Қызықты математика

Қызықты математика үйірмесі

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің орным қайда?

Мақсаты:1. Санның құрамын қайталау, ойын арқылы алған білімдерін бекіту.

  1. Математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың логикалық қабілетін дамыту. 3. Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері.

Күліп ,ойнап өсеміз

Он саусақтың саласындай

Күліп ,ойнап өсеміз

Бір адамның баласындай

ІІ. Негізгі бөлім

1.Ойлан тап

1.Аулада бес мысық ойнап жүр. Олардың екеуі қашып кетті. Сонда аулада неше мысық қалды?

  1. Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?
  2. Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?
  3. Сыныпта 5 шкаф, ал одан 2 — уі кем терезе бар. Сыныпта неше терезе бар?
  4. Үстіңгі сөреде 4 кітап, ал астыңғы сөреде 3 кітап артық. Астыңғы сөреде неше кітап?
  5. Қорада бірнеше күрек болды. 3 күректі алғанда 5 күрек қалды. Қорада неше күрек болып еді?
  6. Данашта 2 қарындаш болды. Толқын Данашқа 2 қарындаш берді, Айгүл 3 қарындаш берді. Данашта неше қарындаш болды?
  7. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп және қаншаға көп?
  8. «Көршіңді тап » ойынын ойнаймыз.

Сандарды тура және кері санайды.

Үлкен көршім оң жақта

Кіші көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан — жаққа

0…2…4…6…8…10.

( Сандар орындарын тауып орналасады )

.

  1. Достарға кубиктің қырларын бояуға жәрдем беріңдер.

5-1 5-2 2+1

3-2 4+1 5-3

2+ 5-1 3+3

1 2 3 4 5 6 Сандарға байланысты әр түрлі түспен бояйды.

Қорытынды: 4. Ойын «Бұл үйде не тұрады?»

1,2,3,4,5 сандарының құрамы

Рефлексия

Жарайсыңдар! Сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

 

 

Тақырыбы: «Кім жылдам?» математикалық ойын

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін

тексеру,алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты

шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз

ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды

ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған

жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, интер/к ,, тақта ,тест, өлең есеп,слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

-Құрметті ұстаздар, қонақтар сіздер 2 «Б» сынып оқушылар арасында өтетін

«Кім жылдам?» математикалық ойын сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-

ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін

пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ойын есептер, сөзжұмбақтар, тест тапсырмалары беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

  1. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін. 1-топ: «Алғырлар» 2-топ: «Білгірлер»

Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы

таныстырып өтсін.

«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз

Аты аңызға айналған

«Алғыр» бала атанып

Бізде ғалым боламыз.

«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп

Таудай бірақ талабымыз

«Білгір» бала атанып,

Келешекте өскенде

Үлкен ғалым боламыз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді

жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды)

«Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан

мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап

күлімдеген күн сәулесі.»

Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.

Арайлап нұрлы таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырап әсем табиғат,

Желекке бөлеп аймақты.

Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз?

  • Әсем табиғаттың.

Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады.

  • Балалар ,біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса

аламыз?

  • Қоқыстан тазалаймыз,ағаш отырғызамыз,гүл егеміз.

Ендеше , балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру-болашақ ұрпақ сендерге байланысты.

Сондықтан өз үлесімізді қосайық..

  1. Ей,балалар,балалар,

Қане бері қараңдар

Сайысымызды бастайық

Сөзжұмбақты қиналмай

Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз

2.Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы

3.Ондықтан құралған сан. Қырық

4.Бір таңбалы сан. Үш

5.Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер» 1.Бір таңбалы сан Бір

2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш

3.Бұрыш түрі Сүйір

4.Ұзындықты өлшейтін құрал. Сызғыш

5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

 

  1. «Ағаш отырғызамыз»

Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сіздердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады.

 

1- ағаш тапсырмасы:

«Баспалдақ» ойыны

«Алғырлар» 90 +10=100 «Білгірлер»

20+20=40 30+2=32

18-8=10 50+10=60

22+2=24 40-10=30

12+3=15 14+3=17

10-6=4 20-10=10

 

Сергіту сәті: Жапырақтары жайқалып,

Биік ағаш өседі.

Самал желмен тербеліп,

Бұлттар жылжып көшеді.

 

  • Тағы қандай үлес қосамыз.
  • Гүл егеміз.
  • Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Оны баптап күту қажет.

 

Раушан гүл тапсырмасы.

  1. Математикалық өлең есеп

Көлден ұшты 30 қаз, 6 алманың 2-уін

Қайтып қонды 10 қаз Досың сұрап алады.

Қонбады оның нешеуі, Айтшы сонда нешеуі

Қане кім тез шешеді? (20 қаз) Өз қолыңда қалады. (4)

 

1 түйе, бір жылқы.

2 сиыр, бір ешкі

2 қоян, үш түлкі,

Болды сонда нешеуі?(10)

18 асықтың 9-ын,

Досым сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады.(9)

Тест

1- топ 2-топ

  1. Амалды орында:

20 + 42 20 + 31

а) 62 а) 51

ә) 80 ә) 60

б) 29 б) 62

  1. 1 жылда қанша ай бар? 1 аптада қанша күн бар?

а) 12 а) 7

ә) 18 ә) 14

б) 36 б) 21

  1. Сатылғаны-10 л Кесе – 70 теңге

Қалғаны – 30 л Қасық – 30 теңге

Болғаны — ? Барлығы — ?

а) 10 а) 40 теңге

ә) 33 ә) 90 теңге

б) 40 б) 100 теңге

  1. Салыстыр: 8ондық * 6бірлік 9 ондық * 5 бірлік

а) < а) <

ә) > ә) =

б) = б) >

  1. Жақшалы өрнектің мәнін тап:

(20-5)+5 10+(30-10)

а) 10 а) 40

ә) 20 ә) 30

б) 30 б) 50

 

Қызықты тапсырмалар.

  1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он. Аулада

неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

  1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді.

Барлығы неше балық болды?

  1. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина ,мотоцикл,велосипед)

дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,

велосипед тұр?

 

  • Осымен ,балалар «Кім жылдам?» математикалық ойын сайысымызды аяқтай отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау үшін сөз кезегі әділқазы алқаларына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест 1- топ

  1. Амалды орында: 20 + 42

а) 62

ә) 80

б) 29

  1. 1 жылда қанша ай бар?

а) 12

ә) 18

б) 36

  1. Сатылғаны-10 л

Қалғаны – 30 л

Болғаны — ?

а) 10

ә) 33

б) 40

  1. Салыстыр: 8ондық * 6бірлік

а) <

ә) >

б) =

  1. Жақшалы өрнектің мәнін тап:

(20-5)+5

а) 10

ә) 20

б) 30

Тест 1- топ

  1. Амалды орында: 20 + 42

а) 62

ә) 80

б) 29

  1. 1 жылда қанша ай бар?

а) 12

ә) 18

б) 36

  1. Сатылғаны-10 л

Қалғаны – 30 л

Болғаны — ?

а) 10

ә) 33

б) 40

  1. Салыстыр: 8ондық * 6бірлік

а) <

ә) >

б) =

  1. Жақшалы өрнектің мәнін тап:

(20-5)+5

а) 10

ә) 20

б) 30

Тест 2-топ

  1. Амалды орында: 20 + 31

а) 51

ә) 60

б) 62

  1. 1 аптада қанша күн бар?

а) 7

ә) 14

б) 21

  1. Кесе – 70 теңге

Қасық – 30 теңге

Барлығы — ?

а) 40 теңге

ә) 90 теңге

б) 100 теңге

  1. Салыстыр: 9 ондық * 5 бірлік

а) <

ә) =

б) >

  1. Жақшалы өрнектің мәнін тап:

10+(30-10)

а) 40

ә) 30

б) 50

Тест 2-топ

  1. Амалды орында: 20 + 31

а) 51

ә) 60

б) 62

  1. 1 аптада қанша күн бар?

а) 7

ә) 14

б) 21

  1. Кесе – 70 теңге

Қасық – 30 теңге

Барлығы — ?

а) 40 теңге

ә) 90 теңге

б) 100 теңге

  1. Салыстыр: 9 ондық * 5 бірлік

а) <

ә) =

б) >

  1. Жақшалы өрнектің мәнін тап:

10+(30-10)

а) 40

ә) 30

б) 50

Просмотрено: 100%

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *