Бір тізбекті моншақтан білезік тоқу.

Раханова. Индира. Уркербаевна.

Мақсаты:  Бүгінгі өскелен  уақыт талабына сай  оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.  Оқушыларға макраме әдісімен  білезік тоқуды үйрету.

Дамытушылық: Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін дамыту, білезік тоқуға қызығушылығын ояту. Қолөнермен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздік ережесін санасында ұстауға ықпал жасау, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Еңбек мәдениетінің дағдыларын: жинақылыққа, ұқыптылыққа   тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі:  теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,моншақтар, суреттер жіптер,дайын жұмыстар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Гүл өсірсен терлеп,

Мұның аты еңбек,

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

 

 Жаңа сабақ

Шамбала білезік –тек қана әдемі  зергерлік бұйым емес,оның кереметтігі  оған моншақтардың, тастардың макраме әдісімен тоқылуында.

Әлемде  үлкен көлемде білезіктерді неше түрлі тастармен жасайды. Білезікке тастарды қандай да бір мақсатпен таңдау керек.

Бүгін біз шамбала білезігінің ең қарапайым түрі бір тізбекті моншақпен білезік тоқимыз.

Тоқуға қажетті құралдар: 2м қалың жіп, 70см-ден 2жіп,30см қысқа жіп ж/е қайшы, желім,желімі бар қағаз.

  • Үш жіпті біріктіріп түйіндеп аламыз, ұштарын 5см қалдырып, бұл түйін кейінірек шешіледі, сондықтан, қатты түйіндеп керек емес.
  • Тоқуға өте ыңғайлы болу үшін жіптердің ұшын желімі бар қағазбен жапсырып қоямыз.
  • Тоқу үшін тоқу тәсілініңбір ғана тәсілін қолданамыз яғни квадрат байлау тәсілі.
  • Квадрат байлау тәсілін тоғыз рет қайталап тоқимыз.
  • Ортаңғы негізгі жіпке 1 моншақ тіземіз де 3-4 квадрат байлау тәсілін байлаймыз. Сол сияқты бірнеше моншақ тізіп, бірнеше байлам жасаймыз.
  • Тоқуды тоғыз квадрат байлау тәсілімен аяқтаймыз.
  • Енді бізге желім қажет болады, өте ұқыптылықпен жіптердің ұшына желім жағамыз да, негізгі жіпті қалдырып қалған жіптерді қырқып тастаймыз.
  • Білезікті қолға таққанда ыңғайлы болу үшін, ары-бері жылжып тұратын байлам жасаймыз. Ол үшін, жеке 20-25см болатындай жіпті білезікке квадрат байлау тәсілімен байлаймыз.

 

Бекіту.

1 Бір тізбекті моншақпен білезік тоқу үшін не қажет?

2 Білезік тоқуда қандай тәсіл қолданамыз?

3 Білезік қолға ыңғайлы болу үшін не істеу керек?

 

Қорытынды.

1 Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік, нені білдік?

2 Сабақ сендерге ұнады ма?

 

Үй тапсырмасы.

Жұмысты аяқтап келу ж/е басқаша білезік тоқып үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *