыш жұмсалған санап анықта?

Жауабы:үй, ит және көбелекке әрқайсына  8-үшбұрыштан жұмсалған.

Ең аз үшбұрыш қай затқа жұмсалған?

Ең аз  4- үшбұрыш гүлге жұмсалған.

Дәптермен жұмыс. +5

Мысықты  құрастырған үшбұрыштарды  қалай толықтырар едің?бейнедегі мүшелерін атап шық,әрі не жетіспейтінін анықта.

Қостілділік компонент: геомериялық пішіндер-геометрические фигуры,үшбұрыш-триугольник,шаршы-квадрат,салыстыру-сравнение.құрастыру-собирать,ұқсас заттарды ата-назави похожие предметы по именам

Рефлексия.

Балалар бүгін математика негіздерінен қандай тосын сый болды?

-Тапсырмаларды кім әкелді?

-Кімге қандай ойын қызықты болды?

-Математика негіздерінен алған көңіл – күйлеріңді білдіріңдерші.

Бағалау әдістері:бала өзіне-өзі «бас бармақ»көңіл-күй әсерін бағалау

Тәрбиеші: баланы мадақтау,марапаттау жұлдызшамен бағалау

 

Күтілетін нәтиже:

-Геометриялық пішіндер:төртбұрыш пен үшбұрышты салыстыра біледі.

Дидактикалық ойындарды,логикалық сұрақтар арқылы түсініп орындайды

-Пішіндерді қолданып,бейнелерді құрастыруды меңгереді.

Қосымша:

Математиканың логикалық ойындарының негізгі міндеттері:

Кішкентай адамдарды дамыту оның бойында бар және анықталған қасиеттердің түзетілуі,оны шығармашылық ізленіс әрекетіне айналдыру.Бір жағынан еліктеуге мүмкіндік береді.Осындай ойындардың арқасында бала да  психикалық қызметтер дамиды,

Бала мен ата-анамен кері байланыс шығармашылық жұмыстар арқылы ізденіс шығармашылық алаңқай пайда болып,математикалық ұғымдар қалыптасып,өте жақсы  нәтижелер береді.

Танграм басқатырмасы.

Шаршының жеті бөлікке:2үлкен үшбұрыш,1орташа,2кішкентай үшбұрыш,шаршы мен параллелограммнан тұратын ескі шығыс басқатырмасы.

Бұл бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы түрлі жалпақ пішіндер,ұқсас заттардың жиегін,адам бейнесінен бастап,жануарлар мен техникалық құралдардың бейнесін және де сандар мен әрілтерді де жасап шығаруға болады

Танграм-арнайы бір бейнемен басқа одан да қиын пішін жасау үшін қолданылатын бастырма.Бұл ойының барысында жасалу керек пішінің шекарасы     немесе көлеңкесі берілуі тиіс.Бастырманы шешу кезінде екі шартты міндетті түрде орындау керек:біріншісі-танграмның барлық жеті бөлігі қолданылуы керек,екіншісі-пішіндер  үстін баспау керек

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *