Еңбек  тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі

Еңбек  тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі

Еңбек ер атандырады,

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек сөзі қасиетті сөз.

Адамзаттың Ұлы жаратылыстан дәл бүгінге дейінгі кәсібі еңбек болып келеді. Демек, адамды адам еткен – еңбек.

Еңбек — адамның тұрмыс-тіршілігінің және дамуының тірегі.

Қазақтың ойшылы, ақын Абай Құнанбаев «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтайды,өнер жұтамайды»

Орыс жазушысы Лев Толстой «Еңбектен басқа еш нәрсе адамның мерейін асырмайды» деп жазды. Ұлы бабаларымыздан қалған мақал-мәтелдер мен көреген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әр жолдауындағы білім мен еңбекке қатысты қанатты сөздерінен-ақ еңбексіз өмірдің жоқтығының айғағы.

Бүгінгі мектептегі «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің түп нұсқасы «Еңбек» сабағы «Еңбекке баулу» сабағы еді. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде .

«Технология» сөзі — гректің «techne» (өнер, шеберлік, ептілік ) және «logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен шыққан.Демек, технология ғылымы –шеберлік ғылым.Қазіргі таңда технология дегенде адамға қоғамға қажетті бұйымдарды жасаудың әдістері деген мағынаны түсіндіреді. Ұялы байланыс , ғаламтор,компютерлер бастысы осы. Технология түсінігі «Дизайн» түсінігімен тығыз байланысты. Ағылшын тілінен аударғанда «сызба,жоспар» деген мағыналарды береді. Ал.қазіргі «Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу өнері мен сызбаларды жоспарды біріктіре отырып, заттың немесе бұйымның жасалуын үйрету болып табылады.

Дизайн — бізді қоршаған ортадағы тартылымдылық қасиеттерді әдемілеу, көркемдеу болып табылады. Дизайннның графикалық дизайн, өндірістік дизайн,киім

дизайны сияқты көптеген түрлері бар. «Технология.Көркем еңбек» ғылымының бүгінгі таңдағы балаға берері технологиялық бұйымдарды жасау және өндіру кезіндегі ерекшелігі.Өндіру кезінде еңбек,қаражат,материал,уақыт шығындары аз және еш қиындықсыз көп данада өндіру мүмкін болатын бұйымдар технологиялық болып есептелетіндігін үйретеді.

Сонымен қатар сенімділік — бұл барлық сапа талаптарына сай болуы.

Үнемділік –өндіру шығынының төмен болуы

Қолайлылығы –бұйымның жеңіл икемді болуы.

Тартымдылығы- сыртқа көрінісінің ерекшелігі сияқты талаптарын үйретеді.

«Көркем еңбек.Технология» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына,әр жұмыста жетістікке жету жолын үйренумен қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады.

Бұл сабақтардан шығармашылық жұмысқа кірісе отырып,бұрын қасиетсіз тастанды нәрселерден әдемілік пен әсемдікті сезінеді және өзі жасап көруге талпынады.Балалар оқу мен тәжірибені ұштастыра отырып, өз ойларын қорыта дамыта түседі.Балалар кез келген бұйымды жасаудан бұрын,оның құрылымы туралы техникалық жоба үлгісімен танысады. Бұндай құжатқа бұйымның сызбалары мен оның технологиялық картасы жатады.

Сызба бұйымды жасауға бақылауға қажетті мәліметтерден (өлшемдері,пішіні) тұратын оның сызу құралдарымен орындалған бейнелері сызбаларды дұрыс оқу үшін нәрселерді жазықтыққа бейнелеудің ережелерін және сызбаларды білулері қажет.Сәндік қолданбалы (пирография өнерімен танысу).Пирография ағашты сәндеп-әрлеудің бір түрі.Сурет ағаш бетіне қыздырылған иненің көмегімен түсіріледі. Пирографиямен қобдишалар,ыдыс –аяқ ,киім ілгіштер панно, қаріптер, суреттер сәндеп қол өнер туындыларын сәндейді. Бұл өнердің тарихы жүздеген жылдардан бастап күні бүгінгі күнге дейін өз құнын жоғалтқан жоқ.Пирография грекше отпен сурет салу дегенді білдіреді.Қазірде бұл өнер күйдіруге арналған гравирлеу күйдіруге арналған аппараттар қолданылады.

Сондай-ақ ағаштың түрлі қасиеттерін тани отырып,қандай ағаштан қандай бұйым жасауға болатытына көз жетеді. Қазіргі таңда ағаш өндеу жұмыстары күрделі механикалық құрал көмегімен іске асырылады. Бұл ағашты өңдеу уақытын азайтып, еңбек өнімділігі мен бұйым сапасын арттырады. Шетелдік үлгіде жасалған ағаш өңдейтін мехникалық өңдеу құралдарының жұмыс әрекетіне қызығада таңдана да қарайсың. Бұл мехникалық құралдардан тез арадада шыққан өнімге балалар қызыға отырып, олардың шығармашылық ізденісін арттырады. Сабақ барысында балалар теориялық тұрғыда ағаштың физикалық қасиеттеерін (түрі,түсі,жылтыру,ылғалдылық,текстурасымен)танысып жатады. Ағаштың механикалық қасиеті оның қаттылығы,беріктігі ,сыртқы күштерге мықтылығы жатады.Сондай-ақ шебер әрбір бұйым жасауда ағаштың физикалық, механикалық қасеиеттерін ескеру

қажет.Әлемдегі ең қатты ағаш «Квебрахо» деп аталатын мәңгілік жасыл ағаш.Бұл ағаштың қазақша атауы «Балта қирайды» деген түсініктеме береді. Технология сабағы барысында әлемдегі қызықты мәліметтерді де біле отырады.Сабақтың ерекшелігі баланы еңбек етуге,өмірдің ащы-тұщысына төтеп беруге , шеберлікке үйретеді, шыңдайды.

Өмірге еңбекке қажетті материалдардың (ағаш,металл,полиметалл,тер т.сс) қадір-қасиетін танып біледі. Сабақ барысында балаларға сауал тастай отырып,балалар өзіміз тұрған үйіміздің ағаш металсыз көз алдымызға елестетіп көрейікші?Сонда балалар ағай фундаменті мен кірпіші ғана екен ғой деп таң қалып жатады.

Технология сабағы физика,химия,экономика сынды негізгі пәндермен байланысты.Айталық, «металл» сөзі латынша «шахта» жеген сөзінен алынғандығын, ол табиғатта дайын өнім болып кездеспейтінін,тас күйінде кездесетіндігін,тек өңдеу арқылы дайын өнімге қол жеткізуге болатындығын,олардың ауыр,жеңіл,түсті,түссіз болып физикалық,химиялық қасиеттерге ие екендігін үйретеді.Қандай металдың бүгінгі таңдағы құндылығын,Болат Шойынның арғы атасы темір екендігін,оларды жоғары температуда өңдеумен көміртегімен балқыту арқылы төзімді өнім пайда болатындығын үйретеді.Білім берудегі әдіс-тәсілдерді пайдалана оытырып, балаларға көп критерийлер беру арықлы сауал тасталады.

Балалар үйдегі пештің бетіне сақиналарына,ішкі тор көзіне қандай материал пайдаланады?

Ағай,қара шойын қойылады.

Неге қара шойын ?-темір емес деген серпілген сауалға

Ағай, өйткені темір шойынға қарағанда отқа төзімсіз келеді және де автомашиналардың маторы ,иінді білігі,сақиналары тормоз құрылғысы ыстық отқа төзімді ақ шойындардан жасалынады — деген балалардан жауап алынады.

«Технология.Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз,балалардың сабаққа ықыласы төмен.Сонда балада білім болмаса,бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе,ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады.Бұл үлкен ойландыратын жағдай.

Елбасы жолдауында көрсетілген он бағыт бүгінгі күннің талабы: еліміздің әлеуметтік ,экономикалық өрлеуіне дамуына жаңа серпін беретін басты мәселелердің бірі-білім саласы бойынша мектептердегі кәсіби бағдар беру пәндерінің санын арттыру.(Агротехника.Ауылшаруашылығы.Машиналар технологиясы.Жер өңдеу.

Құрылыс саласы мамандықтары т.с.с.).Мектепте осы салалар бойынша пән мұғалімдердің біліктілігін арттыратын қысқа мерзімді оқулар бойынша білімін жетілдіріп,шәкірт дайындауға даярлау қажет.

Жамбыл Жабаев бабамыздың:

Өнер,білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден.

Жылдам хабар алғызды – деген, өткен ғасырларда жазған өлеңі немесе Тұрмағанбет Ізтілеовтың:

Кейбіреу алтын емес,ақыл алған,

Ақылын алтын беріп сатып алған – деген, сөздері сол кездегі өмір талабы болса, бүгінгі таңда да қадір-қасиетін жоғалтқан жоқ.Балаға кәсіби бағдар беру мектептен басталуы тиіс.

Еңбексіз өскен бала,ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер айтпаса керек!

Устенова Улжархин Журабековна

Түркістан облысы Жетісай ауданы 60 «Қызылқұм» жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *