Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар

   
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әдебиеттегі сан сарын  Колледж: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейдуалиева А.М.
 Тобы: Б-1-20 Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны: —
Сабақ тақырыбы Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау.

Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып,  шығармашылық жұмыстарда  қолдану.

Сабақ мақсаттары -шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

-автор стиліне баға беру.

— ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстыру;

-шығармашылық жұмыстарда  қолдану.

Бағалау критерийлері -шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын  талдайды;

-автор стилін анықтайды.

-ғаламдық тақырыптағы мәселелермен байланыстырады,

— шығармашылық жұмыстарда  қолданады.

Бастапқы білім Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесінің мазмұнын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

3минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 Білімгерлермен амандасу. Түгендеу. Назарын сабаққа аудару. Сабақ тақырыбы, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

 

1-тапсырма.   «Пирамида» әдісі.

Романдағы кейіпкерлерді «Пирамида» әдісі бойынша  орналастырыңыз. Кейіпкерлерге сипаттама береді. Шығарма  мазмұны бойынша ашық сұрақтар қояды.

 

Дескрипторлар:

шығарма мазмұнындағы кейіпкерлерді таниды;

-ашық сұрақтар қояды;

 

2-тапсырма. «Шеңбер» әдісі топтық жұмыс (Үзінділермен жұмыс.)

Топтарға Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасынан үзінділер таратылады. Әр топ берілген тапсырма бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, постер қорғайды. Шығарманың үзінділерін оқи отыра мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтап жазады (троп, метонимия, гипербола, литота).

1-топ «Теңіз-өмір. Балық-сәттілік. Акула-кедергі.  Бала-үміт. Адам-қажыр-қайрат, табандылық иесі» Осы бестіктің бүгінгі таңдағы байланысына  қандай түсінік бересіздер? Неліктен? Үзіндіден троп түрлерін анықтау.

2-топ Шалдың теңізбен біте қайнасқан тұрмыс-тіршілігі суреттелген үзінділер негізінде оның өмір сүру салтына, қоршаған ортаға деген көзқарасына баға беріп, сыни пікір білдіріңдер, автор стилін анықтаңдар. Үзіндіден метонимия түрлерін анықтайды

3-топ «Шал» фильмі туралы мәтінмен танысып, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Үзіндіден гипербола түрлерін анықтау

4-топ Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романымен салыстыру жұмысын жүргізу. Үзіндіден литота түрлерін анықтау.

 

А білімгері ашық сұрақ қояды,көркемдегіш құралдарды анықтайды.

В білімгері ашық сұраққа толық жауап береді, салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

С білімгері материал жинақтайды, мазмұнын айта алады, ашық сұрақтарға жауап береді.

 

Дескрипторлар:

·         Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табады;

·         Талдау жүргізеді;

·         Авторың жазу стиліне баға береді.

·         Білімгерлер бір-біріне ашық сұрақ қояды.

·         Басқа шығармалармен салыстырады

Топтық бағалау жүргізіледі.

 

3-тапсырма: «Еркін талқылау»

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс істейді, постер қорғайды.

1.      Шығармадан тыс қалған көрініс. Осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін? Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру.

2.      Фокусты ауыстыру. Шығармадағы қосалқы кейіпкер туралы жазу. Бұл кейіпкердің шығармадағы орны қандай? Ол бұл шығармада болмағанда оқиға желісі қалай болар еді?

3.      Жанрлық трансформация. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, эссе түрінде ұсыну;  Шығармашылық жұмыспен айналысу.

4.      Моральдық қайта бағдарлау. Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту.

А білімгері шығарма мазмұнын ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады. Қосалқы кейіпкерлер туралы жазады.

В білімгері Осы шығармада тағы қандай оқиға болатындығын болжай алады. Мақала, эссе жазады.

С білімгері Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде анықтайды. Шығарманың бір сюжетін газеттік мақала, эссе түрінде жаза алады.

 

Дескрипторлар:

-шығармадан тыс қалған көріністі айтады;

-шығармадағы қосалқы кейіпкерлер туралы жазады;

-жанрлық трансформация жасайды;

-жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде танытады;

 

 

 

 

 

 

 

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/741

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

 

 

 

Үй тапсырмасы:

 

 

 

4-тапсырма. Жеке жұмыс

Автордың суреткерлік шеберлігіне баға беріп, өз ойыңызды    «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша жазыңыз.

Шығармадан үзінді Менің пікірім
   
 

 

 

 

 

Дескрипторлар:

-Шығармадан үзінді табады;

-өз пікірлерін білдіреді;

 

 

Кері байланыс:   « 3 Қ»

Қиын…

Қызық….

Қажет….

 

 

Повестегі адал еңбектің, адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын, тұлғаның бірегейлігін, табиғат пен адамның тұтастығын гуманистік тұрғыдан талдап,әдеби эссе жазу.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *