Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері

 

Мұғалімнің аты-жөні:Садырова Гульданай Санарбековна

Мектеп: «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

Сынып: 4  «В»                              Күні:15.04.2022Пәні:Дүниетану

Қатысқандар:                                  Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.3.4.1 – өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы мазмұндау
Сабақ мақсаты 1. Иллюстрациялар арқылы тақырыпта көтерілетін мәселені болжау;

2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру;

3. Пікірталасқа қатысып, тақырып бойынша пікірлерін дәлелдеу.

Бағалау критерийі —        иллюстрациялар арқылы тақырыпты көтерілетін мәселені болжайды;

—        сұрақтарға жауап береді;

—        пікірталаста өз пікірін дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Иллюстрациялар арқылы тақырыпта көтерілетін мәселені болжай алады. Қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Ғарышкер деген кім?

Пәнге тән лексика мен терминология: ғарыш, ғарышайлағы, дыбыстан жүйрік ұшақ.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер ментіркестер:

Иллюстрация ғарышкерлер туралы екенін білдім, себебі…

Тоқтар Әубәкіров қазақтың тұңғыш ғарышкері, себебі…

Үш тілділік:

Ғарышкер-Космонавт-Cosmonaut

Құндылықтарға баулу Сабақ мазмұны оқушыларды Отан тарихы мен батыр ағаларымызды үлгі тұтып, құрметке шақырады. Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер мен жұмыс формалары арқылы оқушылар бойына:

Ø еңбек пен шығармашылық;

Ø сын тұрғысынан ойлау;

Ø өзгелердіңкөзқарасынақұрметпенқарау;

Ø қазақстандық патриотизм мен азаматтықжауапкершіліксияқтықұндылықтардысіңіреді.

Пәнаралық байланыс Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етуі бойынша әдебиеттік оқу пәнімен байланысты.
АКТ қолдану дағдылары: Слайттар,суреттер арқылы танысып біледі.
Алдыңғы білім Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Бар білімді белсенді ету топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мәтін арқылы Тоқтар Әубәкіровтың өмір жолын елестетеді.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы –

5мин.

 

 

Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

 

Балалар кеспелермен 4 топқа бөлінеді:

1-топ. Юрий Гагарин

2-топ. Тоқтар Әубәкров

3-топ.Талғат Мұсабаев

4-топ.Айдын Айымбетов

Әр бір топ басшысы өз тобының оқушыларының жауабына қарай бағалау парағына бағаларын қояды.

 

Өткенге шолу(Үй жұмысы)(ұжымда)

«Сұрақ – жауап» әдісі(Әр топтан 2 оқушы шығады ,қолдарына шыбын ұрғышпен планеталарды  таңдайды.Планеталарға  жасырылған сұрақтарға жауап береді.Егер өзі жауап бере алмаса тобынан басқа оқушы жауап бере алады

1)Барлық балаларға бастауыш білім беру қашан міндеттелді?(1930 жыл)

2)Ең алғаш қазақ тілінде жазылған оқулықтарды ата?(«Алгебра», «География»)

3) «География» оқулығын кім жазды?(Әлихан Бөкейханов)

4)Алгебра оқулығын кім жазды?(ҚанышСәтбаев)

5)Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қай жылы ашылды? (1928 жылы)

6)Халықаралық «Болашақ» степендиясын кім және қашан тағайындады?(Н.Назарбаев, 1993 жылы)

7)11 жылдық оқу қай жылдары болды?( 1990ж )

8) Қай жылдан бастап гимназия лицей пайда болды?(1991 ж)

ҚБ:жетон жинау

 

Жұмбақ шешу.

Күміс қанат сұңқары
Көкке еркін сүңгиді
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

 

 

Балалар сендер білесіңдер осы тоқсан бізде «Ғарышқа саяхат»бөлімі.Осы бөлімде толық ғарыш кемелерін ,ғарышкерлерді ғарыш тіршілігін танып білетін боламыз,толық мағлұмат аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

30 мин

 

 

 

Бейнежазба көреміз.

Бүгінгі біздің жана сабағымыздың тақырыбы:«Тоқтар Әубәкіров қазақтың тұңғыш ғарышкері»

Бейнежазба қазақтың ғарышкерлері жайлы болады. Осы бейне жазба бойынша тапсырмалар орындайды.

 

 

 

I-тапсырма «Кластер құрау»  әдісі арқылытоптар тапсырма орындайды.Әрбір ғарышкер туралы мағлүмат жапсырады.

 

 

1-топ

 

 

 

 

 

 

2-топ

 

3-топ

 

 

 

 

 

 

4-топ

ҚБ. жетон жинау

II-тапсырма

Оқулықпен жұмыс: Балалар ендеше біз оқулығымыздан 111 бетті ашамыз.

Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Ол 1946 жылдың 27 шілдесінде, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш.

 

Тоқтар Әубәкіровке толығырақ тоқталып кетсек.

Т.Әубәуіров-алдына қойған мақсатына жете алатын батырдың айқын үлгісі. Ол бала кезінен ұшқыш болуды армандаған. 1991 жылы 2 қазанда «Байқоңыр» ғарышайлағынан тұңғыш рет қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Тоқтар 18 жасында Қарағандыдағы ұшқыштар үйірмесінде жаттықты. 1965 жылдың маусымында бірінші рет ұшақпен көкке көтерілді.

1969 жылы Армавирдегі жоғары әскери авиация училищесін аяқтады. Он жылдан соң Мәскеудегі авиация институтында оқып, сынақшы ұшқыш дәрежесін алды.  Жылдамдығы дыбыстан жоғары ұшақтарды басқару арқылы, әлемдегі сынақшы ұшқыштардың ондығына қосылды.

Жаңа авиация техникаларын сынақтан өткізу барысында көрсеткен ерлігі үшін 1988 жылы Тоқтарға Кеңес Одағының Батыры атағын берді.

Тұңғыш ғарышкен Тоқтарға ғарышқа ұшқан ерлігі үшін Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» ордені берілді.

Т.Әубәкіров: «Мен ғарышқа атақ үшін ұшқан жоқпын. Менің халқым «Ғарышқа барып келген ұлым бар!» деп мақтанса екен дедім. Осы сезім маған жігер берді. Ғарыш кемесі бұйрық бойынша орнынан қозғалған сәтте мен: «Халқым менің, сен үшін бәріне дайынмын!»-дедім».

 

 

Топпен жұмыс.Сұрақ-жауап әдісі

1-топ Тоқтардың бойындағы ерекшеліктерді ұшақтарға жазады.

Шыдамды,ержүрек,жанашыр ,намысшыл.

2-топ  Арманға жетудің 5 қадамы

1) Мақсат қоя білу

2)Шыдамдылық

3)Өз-өзіне сенімділік

4)Еңбекқорлық

5)Арманға жету

3-топ Ғарыш кемесі орнынан қозғалған кезде Тоқтардың сөзі……………….. : «Халқым менің, сен үшін бәріне дайынмын!»-деген.

4-топ Республикамыздың қай жерінде ғарыш айлағы орналасқан.

Байқоңыр – Қызылордаоблысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы.

жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым

 

ҚБ: жетон жинау.

 

Сергіту сәті: «Кім жүйрік» ойыны

Саусақтардың суретін шығарып екі данадан партаның үстіне дайындап қоямыз.Оң жаққа және сол жаққа.Оқушы сол және оң қолымен карточкадағы суреттің үстіне тиісті саусағын қоюы керек.

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Тірек сөздерді дәптерге жазамыз.

Үш тілде айтып шығамыз

Ғарыш-Космос-Cosmos

 

Ғарышайлағы-Галактика-Galaxy

 

 

Дыбыстан жүйрік ұшақ-Ракета-Roket

 

 

III-тапсырма

Инженер жұмысы деп аталады.

 

Балалар алдарыңда әр ғарышкердің ұшағының

суреті қима түрінде жатыр .Сол қима суреттерді жинақтаймыз..

ҚБ: жетон жинау.

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=xCRI5g6EKyg

 

 

 

 

 

 

 

А3 қағаздары

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту:

Білімленд сайтынан тест тапсырмаларын орындау.

1)Аспан кеңістігі қалай аталады?(Б)

А)Аспан  Ә)Бұлт    Б)Ғарыш

2)Қазақстандағы ғарыш айлағы қайда орналасқан?(Ә)

А)Қарағанды   Ә)Қызылорда   Б)Жамбыл

3) «Мен ғарышқа атақ үшін ұшқан жоқпын. Менің халқым «Ғарышқа барып келген ұлым бар!» деп мақтанса екен дедім». Бұл сөзді кім айтты деп ойлайсың?(Б)

А)Т.Мұсабаев   Ә)А.Айымбетов  Б)Т.Әубәкіров

4)Т.Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?(Ә)

А)1993 жыл 26 қаңтар   Ә)1991 жыл 2 қазан   Б)1969 жыл 15 маусым

5)Ғарышкерлер күні? (Б)

А) 15мамыр   Ә) 23 наурыз       Б)12 сәуір

6) Тоқтардың анасының аты кім? (А)

А) Қамия   Ә)Надежда      Б) Айман

 

Бас бармақ арқылы бағалау

 

Үй тапсырмасы

Т.Әубәкіровтың өмір белестерін жан-жақты қосымша ресурстардан іздеп оқып келеміз.

Бағалау: жетон санау

 

 

 

 

Жетістік баспалдағы: Әр бала жетістік баспалдағына аспан жұлдыздарын жапсырады.

Стикерлер

Жетондар

Қосымша ақпарат
Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сыныптағы саралау жұмысы нәтиже арқылы саралау жолымен жүзеге асырылады.

Айталық, «сұрақ-жауап» әдісі арқылы сұрақ құрастыруда барынша қолдауды қажет ететін оқушылардың оқушылардың сұрақтары көбінесе білу/түсіну деңгейінде болып келеді.Орташа қолдау қажет оқушылар ішінара талдау деңгейінде сұрақтар құрастырады.

Қолдауды қажет етпейтін  оқушылар барлық ойлау деңгейлеріне сұрақ құрастыра алады.

Сыныптағы бағалау оқушылардың жұптық, топтық жұмыстарына  обьективті түрде кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс беруде мұғалім оқушылардың бағалау критерийлері мен дескрипторларды негізге алып сөйлеуін қадағалайды. Сабақта ҚБ өзін-өзі бағалау түрі, жетон, стикерлермен бағалау әдістері қолданылады. Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психологиялық дамуларын сақтау мақсатында сабақ «сұрақ-жауап», «кластер», сияқты оқытудың әдістеріне негізделіп құрылады.

Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталады

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *