Денсаулық — өмір негізі

Несіпбаева Лаура Төлеуқызы

 

Сабақтың тақырыбы:        Денсаулық — өмір негізі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға денсаулық туралы    мағұлмат

беру. Денсаулықтың адам өміріндегі

маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық:     Оқушылардың  есте сақтау, ойлау, сөйлеу

қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:    Оқушыларды өзін-өзі күтуге, тазалыққа ,

ұқыптылыққа және  қоршаған ортаны қорғауға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер,сандық,тірек сызба.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

                 1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

               II.Негізгі бөлім.

1.Кіріспе сөз.

–Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.Егер де сол жұмбақтың шешеуін тапсақ,бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады.

«Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген адамдар,

Байлық осы деседі.»  /Денсаулық/

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы    «Денсаулық-өмір негізі». Денсаулық-адам өміріндегі ең басты құндылық.Денсаулық  мықты болу үшін тұрақты да мәнді өз күшің болуы керек.  Яғни бойды  тік ұстау, дене жаттығуларын орындау, дұрыс тамақтану , демалу керек.

Денсаулық адамға не үшін қажет?

Денсаулық адамға шаршамай жүру мен білім алу үшін ,көңіл күйіміздің жақсы болуы мен бақытты өмір сүруіміз үшін қажет.Соның ішінде денсаулыққа ең қажетті нәрсе спорт.

2.Суретпен жұмыс:

Тақтаға суретттер ілінеді.Суреттер арқылы оқушыларды сөйлету.Сұрақтар қою.

-Спортпен шұғылдану адамға не үшін қажет?

Өздеріңе спорттың қандай түрлері ұнайды?Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Дұрыс айтасыңдар ,балалар,спортпен айналыссақ деніміз сау,сергек, еңбекке жарамды,көңіл-күйіміз көтеріңкі болады.Сондықтан да «Спорт пен денсаулық егіз» деп бекер айтпаған.

Келесі суреттер арқылы да оқушылардың ойларын тыңдау. «Табиғат тазалығы адам денсаулығының кепілі» .  Алуан түсті гүлдер алқабы, сайраған құстар , бұлақ сылдыры , биік таулар , жарқыраған күн , таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайды.

3.Сыр сандық:

Балалар мен қазір сендердің алдарыңа үш сандық қоямын.Бұл сандықтар жай сандық емес .Бұл сандықтың ішінде адамның ең қымбат байлығы бар.

-Қане балалар , бұл сандықта не бар деп ойлайсыңдар ?-Ал,енді сандықты ашып көрейік./Сандықтың ішінен «Байлыққа жетудің жолы білімде» деп жазылған сөз шығады/

-Балалар неге байлыққа жетудің жолы білімде –дейміз?

Білім таусылмайтын қазына-байлық. Ал енді білімнен де жоғары байлық бар. Қане ол байлық жолын білу үшін ,келесі сандығымызды ашып көрейік : /Ішінен «Еңбек байлыққа жетудің жолы» деп жазылған сөз шығады /.Келесі сандық ашылып ішінен «Денсаулық» деген сөз шығады. Білімге еңбектену үшін қол жеткізетін болсақ,жан саулығы,денсаулық болмаса еңбектену де қиынға соғады, білімді де жете меңгере  алмайсың.

  1. «Ең үлкен байлық » ертегісі.

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
— Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
— Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
— Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
— Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
— Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
— Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
— Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

— Жігіт байлықты қалай түсінді?

— Үлкен адамның кеңесінен соң жігіттің «байлық» туралы көзқарасы өзгерді ме?

Балалар денсаулықты ештеңеге айырбастауға болмайды.Өйткені    денсаулық болмаса өмір де сүре алмайсың ,оның ең үлкен байлық болатындығы сондықтан.Осындай байлығымызды сақтау –өзіміздің қолмызда.

5.Сергіту сәті.

6.Дәптермен жұмыс.

   «Сау дене,азат ақыл адал көңіл,Үшеуімен бақытты болады өмір» деген мақал жазылады.Мағынасы: адамның дене шынықтыруы,үнемі денені таза ұстауы, күн тәртібін орындай білуі және адамның көңілді,қуанышты болуы денсаулықты сақтауға көмектеседі.

7.Тірек сызба жұмысы.

ДЕНСАУЛЫҚ

 

Табиғи күш   Дене шынықтыру   Дұрыс тамақтану  Тазалық

ІІІ.Қорытынды.

Денсаулық адамның бақытты өмір сүруінің негізгі көзі.Сондықтан оның қадірін біліңдер. Денсаулықтарыңды күтіп,аялаңдар.

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл – күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *