Дәрігерлер отбасы

 

Дәрігерлер отбасы

«Адам деген-әлем бағы,түсінер мұны олардың данышпаны»-деп, Омар Хайям айтқандай, «Адам» дейтін әлемнің қалың бағын жайқалту «Дәрігер» дейтін данышпанның қолында іспетті.Ақ халатты абзал жандар туралы әлем жазушылары да дәрігерлер еңбегін дәріптеп бағалаған. Дәрігердің үш қаруы бар:бірі-пышақ,екіншісі-шөп,үшіншісі-жылы сөз. (Ибн Сина  Авиценна)       Біз әңгімелегелі отырған дәрігерлер отбасы Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентінде тұрады. Отбасының тірегі -Ержанов Болат Акбарұлы 1954 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келген.Мектеп бітірген жас түлек арман арқалап,1971 жылы Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясына оқуға түседі.Студенттік өмірдің қызығы мен жастық шағының қимас кезеңінде сүйген жары Гүлзаданы кездестіреді. Гүлзада ол кезде медициналық училищені бітіріп, Ақтөбе қаласындағы аурухананың жан сақтау бөлімінде қызмет жасап жүрген.1978 жылы қызыл дипломмен бірге, Шымкенттің ару қызы Гүлзадамен бас қосып, Қызылорда облысы Сырдария аудандық ауруханасында еңбек жолын рентгенолог дәрігер болып  бастайды. 1998 жылдан бастап, Қызылорда облыстық кеңес беру орталығында рентген дәрігер болып,еңбек жолын  жалғастырып  келеді.Халық ықыласына бөленген білікті рентгенолог дәрігер, өз мамандығының қиын да, жауапты екенін біледі. Дәрігерлер адам жанының арашасы , өмірмен күрескер адам. Өз мамандығын сүйетін, адамдарға өмір сыйлайтын, әр науқастың дертіне ем, жанына шипа беретін адал адам. Олар үнемі ізденісте, білімін тереңдетіп жетілдіріп отырады. Болат Акбарұлы да әр бес жыл сайын білімін жетілдіріп, Астана,Алматы қалаларында білім жетілдіру курстарынан өтіп, республиканың түкпір-түкпіріндегі білікті мамандармен тәжірибе алмасып отырады.Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық білетін білікті дәрігер  балаларын да адалдық пен мейірімділікке тәрбиелеп келеді. Дәрігер-Әке отбасында,қоғамда адам жанын түсіне білетін үлкен- психолог.Балалары Қарлығаш,Қуаныш,Жалғастың әке жолын таңдауы Әкеге деген  және дәрігерлік мамандыққа деген сүйіспеншілігі дер едім.Сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек,аялы алақан,мейірім мен тазалық керек екенін білетін балалары да әке жолын таңдап, бүгінгі күні дәрігерлік мамандықты жалғастырып келеді.Қуаныш пен Жалғас қаладағы №3,№15 гимназияны бітіріп, Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медицина академиясын бітірді. Қуаныш Болатұлы Астана қаласындағы резидентураны 3 жыл оқып,урология мамандығын алып,қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы көп бейінді аурухананың уролог дәрігері. Келіншегі Айнұрмен бір ұл тәрбиелеп келеді.

Жалғас Болатұлы медициналық академияны бітірген соң ,ол да білімін Ұлттық ғылыми  резидентураның Онкология және Трансплантология орталығы  Сәулелі диагностика,яғни нағыз әкесінің мамандығы рентген саласын (лт,мрт) таңдады. Қазір Қызылорда облыстық Онкология орталығында білікті дәрігер. 2021 жылы қалалық жастар форумы аясында Самғау жастар сыйлығына ие болып, Дипломмен марапатталды. 2022 жылы білімін жетілдіру мақсатында Москва қаласындағы А.С.Логинов атындағы емхананың ғылыми орталығында Торокальная хирургия саласы бойынша тәжірбие жинақтап келді. Жас дәрігер үнемі ізденіс үстінде жүреді. мануальды массаж түрлерінде меңгеріп,науқастардың еміне шипа боп жүр.            Қарлығаш Болатқызы 2011 жылы Қожа Ахмет-Яссауй атындағы халықаралық  мемлекеттік  қазақ-түрік  университетінің терапия саласын бітіріп, еңбек жолын Қызылорда көп бейінді қалалық ауруханасының УДЗ бөлімінде бастады.Қазіргі таңда «Нұрлы таң» жеке клиникасында УДЗ-дәрігер.Жолдасы Жандос Қалдыбекұлы 2005-2012 жылдар арасында Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік академиясының гинекология бөлімін бітірген. 2012 жылы Қызылорда қалалық көп бейінді ауруханасының гинекология бөлімінде гинеколог-дәрігер қызметін бастап,қазіргі таңда Прайм клиникасында өз мамандығы бойынша көптің алғысына бөленіп келе жатқан білікті маман.Қарлығаш екеуі Жанасыл атты ұл тәрбиелеп келеді.                                                      Отбасындағы үлкен қыз-Сандуғаш Болатқызы Акбар  атасының жолын жалғастырып, есепші мамандығын таңдады.Қызылорда қаласындағы Халық банкіде тәжірбиелі білікті маман. Жолдасы Ғалымжан Аққозыұлы мұнай компаниясында білікті маман. Екеуі бес бала тәрбиелеп, көп балалы ата- ана атанып отыр.                                                                                                                 Міне, дәрігерлер отбасының адам жанына араша болып, халыққа мінсіз қызмет жасап отырғанын мақтанышпен айта аламыз. Отбасында әке мектебінің тәрбиесін көріп өскен балалар, қабырға толы кітаптардан да көп мағлұмат алады. Өз мамандығының шебері Болат Акбарұлы кітап жинаудан жалыққан емес.Үйдің төрт қабырғасы кітапқа толы. Үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті дәрігер адам жанының арашасы. Еңбегі еленген дәрігер 2021 жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Болат Акбарұлын Қазақстан республикасының халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген зор еңбегі үшін, Ұлттық медицина Ассоциациясысы «Алтын дәрігер» медалімен марапаттады. Дәрігерлер отбасы үнемі халыққа қызмет жасаудан аянып қалмақ емес.

Рахымшаева Әлия Байқоңырқызы

№43 Ж. Махамбетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *