Күміс қанат ұшақтар

Бөлім: Ғарышқа саяхат
Мұғалімнің аты-жөні Касенова Раушан Толеуғазыновна
Күні: 12.04.2021
Сынып:4-А Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Күміс қанат ұшақтар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

4.2.6.1 Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақтың мақсаты Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіріп, мәтінді талдай отырып жеткізеді

Кейіпкер сезімін болжай алады.

Өз ойларын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетеді.

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтыңкезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының

әрекеті

Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин

Психологиялық дайындық.

Қызығушылықты ояту

Сабаққа  дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

Мәтіндегі Тоқтардың отбасын сипаттап жаз.

Мысалы, Оңғарбай – …

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

–Бала Тоқтардың отбасы туралы әңгімеле.

–Баланың есімі неліктен «Тоқтар» деп қойылған?

 

Ұшақтардың  қандай  түрлерін  білесің?

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Сабақтың мақсатын айқындау.

Кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен  тауып, салыстырып бағалау

1.      Ширату жаттығуын орындайды.

2.      Мағыналы  сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді.

«Ауызша мадақтау» әдісі

 

 

 

 

 

 

 
Сабақтың ортасы

30мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Түсініп оқы» айдары    Оқушылар кезектесіп «Сынақшы-ғарышкер» әңгімесін  нақышына келтіріп, мәнеріне сай  дауыс екпінімен оқиды.

-Мәтіннен  сынақшы-ұшқыш  болудың  қиындығы  суреттелген  бөлігін  тауып,оқы.

-Тоқтар  басына  түскен  қиындықты  қалай  жеңе  білді?

-Кейіпкер «қиындыққа  қарсы  тұра  білдік» дегенді  қалай  түсіндіреді?

Саралау «Қарқын» тәсілі арқылы жүргізіледі.

Қарқынды оқушыға:

Болжа

Қауіптен аман қалған ұшқыш не ойлауы мүмкін?

Оқушылардан  әр  түрлі  жауап  күтіледі.

«Жаңа  сөздер  сандығы»  айдары   .

Қапыда-кенеттен,күтпеген  жерден,аяқ  астынан

Мәртебесі-беделі,абыройы

«Салыстыр»

Өз  болжауыңды  мәтіндегі  ұшқыштың  сөздерімен  салыстыр

 «Бағала»

-Сендерге  Тоқтардың  бойындағы  қандай  қасиеттері  ұнайды?

«Сипатта» айдары  бойынша

Соңғы  абзацты  оқып, Тоқтардың ерен  ерлігін  сипаттап  айт.

«Сәйкестендір»

Кестенің  1-бөліміндегі  сөздердің  мазмұны  2- бөліміндегі  қай  сөзге  сәйкес  келеді?

«Қорытындыла» айдары

Қиындықты  шешу  үшін  адамға  қандай  қасиеттер  қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескрипторы:

Өз  болжауларын  салыстырады.

Дескрипторы:

Оқушылар  берілген  сөздерді  сәйкестендіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

 

ҚБ: 1-10 балдық жүйе.

 

 

 https://www.youtube.com/watch?v=WbZyyE10Fro
Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы: Сынақшы-ғарышкер 26-бет оқу,әңгімелеу Т.Әубәкіровтің  өмір  жолын сызба  бойынша  жалғастырып айт..

 

Рефлексия.  «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Рефлексия жасайды.    

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *