Тарих ғылымының қарашаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті – отандық және шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі мен ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану саласында жоғары дәрежелі маман дайындау ісінде еліміздегі көнекөз, ең мықты, бәрі мойындаған орталық болып табылады. Қазақстанның көптеген ғылыми, саяси, қоғамдық және іскер элитасы тарих факультетінің түлектері.

Тарих факультеті республикада алғашқылардың бірі болып Phd докторантурада тарих, дүние жүзі тарихы бағыттары бойынша мамандар дайындай бастады. Ең бастысы, Phd докторанттардың алыс шет елдердің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарында тәжірибеден өтуі қарастырылған.

Тарих факультеті алыс және жақын шет елдермен кең түрде халықаралық ғылыми байланыстар орнатуда. Шет елдердің ғылыми және білім беру орталықтары Қазақстанның тарихы мен тарих ғылымына үлкен қызығушылық танытып отыр. Факультет ғалымдары мен студенттері Ресей, Италия, Голландия, Франция, Германия, Түрік, Жапон, Қытай және т.б. елдердің мамандарымен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірлескен экспедицияларға қатысады. Сонымен қатар, PhD докторларын дайындау барысында міндетті түрде алыс шет елдерден қосымша жетекші шақырылады. Факультетте «археология және этнология» ғылыми-зерттеу орталығы, палеолит мұражайы, ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан археологиясы мұражайы, этнография мұражайы, тас дәуірінің лабораториясы, камералдық өңдеу лабораториясы қызмет етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің

2-курс магистранты Көшербаева Жадыра Бекзатқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *