ХИМИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

ХИМИЯ ПӘНІН АҒЫЛШЫНША ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.

«Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемнің көптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.

Ендеше бүгінгі қарыштап дамып келе жатқан тәуелсіз елімізді көркейтетін де, дамытатын да алдымыздағы тәрбиелеп отырған ұрпағымыз. Осы ұрпақтың саналы, білімді болып шығуы ұстазға байланысты. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», — деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан талапқа, өзгеріске қай уақытта да ұстаз дайын болуы керек. Осы орайда өз тәжірибемнен химия пәнін оқытудағы тиімді жолдармен бөліспекшімін.

Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген. Нақты пәндерді шетел тілінде қалай оқыту әдістемелік мәселелері бойынша шетелдік зерттеушілер CLIL әдісін ұсынып, қазіргі уақытта пән мұғалімдері талқылап, сабақтарын да үйлестіріп жатыр. Алайда, аталмыш әдіс жаңа деп атауға келмес, себебі, пәндік байланыс, бір сабақтың көлемінде әр алуан пәндік мазмұндағы білім, өмірмен байланыс шетел тілі сабақтарында қолданады. Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Менің факультативтік курс бағдарламамда оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін тереңдету арқылы бейорганикалық химия бөлімі бойынша алған білімдерін, негізгі ұғымдар мен терминдерді, химиялық тілін ағылшын тілінде меңгерту үшін сөздік қорларын молайтып, тілдік орта қалыптастыру. Химиялық түрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және көптілді, креативті, шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту —  менің басты мақсатым. Курстың міндеттері:

  • бейорганикалық заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
  • химиялық терминологияны, химиялық заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
  • заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
  • алған химиялық теориялық білімдердің жиынтығын есептер шығару кезінде пайдалана білу дағдысын дамыту;
  • химиялық сипаттағы негізгі ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде білуге үйрету;
  • көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
  • өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
  • негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың құрамы, құрылысы, қасиеттері жайында теориялық білімді игеріп, өмірлік мәселелерді шешуде сауатты қолданады; заттардың химиялық формулалары және реакция теңдеулері негізінде сандық және сапалық есептер шығарады; бейорганикалық химиядан негізгі ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде біледі; ағылшын-қазақ тіліндегі мәтіндермен, сөздіктермен дербес жұмыс жасай алады, оқушы бойында танымдық қызығушылығы мен интеллектуалдық қабілеттіліктері дамиды.

Қорытындылай келе, бүгінгі білім беруде мұғалім барлық оқушыларды қамтамасыз ететін ахуалды қалыптастырып, оқушылардың дағдыларын дамытуға бағыттаған тапсырмалар мен белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын, өз іс-әрекетін талдап, баға беретін тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайды. Бұл үшін әр мұғалім «білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді» деген ұлағатты сөзді үнемі жадында ұстауы қажет.

Сонымен CLIL әдісінің мазмұны мен құрылымы ғылыми педагогикалық зерттеулерді қажет етеді. Себебі, отандық білім беру жүйесінде бұл әдіс инновациялық, жаңа бағыт әрі көптілді білім беру жүйесінің моделін толықтырып, үйлестіреді. Осылайша үш тұғырлы тілді дамытып, жетелей берсек, ұядан ұшқан балапандарымыз биікке самғайтын қыран боларына кәміл сенемін.

 

Мөлдір ДАУЫЛБАЕВА,

«Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ,

химия пәні мұғалімі.

Жаңаарқа ауданы.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *