Біз өсіп жатқан өлке
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Бөлім: 4 | Әсемдік әлемінде | |
Педагогтің
аты-жөні |
Чулгауева Светлана Какановна | |
Сынып: 2 | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: |
Сабақтың тақырыбы №26 | Біз өсіп жатқан өлке | |
Оқубағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары |
Өз өлкесінің мәдени құндылығы мен шабыттың қайнар көзі ретінде табиғат туралы түсініктері бар.
|
|
Құндылық: | Сүйіспеншілік | |
Қасиеттер: | Жауапкершілік,қамқорлық,отансүйгіштік | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға еліміздің тарихына құрмет танытып,бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды үйрету арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. | |
Сабақтың міндеттері:
|
-Оқушыларға «Отан», «Туған жер» ұғымы туралы түсінік беру;
-Оқушылар бойындағы бауырмалдық,қамқорлыққасиеттерін дамыту; -Оқушыларды отансүйгіштіккетәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
(1мин) 1.Жағымды көңіл күй (1-1,5мин)
|
Мұғалімоқушылардыңсабаққақатысуынтексереді.
Оқушылармен 5 «Т» ережесін еске түсіреді. Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді. |
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар 5 «Т» ережесін еске түсіріп, нұрға бөлену арқылы, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді. |
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,
Ф. Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы |
2. Алдын ала берілгенүйтапсырмасынтексеру (әңгімелесу)
(3-5 мин) |
Оқулық №26-сабақ.«Бауыржан Момышұлы» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар: 1.Отанды сүю неліктен үй ішіңнен, отбасынанбасталады деп ойлайсыңдар? 2.Отанға сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады? |
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларОтанды сүю үй ішінен,отбасынан бастау алатындықтарын түсінеді. | Оқулықтың
86-87 беттері |
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)
(2-3мин) |
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас. Сұрақтар: 1.Әр адамның туған жері неліктен ыстық көрінеді? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
Мұғалім оқушыларға дәйексөзді оқып беріп, бірнеше рет қайталатады және дәптерге жаздырады. |
Оқушылар нақыл сөздің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.
Сұрақтарға жауап беру арқылы туған жер ұғымы туралы түсініктерін кеңейтеді. |
Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиғаларайту (әңгімелесу)
|
Мұғалім оқушыларға «Еңжақсымекен» мультфильмін көрсетеді.
Сұрақтар: — Мультфильмдегі басты кейіпкерлер кім? — Олар саяхатқа қандай мақсатпен шықты? — Қандай жерлерге барды және кімдерді кездестірді? — Өздеріне туған өлкелерің несімен ұнайды? — Өздерін Отанды қалай қорғап, көркейтесіңдер?Әңгімелеп беріңдер. |
Оқушылар мульфильмді көргеннен кейін, сұрақтарға жауап бере отырып, туған жердің адам баласы үшін ыстық, құнды екенін түсіне отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашады. | https://youtu.be/mXWoErXCJsk |
5.
Шығармашылықжұмыс
|
Мұғалім оқушыларды шығармашылық тапсырма орындату мақсатында «Суретшілер», «Тарихшылар» және «Ақындар» атты топтарға бөледі.
1-Суретшілер тобы: Өздерінің туған жері көрікті, әсем жерлерінің суретін салу; 2-Тарихшылар тобы: Өз туған өлкесі туралы мәліметтер әзірлейді; 3-Ақындар тобы: Туған өлке туралы 5- жолды өлең құрастыру |
Оқушылар тапсырмаларды орындап, сыныпқа таныстырады.
Шығармашылық тапсырманы орындау барысында оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігі арта түседі.Туған жерге деген қамқорлығы артып жауапкершілікті сезінеді. |
Презентация,
слайд,жұмыс дәптері, баяу әуен қойылады.
|
6.Үйтапсырмасы | Келесі сабақ №27, Кеңес Оразбекұлының «Үзілген гүл» мәтінін оқып келу. | Оқушылар үй тапсырмасын жазады | Оқулықтың
90-93 беттері |
7.Топпен ән айту
|
Мұғалім оқушылармен бірге «Елімізді сүйеміз» әнін бірге шырқайды. | Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. | Оқулық
88-89 беттер. . |
8.Сабақтыңқорытындысәті
|
Тыныс алуға зейін қою.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
Оқушылар рефлексия жасайды | Баяу композиция қойылады |