Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы

Ұсақ  моториканы  дамытудың  маңыздылығы.

Біздің  болашағымыз  — қазіргі  жас  ұрпақ ,яғни,  біздің  балаларымыз. Бұл  жас  ұрпақтың  ішінде қалыпты  , қарапайым  балалар да , ерекше  білімді қажет ететін  балалар да және ақыл-есі , дамуы  қалыпты ,бірақ  тіл  кемістігі  бар  балалар да бар . Ал  осы  қатарлы  балалармен  жұмыс  жасай отырып , оларды   зерттей  келе мен  бала  дамуына  қажетті  бірнеше  фактілерді  өзіме  түртіп  алдым. Ол түзету  сабақтарында оқу ,жазу , тыңдау , айту  танымын  дамытудан  бөлек  , ұсақ  қол моторикасын  дамыту  жаттығуларының  қолданудың  маңыздылығы  болды.  Түзету  сабағының  мақсаты  оқушылардың   танымын  дамыту  және  сауатын  ашып, ауызша  және жазбаша  байланыстырып  сөйлеуін  үйрету , дамыту  .Осы  мақсаттың  жүзеге  асырылуы  үшін  әр түрлі  ұсақ  қол  маторикасының   дамытушы  жаттығуларын  қолдану  маңызды. «Ойнай  білмеген , ойлай да  білмейді» деген  сөз  текке   айтылмаса  керек-ті. Баланың  ойынға  деген  құштарлығы — ойын  барысында өзін  еркін , ересек  , жауапты  адамдай  сезініп , қабылдайтындығында.Ойындардың  негізгі  мақсаты : балалардың  ықылас зейінін, сөздік  қорын , мұқияттылығын , танымын , есте сақтауын  дамыту.Ойын  барысында  ойланып,шығармашылық  әрекетін  байытып, тілін  дамытуға  бағыт  алады .

Бас миының  қабығының  үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық  қабілетімен  байланысты  және мидың сөйлеу зонасымен  бір –біріне  өте жақын орналасқан . Ұсақ  моториканы  дамытудың  маңыздылығы  адамның  бас  миында  саусақ  қимылына  және  сөйлеуіне   жауап  беретін ми  орталықтарында дамыту болып табылады. Әйгілі Сухомлинский  айтқандай : «Қабілет бастауы мен балалар  дарыны  саусақ  ұштарында». Саусақ  жаттығулары  арқылы  ұсақ  моторикасы  дамиды,айналадағы  заттарды, жан-жануарлар мен  құбылыстарды  бейнелейді.Ұсақ  моториканы  дамыта  отырып,  сөйлеу  апаратын да дамыта аламыз.Баланың  ұсақ  моторикасына  арналған   «Қайық», «Ақылды  саусақтар», «Сәлемдесу», «Достық»  жаттығуларын   және  «Ок, лайк»  т.б сияқты  нейрогимнастика  жаттығуларын    жасату  қажет.

Бастауыш  сынып  оқушыларына да  жазу  жазар  алданда 5 минут  саусақ  жаттығуларын  жасатып  отырса , жазулары да  әдемі  болып , сөздері де  анық  болады. Одан  бөлек  саусақ  моторикасын  дамыту үшін  түрлі моншақтарды жіпке  тізу, мозайка  құрастыру, дәнді –дақылдарды  сұрыптау ,құммен  немесе  ермексазбен  жұмыс  жасау  тиімді  болады. Саусақтың  әр  қозғалысына  түрлі  жаттамақтар , мақал-мәтелдер  қосып  айту  да  баланың сөздік  қорын   дамытады. Ұсақ  моторика  жаттығулары  арқылы  адамның   сол  жақ  жарты ми  қыртысын  оята  аламыз және  қолдың  ептілігін  қалыптастырамыз.

Ал , біздің  көп қозғалыста қолдана бермейтін  сол жақ жарты миымыз , ұзақ  және  саналы  өмір сүруіміздің  бірден –бір кепілі.

 

«Шынқожа батыр атындағы ЖББОМ»КММ-нің

дефектологы  Шериязданова Айжан Берикболовна

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *