Қазіргі таңда қазақ телевизиясының бәсекеге қабілеттілігі. Телевизияның бүгінгі жай-күйі

Қазіргі таңда қазақ телевизиясының бәсекеге қабілеттілігі. Телевизияның бүгінгі жай-күйі

«Журналистика және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы

«Тұран» университеті, «Журналистика және аударма ісі» кафедрасы, Журналистика мамандығы факультетінің 1-курс студенті Шонаева Дәулетбике

 

Қазақ телевизиясы осыдан жарты ғасыр бұрын дүниеге келді. Бұл шешімді, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының министрлер кеңесі радио және телевизия комитетін құруға өз үкімдерін жариялауы арқау болды. Осылайша, тұңғыш рет Алматы қаласында тікелей хабар таратыла бастады. Дәл осы жылдары, қазақ өміріне халықтың ниетімен санасатын, әлеуметтік, қоғам алдындағы парызы ұшан-теңіз, бұқараның арман-мақсаттарын орындауға көмектесетін телевизия әлемі қазақ өміріне жаңа леп, тың серпілістер әкеле бастады.

Тірек сөздер: телевизия, бұқара, диктор, журналист, ақпарат.

Телевизия өмірге жаңашылдық пен озық идеялар әкелмесе, өткір материалдар ұсынбаса, дамуы тежеліп шұңқырға түскен күйінде тапталып қала береді. Сондықтан, әр кез, әр жылдары телеиндустрияға жаңашылдық енгізіліп отырады. Сонау жылдардан бері телевизияның дамуына үлес қосқан тарландар да, аз емес. Мәселен, қазақ телевизиясының шымылдығын алғаш болып ашқан, телевизия саласының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова болса, қазақ журналистикасында ғұмырының 45(қырық бес) жылын арнаған ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы еді. Таяуда ғана, Қазақстан ұлттық арнасына сұхбат берген- Зұлқия Жұматова бір ғасыр өмір сүрген, екі дәуір телевизиясының дамуын көзі көрген қазақтың маңдайына біткен тұңғыш дикторы. Ғасырға жуық өмір сүрсе де, тұңғыш дикторы әлі күнге дейін телевизияға 800-дей адамның ішінен жалғыз өзі қалай іріктеліп алынғандығын, алғаш теледидарға шыққанда тізесі дірілдеп тұратындығын, бір емес бірнеше бағдарлама жүргізгендігін бір сәтке де ұмытқан емеспін дейді. Бұл жайында, ұлттық арна тілшісі Альбина Әшімге бүкпесіз, тарихи сәттерін бәз-баяғы қалпында күні кеше болғандай айтып берген болатын.

 

Ал, бүгінгі таңда қысқа ғана ғұмырының 45 жылын қазақ журналистикасының дамуына арнаған Нұртілеу Иманғалиұлы біртуар тұлға. Ол, өз еңбек жолын өмірінің соңына дейін бір сәтке де тастап кеткен емес. Телевизияда тілші, аға-редактор, саяси шолушы, бағдарлама жүргізушісі болып қызмет атқарған. Нұртілеу Иманғалиұлы өзінің авторлық бағдарламаларын қалың көрерменге шеберлікпен ұсына білді. Мысалы, «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Заң сөйлесін», «Көршілер» «Nur-Tiley», «Айна» әлеуметтік телеөнімдері көрермен жүрегінен өшпес орын алды. Журналистикада өз қолтаңбасын қалдырған, зау тұлға- Нұртілеу Иманғалиұлы. Әрине, осынау қазақ телеиндустриясының дамуына үлес қосқандар біреу немесе екеу емес. Журналистиканың ақпарат айдынына айналып, сонау бірнеше ғана телестанциялардан хабар таратылып жүрген телевизия саласы, қазіргі таңда биік белестерге жетіп, ауыл-аймақтардан бөлек, бүкіл ТМД елдеріне хабар таратады. Қазақ телевизиясының осындай дәрежеге жетуіне үлес қосқандар мәңгі тарихи беттерде қалары сөзсіз.

Ендеше, өткен ғасырдан бері дамуын тоқтатпаған телевизияның бүгінгі жай-күйі жайылы сөз қозғасақ. Елімізде бүгінгі таңда бірнеше телеарналар халыққа қызмет етуде. Түрлі әлеуметтік ток-шоулар, орын алған оқиғалар, жаңалықтар, жұлдыздар өмірі жайында, балаларға арналған «Балапан» телеарнасында түрлі ойын-сауықтық, тәрбиелік мәні бар бағдарламалар бұқараға кеңінен ұсынылуда. Телебағдарламаның сәтті шығуына атсалысатын тележүргізушілер де, кәсіби шеберліктерінің арқасында көрермен жүрегінен орын алып отыр. Десек те, жарты ғасырдан аса уақыт бұқараға қызмет етіп келе жатқан телевизия саласын сынап-мінеушілер де, өз пікірін білдірушілер де бар. Мәселен, әлеуметтік сұхбаттардың жүргізілу барысында қалың көрермен пікірі бойынша, телеарналарда іліп алар бағдарлама азайғандығы, ұлттық болмысқа сай келмитін бағдарламалардың көрсетілуі телевизияның бұқара алдындағы статусын түсірген. Әйтсе де, бір жағынан алып қарағанда бұқара ойы да қыйсынға келер-ақ. Ал, «телевизия саласы өшіп бара жатыр, телебағдарламаны беті жылтырағандар ғана жүргізеді, шындық айтылмайды, ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы біліп аламыз»-дейтіндер көбінесе қателеседі. Себебі, Ахмет Байтұрсынұлы «Газет- халықтың көзі, құлағы һәм-тілі»,- дегендей телевизия кез-келген ақпараттың анық-қанығына барып, зерттеп, ақ-қарасын ажыратып айтып беретін ақпарат айдыны екенін есте сақтау қажет. Ал, телебағдарламаны тек беті жылтырағандар жүргізеді дейтіндердің кей сөздерінің жаны бар. Бірақ, көпке топырақ шашуға болмайды. Қазақ телевизиясында әлі күнге дейін, кәсіби журналистердің бар екенін айтып өткен жөн болар. Осы орайда, кешегі қазақ телевизиясының дүлділі, аз ғана ғұмырында өшпес қолтаңба қалдырған Бейсен Құранбекті айтып өтпеу үлкен кінә болмақ. Бейсен Құранбек өз жасаған игі-істерімен көпке үлгі. Бейсен Құранбектің «Қарекет» ток-шоуы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді шешуде елеулі үлес қосты. Тіпті, автор Санжар Керімбай көпке үлгі Бейсен Құранбекке арнап»Бейсен және болмыс» атты кітап жазған. Телевизияға еңбегі сіңіп жүрген журналисттер, бүгінгі күнде баршылық. Атап айтсақ, Қазақстан ұлттық арнасының журналисттері: Әлеуметтік-саяси бағдарламалар жүргізетін- Нартай Аралбайұлы, әр апта сайын болған оқиғаларды сараптайтын «Апта» бағдарламасының тізгіншісі-Жайна Сламбек. Ақиқаттың астарылысын жеткізетін, КТК телеарнасының журналисті- Дина Төлепберген де қалың көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Міне, осындай кәсіби қазақ журналисттері дайындап шығару еліміздің ЖОО-на артылған үлкен міндет деп ойлаймын. Кешегі Зұлқияның да, Бейсен Құранбектің де, Нұртілеу Иманғалиұлының да қайта дүниеге келуі тікелей жас мамандардың қолында.

 

Қорытындылай келе, телевизия дәл осы күнге дейін қалай дамып келсе, болашақта әрі қарай да дами бермек. Өйткені, телевизия барда елімізде біраз шешілмей жүрген мәселер өз шешімін тауып, ақпарат айдыны кеңейе береді. Телевизия тіл дамыту құралы, білім көзі мен тәлім тәрбие болатын ақпарат кеңістігі. Осындай, адам өміріне қажетті функциялары бар телевизия ешқашан көрерменсіз, ескерусіз қалмайтыны сөзсіз. Ендеше, қазақ телевизиясының қарыштап дамуына, әлемдік деңгейге көтеріліп, ТМД-да ғана емес бүкіл дүниежүзі біздің ақпараттық өнімді тамашалайтындай жағдай жасау жас журналистер мен өскелең ұрпақтың басты міндеті болмақ!

 

Әдебиеттер тізімі: https://qazaqstan.tv/news/78963/

«Бейсен және болмыс» кітабы

Интернет порталы,

Қазақстан ұлттық телеарнасының жаңалықтар беті,

https://stud.kz/referat/show/86204

https://qazaqstan.tv/news/78962

Ғылыми зерттеулік әдістемелік кітаптар,

Телевизия тарихы әдебиеті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *