Түстер әлемі

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

 

Күні: 26.04.2022 жыл

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл,сары,жасыл,көк. Түстерді ажырата білуге баулу. Түстер туралы білімдерін кеңейту. Түстері бойынша топтастыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Гүл,күн, жапырақ,бұлт.

ҰОҚ барысы:

I кезең: ұйымдастырушылық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасау.

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!

Тәрбиеші тақтаға гүл,күн,жапырақ,бұлттың суретін іледі. Балалар қараңдаршы бұлар нелер? Гүл,күн,жапырақ,бұлт түсі қандай? Иә, балалар дұрыс айтасыңдар,қызыл,сары,жасыл,көк. Ендеше балалар, бүгін біз сендермен түстер әлеміне саяхат жасаймыз.

II – кезең: ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар қараңдаршы,мен сендерге ойын алып келдім.

 Ойын:«Гүлдерді жинау»

 Шарты: Көрсетілген себеттерге гүлдерді теріп жинаймыз.

Сергіту сәті

Бала-бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарын әйбәт.

Былай былай ойнап.

Шығармашылық жұмыс.

Ермексазды түстері бойынша ажырату, топтастыру. Көрсетілген бұрандалы ұяшықтың ішіне түрлі-түсті ермексаздан жасалған дөңгелектерді салу. Балалар тапсырманы орындайды.

 

Бүгінгі ашық оқу қызметін қорытындылау. Балалардан не істегендерін, қандай тапсырма орындағандарын сұрау. Мақтау,мадақтау.Оқу қызметінде белсенділік танытқан балаларды атау.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *