Қоршаған орта сабағынан технологиялық карта

Сабақтың технологиялық картасы

 

 

Білім саласы:  Таным

Пәні:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Заттар әлемі

Мақсаттары: Заттар әлемі туралы түсініктерін бекіту.Заттардың адам өміріндегі маңызы туралы көзқарастарын кеңейту.Балаларды айналадағы қоршаған ортаға танымдық қызығушылықпен қарауға баулып,аялауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: «Қоршаған ортамен таныстыру.Экология» әдістемелік құралы,Алматыкітап, 2014ж., демонстрациялық материалдар: сағат, айна, сөмке, машина, ыдыс-аяқ,түйме, киім,ойыншықтар, қайшы,жұмыс дәптері,фломастер. Шәйнек, екі саптыаяқ, су

Сөздік жұмыс: табиғи заттар

Билингвалдық компонент: зат – предмет, табиғи заттар, природные материалы

Тәсілдер

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті

 

 

Мотива

циялық-

қозғаушы

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, «Төртінші — артық» деген ойын ойнайтынымызды хабарлау, ойын ережелерін түсіндіріп, содан соң ойнату.

Ойын шарты: Төрт заттың атауын айтамын да, балалардың біреуіне доп лақтырамын.Бала аталған заттардың қайсы артық екенін тауып айтады.Мысалы:

1.      Үстел,орындық, төсек,шәйнек.

«Шәйнек» артық, өйткені басқалары жиһаз атауылары, ал шәйнек болса – ыдыс,

2.      Шырша, қайың, емен, құлпынай

3.      Доп, қуыршақ, зырылдауық, орындық

т.с.с. сөздер қатарын айтамын

 Балалар допты қағып алып, аталған сөздер арасынан артығын тауып,түсіндіруге тырысады. Ол үшін ойын шартын мұқият тыңдайды.

1.      Шәйнек артық, ол ыдыс

2.      Құлпынай артық, ол жидек

3.      Орындық артық, ол жиһаз,

Деген сияқты жауаптар келтіруге тиіс.

 

 

Іздену-

ұйымдас

тырушы

1.      «Жұмбақ жасыру» д/ойыны

а/. Әншейінде жекесің, қарай қалсаң екеусің

ә/.Кесе,шыны, пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді.

Олардың атын не дейді?

б/.Бес ін, бес іннің аузы бір ін

2.      Суреттермен жұмыс.

а/.Суреттегі заттардың атауларын айтқызу

ә/.Қай зат не үшін қажет? Екенін сұраймын

б/.БК: Балалар, осы сөзді орысша айтып көрейік:

зат – предмет,

табиғи материалдар – природные материалы

3.      Сұрақ – жауап

— Заттарды кімдер жасайды деп ойлайсыңдар? Неден жасайды?

-Материалды қайдан алады?

-Өте дұрыс, ендеше кез келген бір заттың жасалуына тоқталайық,балалар.Мысалы: Ағаш.

Ағаш табиғатта өседі.Ағаштан көптеген заттар жасалады.Жетекші сұрақтар:

-Ағаштан нелер жасалады?

-Күнделікті көріп жүрген үй жиһаздарын естеріңе түсіріңдерші.Олар неден жасалады?

-Ағаштан жасалған тағы қандай заттарды білесіңдер?

-Күнделікті көріп жүрген үй жиһаздары неден жасалады?

-Үй құрылысына ағаш керек пе?

4.Балабақша.Осы жер.Осы топ.

Сұрақ: Балалар, айналаға қарайық.Бізге  қандай заттар қажет деп ойлайсыңдар?

Заттарды зерттеу:

-Неден жасалған?

-Түсі қандай?

-Пішіні қандай?

-Бедері қандай?

*Ойыншық, ыдыс, оқу құралы ма? Бірнеше заттарға назар аударыладыОларға талдау жасаймыз.

Қорытынды: Балалар,бізді қоршаған ортаның бәрі – заттар. Олар табиғи заттар /ағаш/ немесе адам қолымен жасалған /шыны,пластмасса/заттар болып екі топқа бөлінеді.Табиғи заттар – табиғи денелер деп аталады.Барлық заттардың қасиеттері мен құбылыстары бірдей емес.Мысалы: Су деген табиғи зат сұйық,қатты мұз немесе бу күйінде болады.Судың 3 күйінің суреттерін көрсету.

Тәжірибе: а/.Судың дыбысын естірту.Екі саптыаяққа кезек-кезек алмастырып, балаларға судың сыбдырын естірту.Ол қайтеді? Су сендерге не деп жатқанын білесіңдер ме? «Нұрали жыламасын, біз – «Бөбектер» тобы емеспіз» дейді. «Дархан тамақты көп жесін,әйтпесе бойы өспейді,жарай ма?» дейді.

ә/. Тефаль шәйнекке балалардың көзінше су құйып, тоққа қосу. Шәйнек қатты қайнағанда біраз су буға айналып бөлме ішінен тарап кететінін бақылату.

 Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымыздан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үлкен болып өседі

5.Киімді бізге кім берді? Ол қалай,кімдердің қолымен жасалады? Осы туралы әңгімелеп беремін.

«Топтастыр» д/ойыны.Мақсаты:Балаларды айналадағы заттарды материалына, түсіне немесе қажеттілігіне қарай топтастыра білуге үйрету .Толық жауап беруге үйрету. Ол үшін қосымша сұрақтар қою,атауларын қайталату.

Дәптермен жұмыс:Тапсырмаларды қалай орындау керегін түсіндіру.Жекелей жұмыс: Дарын,Жансая, Шуақ.

Шешулері:

а/.Айна

ә/.Ыдыс

б/. Қолғап

 

 

 

Балалар суреттегі заттарды атайды,олардың қажеттілігіне тоқталады.Мысалы: айнаға қарап бет-әлпетімізді түзейміз, сағатқа қарап уақытты білеміз, т.с.с.

Балалардың жауаптары:

—          Оларды үлкен адамдар жасайды

—          Табиғаттан алады.

*Балалар ағаштан жасалатын заттарды атайды.

Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

*Балалар көрнекілік ретінде алынған заттарды қарастырып,тәрбиешімен бірге зерттейді.Мысалы:

«қайшы» — басы темірден,сабы пластмассадан,екі псізышаққа ұқсайды,бедерсіз. «ыдыс-аяқ» — шыныдан жасалған, жылтыр,бедерсіз,ақ түсті,пішіні дөңгелек, т.с.с.

 

*Балалар судың түрлі күйлерінің суретін көреді.

Тәжірибені тамашалайды.Ал маған су не дейді? Деп кейбірі сұрайды. Судың буға айналуын, будың бөлме ішіне біртіндеп тарап кетуін тамашалайды

 

 

Балалар сергіту жаттығуының қимылдарын біріге орындайды.

 

«Топтастыр» ойыны.

1.Тәрелке, пиала,тостаған – ыдыстар,олармен тамақ ішеміз

2.Төсек,кресло,үстел,орындық – жиһаздар, ұшақ,пойыз, машина, автобус – көліктер

 

Балалар өздігінен,достарының   көмегімен тапсырмалар орындайды

Рефлек

сивті – коррек

циялаушы

 

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

-Осы сабақтың қай жерінде қиналдыңдар? Мен сендерге рахмет айтамын, бәрің өте тырыстыңдар.

*Ал енді осы қоршаған ортадағы кез-келген зат сендерден қамқорлық күтеді.Гүл болса,сендердің су құйғандарыңды күтеді,ойыншықтар «сындырмай ойнаңдаршы» дейді.

Енді заттарды күтіп ұстау ережелерін бірге еске түсірейік.

1.      Киім күтімі

2.      Оқу құралдарын күту, т.б.

Балалар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

 

 

*Заттарды күтіп ұстау ережелерін естеріне түсіріп,бірігіп бір-бірінің жауаптарын толықтыра жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Берілген тапсырманы орындау арқылы заттардың қасиеттерін анықтайды, қорытынды жасайды.

Түсінеді:

Заттарды күтіп ұстау қажеттілігін,ұқыптылықтың маңызын.Қоршаған ортадағы заттардың барлығы адамның тұрмысы мен тіршілігіне қажет екенін, оларға қамқорлық керектігін

Қолданады:

Сабақта көптеген көрнекі суреттерді, айналада қоршаған барлық заттарды, заттар туралы «адамның қолымен жасалған» немесе «табиғи заттар,яғни табиғи денелер» деген түсініктерді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың технологиялық картасы

 

Білім саласы:  Әлеуметтік орта

Пәні:   Қоршаған орта.                                                                          

Тақырыбы:  Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік

Мақсаттары: Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшіліктерін түсіндіру. Үйде, көшеде,балабақшадаақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы өз өмірлеріне,денсаулықтарына деген сезімдерін тәрбиелеу.Қауіпті жағдайларды ескере отырып,үлкендердің айтқандарын тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қауіпті жағдайлар суреттері, жұмыс дәптер,ойыншық немесе құрал-саймандар /шеге, ине, қайшы/, доп.

Сөздік жұмыс:қауіпсіздік

Тәсілдер

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті

 

 

Мотива

циялық-

қозғаушы

Балаларды шеңберге тұрғызу.

«Танысайық!» атты д/ойынын ойнату.Бір балаға доп лақтырамын да, сұрақ қоямын:

-Балалар, бұл баланың аты кім?

… Ойын осылай жалғасады.

 Менің лақтырған добымды бір бала қағып алады.Қалғандары хормен оның атын атайды

 

 

Іздену-

ұйымдас

тырушы

Сақтанышпен әңгімелесу:

Қонаққа Сақтаныш келеді.Оның қолы байланып тұр.- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Менің атым – Сақтаныш.Мен балабақшаға қарай қатты жүгірем деп, қолымды жарақаттап алдым, — дейді.

-Сақтаныш, сен қатты жүгіруге болмайтынын білмеуші ме едің?

2.Ендеше,балалар, кәне, бәріміз бірігіп Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін үйретейік. Сендер қандай ережелерді білесіңдер?

*Иә,балалар, әр уақытта түрлі қауіпті оқиғаларға тап болуларың мүмкін.Бүгінгі сабақта сондай жағдайларды және одан шығу жолдарын қарастырамыз.Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін екен?Бірге көрейік. Суреттермен жұмыс: Ондағы жағдайларды бірігіп талдау жасау.

*Жағдаяттар шешу.

№1.Балалар, көз алдарыңа елестетіңдерші.Сендер үйде жалғыз отырсыңдар.Танымайтын бір әйел адам келіп есік қағып,ашуыңды өтінді. Не деу керек?

№2.Үйде ойнап отырғанда кенеттен өрт шықты.Не істейсіңдер? Осы кезде Сақтаныш «мен айтайыншы» деп тілек білдіреді.

-Айта ғой,Сақтаныш.

-Апай,мен төсектің астына тығылып қаламын,-дейді.

-Балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па? Жоқ.

«Телефонмен 101 телефонына хабарлау»

«Жақсы — жаман» д/ойыны.

Ортадағы үстел үстіне балға,балта, сіріңке, шеге,қайшы,ине қойылады.Шарты:Балалар, мына заттар адам өмірінде күнделікті көптеп қолданылады.Қазір   бұл заттарды бір-бірлеп алып, оны не үшін және қалай пайдалатынымыз туралы әңгімелесеміз.Олардың пайдалы жақтарын және қауіпті жағдайларын айтамыз.Мысалы:

1.      Ине.Ол жақсы,себебі — онымен жыртықты тігеді, түйме қадайды.Ол жаман,себебі байқамаса қолды пісіп аладығауыртады,қан шығарады.

2.      Балға.Ол жақсы,онымен шеге қағады.Қолды ұрып алсаң,жаман.

-Бұл заттардан зардап шекпеу үшін оларды ұқыпты пайдалану керек.Түсінікті ме?

Сергіту сәті:

Орнымыздын тұрайық

Алақанды ұрайық.

Бір отырып,бір тұрып

Біз тынығып алайық!

Сақтанышпен әңгімені жалғастыру:

-Сақтаныш,сен қолыңды қалай жарақаттап алдың?

-Не үшін жүгірдің?

Асығу өте қауіпті,баратын жерге жүгірмей бар.

-Ал,Сақтаныш,балабақшада қай кезде жүгіруге болады деп ойлайсың?

-Балалар, мүмкін сендер оған көмектесерсіңдер?Біз сендерге күнделікті бірнеше ережені қайталап отырамыз ғой.Сол ережелерді Сақтанышқа үйретіңдер!

Дәптермен жұмыс:Тапсырма орындату.Жекелей жұмыс: Дархан, Гүлнара,Жансая

Балалар Сақтанышпен амандасады.

Сенің қолыңа не болды? – деп сұрайды.

* Балалар өз сөздерімен жауап береді.

2.Суреттерді талқылау барысында балалар мынадай жауаптар беруі керек:

— Сіріңкемен ойнама.Үйден өрт шығуы мүмкін.

-Қатты жүгірсең, құлап жараланасың

-Сынған шыныны ұстама, қолыңды кесіп кетеді

-Жылан шағып алуы мүмкін.

 

Жағдаяттардың жауаптары:

№1.

Біреу ашамын,біреу ашпаймын дейді.

Тиісті жауап – «Ата-анаң үйде жоқ болса ,есікті ешкімге ашпа!»

 

№2.

Өрт шыққан жағдайда телефон шалу тиіс номерді қайталап айтады: 101.

 

 

Балалар «Жақсы-жаман» д/ойынының шартымен танысады,ойын ретін түсініп алады.

Балалардың түсіндірмелері:

3.      Балта жақсы,онымен отын жарады.Бірақ қолды,саусақты шауып алса,жаман.

4.      Шеге.Ол жақсы.онымен екі затты біріктіреді,шегемен қағып тақтайдан жиһаз жасауға болады.Бірақ денені жарақаттап алсаң,жаман

5.      Сіріңке.Онымен от жағып,тамақ істейді,пеш тұтатып үй жылытады.Бірақ өрт шығуы мүмкін – жаман.

Балалар сергіту жаттығуын жасайды

Сақтаныштың жауаптары:

Мен апайды тыңдамай жүгіремін деп құладым

-Асықтым!

Балалар ережелерді еске түсіреді:

1.Қол жуатын жерде бір-бірін итеріп ойнауға болмайды,тайып құлауың мүмкін.

2.Тамақ ішкен кезде сөйлемеу керек,қақалып қаласың

3.Қол еңбегі сабағында қайшыны байқап қолдану керек.

4.Терезеге,шкафқа, биікке орындық қойып өрмелеуге болмайды, құлап жараланасың.

5.Есікпен ойнасаң,қолды  қысасың

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлек

сивті – коррек

циялаушы

 

Өте жақсы,балалар, бұл ережелерді тек қана балабақшада емес, үйде де есте сақтаңдар!

/Сақтаныш сыбырлайды/

-Балалар, Сақтаныш бәрін де түсініпті.Ол қоштасып кетер алдында сендерге өлең оқып бермекші,тыңдаңдар:

Балалар Сақтаныштың өлеңін тыңдайды және онымен қоштасады

Ойна,балам, болмай алаң,

Ештеңеден қауіптенбей.

Қауіпсіздік ережесін

Барлық жерде сақтай білгей!

                                                     Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ойын шарттарын орындайды

Түсінеді:Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын,қоршаған ортаға бейімделу қажеттілігін түсінеді.

Қолданады: Ойын барысында құрал-саймандарды, жұмыс дәптерлерін, түрлі жағдаятты суреттерді,допты қолданады.

 

 

 

Сабақтың технологиялық картасы

Білім саласы:  Таным

Пәні:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Елімнің рәміздері

Мақсаттары:  Еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру.Әр рәміздің мән-мағынасын түсіндіру арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамыту.Өз елінің тарихын білуге деген қызығушылықтарын ояту,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Қоршаған ортамен таныстыру.Экология негіздері» әдістемелік құралы, Алматыкітап,2014, мемлекеттік рәміздердің суреттері, кішкентай көгілдір ту, Әнұранның аудиожазбасы.

Сөздік жұмыс:  рәміздер

Билингвалдық компонент: елтаңба – герб, ту-флаг, әнұран – гимн.

Тәсілдер

Кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті

 

 

Мотива

циялық-

қозғаушы

«Табиғат құбылыстары» ойыны.

Шарты: Табиғат құбылыстарын кезек-кезек атаймын.Мен әр құбылыстарды  атаған кезде алдын ала көрсеткен қимылдарын балалар келтіруге тиіс.Мысалы: «Жаңбыр» десем, үстел үстін саусақтарымен тықылдатады, «Жел» десем, қолдарын жоғары көтеріп,шайқалтады

Балалар ойын шартымен таныс болады,ойынды жалғастырады.
 

Іздену-

ұйымдас

тырушы

Кіріспе:Балалар, біздің еліміз – Қазақстан Республикасы деп аталады.Әр мемлекеттің өзіндік рәміздері болады.Мысалы: ту, елтаңба, әнұран.

а/. ҚР – ның Мемлекеттік туы көгілдір түсті.Мемлекеттік тудағы көгілді түс Қазақстан халқының жеке мемлекет болуға ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын,асқақтығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Қанатын жайған қыран құс – билік пен айбындылық белгісі.

ә/. Елтаңба – ҚР – ның негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі.Елтаңбаның негізгі бөлігі – шаңырақ.Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі,отбасының белгісі.Қанатты тұлпар – ұшқыр арманның,талмас талаптың,асыл мұраттың,жақсылыққа құштарлықтың көрінісі.Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін,рухани байлығын көрсетеді.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі сияқты.Әрбір адамға жол нұсқап тұратын жарық жұлдыз.

б/. Мемлекеттік Әнұранның жазбасын  қосамын.Балалармен бірге қосылып Әнұранды орындаймыз.

Сұрақ-жауап:

1.Рәміздер нені білдіреді?

2Мемлекеттік белгілерді қайда,қандай жерге ілінеді?

Осы сұрақтарға жауаптарды мен берейін,балалар.

Рәміздер – сол елдің белгілері.Мысалы: Үлкен теңізде,мұхиттарды көп кемелер жүзіп жүреді.Кеме қай елдікі екенін білдіру үшін өз туын іледі.Спорттық жарыстарда,олимпиадада жеңімпаз спортшылардығ құрметіне сол елдің туы көтеріліп, сол елдің әнұраны орындалады.Көптеген елдерде Қазақстанның елшіліктері бар, сол ғимараттардың төбесінде Қазақстанның туы желбіреп тұрады.

3.Мемлектіміздің рәміздерінің авторларын кім атай алады? Кәне, бірге қайталайық:

Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков,Шота Уәлибеков.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

Әнұранның авторлары:музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазғандар Н.Ә:Назарбаев, Ж:Нәжімеденов

Сергіту сәті:

Біз Отанды сүйеміз,

Біз Отанға адалмыз,

Көгілдір ту иеміз,

Қалай жасық боламыз?!

Дәптермен жұмыс: Жұмыс дәптерінің тапсырмасын түсіндіру,орындалу ретін түсіндіру.Жекелей жұмыс: Жанболат, Шуақ

Балалар қайталайды: ту, елтаңба, әнұран.

 

Балалар тудың суретіне және тудың кішкентай үлгісіне қарап, сипаттамасын түсінеді.

 

 

Алдымен елтаңбаның суретінен не көріп тұрғандарын атайды,содан соң сипаттамасын тыңдайды.

 

 

Балалар қолдарын жүрек тұстарына қойып, Әнұранды ілесіп орындайды.

 

 

 

 

Балалар өз білгендерінше жауап береді және түсіндіруді  тыңдап,ұғып алуға тырысады.

Балалар ҚР Мемлекеттік рәміздерінің авторларының аттарын бірнеше рет қайталайды.

Елтаңба авторы: Ж. Мәлібеков,Ш. Уәлибеков.

Тудың авторы: Ш. Ниязбеков,

Әнұранның  авторлары:музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазғандар Н.Ә:Назарбаев, Ж:Нәжімеденов.

Балалар осы сергіту өлеңіне сай қолдарымен қимылдар жасайды.

*Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлек

сивті – коррек

циялаушы

 

1.Балалар, еліміздің қандай рәміздері бар екен?Оларды атаңдар.

2.Кәне, Елтаңбаны бірге сипаттайық.

3.Туды кім сипаттап бере алады?

4.Әнұран қай кезде орындалады?

5.Ту қандай жерлерге,қай кезде ілінеді?

6.Рәміздердің авторларын бірге атап берейік?

Балалар қорытындылау сұрақтарына ұйымдаса жауап береді.Олардың жауаптары толықтырылады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Еліміздің рәміздерін құрметтейді,сергіту сәтін орындайды,Әнұранды жазбасына ілесіп орындауды біледі.

Түсінеді:

Мемлекеттік рәміздердің беретін мағынасын,Әнұранның қай кезде орындалатынын, тудың қай жерге,қашан көтерілетінін түсінеді.

Қолданады:

Өздерінің білімдерін,түсініктерін практикалық тапсырма орындауда,сұрақ-жауапта қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың технологиялық картасы

 

 

Білім саласы:  Таным

Пәні:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Барлық мамандық қажет,барлық мамандық маңызды

Мақсаттары:  Мамандық түрлері,олардың атқаратын қызметі,қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру,жетілдіру.Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру.Барлық мамандықтың қажет екенін ұғындыру.Маман иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Мамандық түрлері туралы суреттер,фотосуреттер, жұмыс дәптері,қайшы, түрлі-түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:   мамандық

Билингвалдық компонент: дәрігер-врач, аспаз-повар, шаштараз-парикмахер,жүргізуші-водитель

Тәсілдер

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті

 

 

Мотива

циялық-

қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,

«Не бұрын?» ойынын ойнату.

Мақсаты:Балалардың шапшаңдықтарын, тез ойлау қабілеттерін дамыту.Шарты: Мен доп лақтырып бір сөз айтам да «Не бұрын?» деп сұрақ қоям,балалар тез жауап беруі керек.Мысалы:

—          Не бұрын? Балапан

—          Не бұрын? Жылқы

—          Не бұрын? Сиыр

Балалар ойын шартын түсініп алуға тиіс,содан соң жауап береді

 

Жауаптары:

Балапан – Жұмыртқа

Жылқы – Құлыншақ

Сиыр – Бұзау,

Т.с.с.

 

Іздену-

ұйымдас

тырушы

Өте жақсы,балалар.Енді «Жұмбақ жасыру» ойынын бастайық.

1.Ауырған адамның қасында

Емделу жөнін айтар.

Жазылған адамдар расында

Риза болып, рахмет айтар

2.Тәп-тәтті тамағы,астың маманы

3.Қолдағы жұмыс жарағы – қайшы менен тарағы

4.Ертеден ерте тұрады,қолына рульді алады.

Олай-былай айналдырар, жолға қарап отырар

Сұрақ-жауап:

1.      Балалар, дәрігер,аспаз, шаштараз,жүргізуші болып кімдер жұмыс істейді?

2.      Дұрыс,адамдар.Ал жұмбақтарда жасырынған олардың мамандықтары.Яғни, бүгінгі сабақ не туралы болады екен?

Билингвалдық компонент: дәрігер-врач, аспаз-повар, шаштараз-парикмахер,жүргізуші-водитель

Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс:

Тақтаға суретші, дәрігер, мұғалім,шаштараз, т.б. мамандық иелерінің суреттері ілінеді

-Суретте қандай мамандық иелері бейнеленге?

 

-Қалай ойлайсыңдар, қайсы қайда,қандай жұмыс атқарады?

-Ал енді өз ата-аналарыңа келсек, олар қайда жұмыс істейді?

 

-Әр бала өз ата-анасының қызметіне тоқталады.Сұрақ арқылы айтқызу. Мысалы: Ералы, сенің анаңның мамандығы қандай? Ол қайда жұмыс істейді? Не істейді?

 

*Балалар, мен тағы бір мамандық иесі туралы айтып берейін.Ол мұғалім де,ұшқыш та, дәрігер де бола алады.Тіпті кішкентай бала да бола алады.Үнемі экранда жүреді.Оның кім екенін білесіңдер ме? Ол- актер.

«Мен — актермын»  ойыны.Барысы:Балалар, енді сендер де актерлерге айналасыңдар.Кәне, өскенде кім болғыларың келеді? Мына суреттердің бірін таңдап, соны ыммен, қимылмен,дыбыспен көрсетулерің керек.Ойнаймыз ба? Ендеше,бастайық.Мысалы:Мен – көлік жүргізушісімін.Қолыммен руль айналдырып,дауыспен машинаның дыбысын келтіремін

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп,солға қарай иіліп,

Бір отырып,бір тұрып,біз тынығып алайық

Дәптермен жұмыс: Тапсырманы түсіндіру,орындату.

Шешулері:

1.      Дәрігер

2.      Аспаз

3.      Шаштараз

4.      Жүргізуші

 

 

Жауаптары:

1.      Адамдар.

2.      Мамандық туралы

Балалар мамандық атауларын екі тілде қайталап үйренеді:

Билингвалдық компонент: дәрігер-врач, аспаз-повар, шаштараз-парикмахер,жүргізуші-водитель

 Суретпен жұмыс:

-Балалар барлық адамдардың мамандықтарын атауы тиіс

-Сауыншы фермада сиыр сауады, суретші сурет салады, дәрігер ауруханада  адамдарды емдейді….

-Аяужан: Менің мамам әкімшілікте істейді.

Жансая: Менің мамам мектепте еден жуады…

Балалар ойланып жауап беруі мүмкін.

 

 

Балалар ыммен,қимылмен,дауыспен  түрлі мамандық түрлерін көрсетіп ойнайды.Мысалы: Сауыншы болып сиыр сауғанды көрсетеді,т.с.с.

Сергіту сәтінде балалар аталған қимылдарды сөздерімен бірге орындайды.

Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.Жекелей жұмыс: Шұғыла,Дарын

Рефлек

сивті – коррек

циялаушы

 

Әңгіме оқып беру. В.Сухомлинский. «Менің шешемнен нан иісі шығады».Бірде балабақшаға бес жасар екі қыздыаналары алып келеді.Балалар бір-бірімен танысып,сөйлесе кетті:

-Сенің анаң қайда жұмыс істейді?

-Ал сен қалай байқамадың?Одан дәрі иісі шығады ғой.Менің анам – дәрігер.Ауырған адамдарды емдейді.Дәрігерсіз адамдар өмір сүре алмайды ғой.Ал сенің анаң қандай жұмыс істейді?

-Сен де байқамадың ба? Одан нан иісі шығып тұр ғой.Менің анам – наубайшы.Нансыз ешкім де өмір сүре алмайды.

Сұрақтар:

1.      Балалар, бұл әңгімеде өздерің сияқты кішкентай қыздар не туралы сөйлесті?

2.      Тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?

3.      Ата-аналарыңның мамандығы қаншалықты маңызды? Ал өскенде кім болғыларың келеді?

4.      Сонымен, қандай қорытынды жасаймыз?

Балалар В.Сухомлинскийдің «Менің шешемнен нан иісі шығады» деген әңгімесін тыңдап,сұрақтарға жауап беріп,сабақта алған білімдерін қорытындылайды:

 

«Барлық мамандық қажет,барлық мамандық маңызды»

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Сурет бойынша мамандық түрлерін ажыратады,атқаратын қызметі туралы әңгімелейді.

Түсінеді:

Барлық мамандық қажет,әрі маңызды екенін түсінеді және өзінің өскенде кім болғысы келетіні туралы алғашқы қызығушылықтарын білдіреді

Қолданады:

Мамандық туралы басқа да сабақтарда алынған білімдерін қолданады.Сұрақ-жауаптарда суреттерді,кіріспе ойында допты қолданады.

 

Сабақтың технологиялық картасы

 

Білім саласы:  Таным

Пәні:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Менің Отаным – Қазақстан.

Мақсаттары:  «Отан» сөзінің мағынасын түсіндіру.Өз Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету,зеіндерін,есте сақтау және білгендерін қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.Туған жерін,Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Демонстрациялық материалдар,саяси карта, жұмыс дәптері,қарындаштар, ноутбук, «Біз-өмірдің гүліміз»әнінің минусовкасы.

Сөздік жұмыс:  Атамекен

Билингвалдық компонент: Атамекен-родной край, отбасы – семья, Отан — Родина

Тәсілдер

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті

 

Мотива

циялық-

қозғаушы

Балаларды орындарынан тұрғызып Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдауды ұсыну. Балалар  тік тұрып   Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдайды.
Іздену-

ұйымдас

тырушы

«Атамекен» сөзінің мағынасын түсіндіру:

Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалатын ежелгі құтты қонысы,мекені.Жаңа ғана тыңдаған әннің атауы — «Атамекен».

Сұрақ-жауап:

1.Ал сендер осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2.Біздің Отанымыз қалай аталады?

3.ҚР – да көптеген халықтар өмір сүреді,Қазақстанды «отаным» деп санайды.Ал Қазақстан неге «Қазақстан» деп аталатынын білесіңдер ме?

Себебі: ҚР ең көп халқы – қазақ халқы.

Билингвалдық компонент: атамекен – родной край, отбасы – семья, Отан – Родина

4.«Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Отбасы деген кімдер?

Түсіндіру:Отан-біздің отбасымыз,үйіміз,балабақшамыз, туған жеріміз, ауылымыз,қаламыз.Отбасы-кіші Отанымыз.

Саяси картамен жұмыс:Әлемде көптеген елдер бар.Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген.Міне, Қазақстанымыздың аумағы,шекарасы,Міне, Ресей,Қырғызстан, т.б. 2-3 елдің жер аумағын көрсету.

Сұрақ: ҚР жер аумағы қаншалықты үлкен екенін көрдіңдер ме,балалар?

Сергіту сәті:

Екі көз не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең туған жерге жету үшін керек.

*Өте жақсы,балалар.Сабағымызды жалғастырайық.

Біздің еліміз – Қазақстанды ежелден қоныстанып келе жатқан қазақ деген халық.Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған қолбасшылар, батырлар кең байтақ жерімізді сыртқы жаулардан қорғап келді.Қазақ халқы-ержүрек, адал, бауырмал, қонақжай халық.Біздің еліміз тәуелсіздігін алғанына биылғы жылы 24 жыл болады.Біздің елді әлем таниды.ҚР-ның тек қана өзіне лайықты мемлекеттік рәміздері бар

Сұрақтар:

-ҚР қандай рәміздерін білесіңдер?

-Олар туралы әңгімелеп беріңдер

Дәптермен жұмыс:Тапсырманың орындалуын бақылау.Жекелей жұмыс: Дарын, Шуақ,Нұрлыбай

Балалар өз ойларын жеткізеді:

1.Атамекен – ол туған жеріміз.Ол – менің атам,арғы бабаларым мекен еткен жер.Енді сол жерде мен туып, өсіп келем.

2.Қазақстан Республикасы деп.

3.Қазақ халқы- ең көп мекендеген ел

4.Отбасы деген мен, ата-анам, ата-әжем, аға-бауыр,әпке-қарындас бір туған жақындар.

 

 

 

Балалар саяси картадан әр елдің қандай жер көлемін алып жатқанын, олардың ішінде ҚР жер көлемі кең екенін көреді

 

 

 

Балалар сергіту сәтінде орындарынан тұрып,сұрамақ өлеңнің мағынасына сай қимылдар жасайды.Туған жердің қадірін түсінеді.

 

-ҚР тарихынан қысқаша мәлімет алады, тәуелсіздіктің 24 жылдығын атап өткелі дайындалғанымызды еске түсіріп,жаттаған шумақтарын бірнеше бала өз қалауы бойынша айтуларына болады.

-Рәміздер туралы айтады.

 

Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлек

сивті – коррек

циялаушы

 

—          Балалар, сендер өз Отандарыңды жақсы көресіңдер ме?

—          Әнұран орындағанда біз неге қолымызды жүрек тұсына қоямыз? Ол ненің белгісі? Дұрыс.

—          Балалар, осы елдің болашағы – сендер.

Ендеше, сабағымызды «Біз – өмірдің гүліміз» әнімен аяқтайық!

—          Иә

—          Отанымызды шын жүрекпен жақсы көретінімізден.

Балалар «Біз өмірдің гүліміз» әнімен сабақты аяқтайды.

                                                                                     Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Ән тыңдайды, ән орындайды,мақалды үйренеді,талдайды, өз ойларын толық жеткізуге тырысады

 Түсінеді:

«Атамекен» сөзінің мағынасын, мақалдың,әннің мазмұнын түсінеді,картадан туған елдерінің көлемін көріп кең байтақ екенін және өздерінің осы елдің болашағы екендерін түсінеді

Қолданады:

«Атамекен» әнінің жазбасын, «Біз – өмірдің гүліміз» әнінің минусаовкасын,саяси картаны,жұмыс дәптерлерін  қолданады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *