Махаббат

Бұл ұғымды естігенде жалпы адамзатқа не елестейді? Махаббат деген сөзді естісе,адамзат қауымы не ойлайды? Осы сөзді естіген кезде көз алдымызға қыз бен жігіттің бір-біріне деген сезімін елестетеміз. Махаббат-тап бір аспанмен тірескен үлкен әсем ғимарат секілді. Біз оның бейнесіне тамсанып, ішіне енгіміз келіп тұрады. Алайда, сол Махаббат ғимаратына кіріп, ұзыннан-ұзақ көтерілген сатыларды көреміз. Біреуге ұзақ, біреуге жақын болып көрінуі мүмкін. Алайда, көп адамдар тіпті сол баспалдаққа мінбей-ақ сынып жатады. Ал сен баспалдаққа міндің, бірақ оған төзбей,жарты жолдын әсем ғимараттың ішінен терезе арқылы үшкір заттар мен шыныға толы шұңқырға секіріп кетесің де, жарақат аласың. Яғни,бұл дегеніміз-адам махаббат соқпақтарына шыдай алмай айырылысып,қателік жасап, махаббатқа деген сенімін жоғалта бастайды. Ал мейлі, сол сатыдан кішкене демаласың,қайта тұрасың, шаршайсың, бұның барлығын не үшін жасайсың? Сен үміттенесің, махаббат саған ғажайып бір сезім сыйлайды деп. Бірақ жоқ, тағдыр саған неше түрлі сый дайындап қойған. Махаббат-ертегідегі ханшайымдар мен ханзадалардың қосылуы сияқты оңай нәрсе емес. Мейлі,сен жеттің. Қаншама қиындықты,қаншама азапты артта қалдырып,ғимараттың басына жеттің. Ал ол жерде сені сол ұшар бастан құлататындай нәрсе болуы мүмкін. Неге? Неге сен сонша қиналып ғимарат басына шыққанда, қайта құлауың керек? Себебі,сенің бір дұрыс емес қадамың,шалыс басқан қадамың,сені сол махаббат ғимаратынан құлатуы мүмкін! Өйткені, біз бұл ғимаратқа шыққан кезде алдымыздан үнемі бақыт күте бермейді.
Түйін. Менің сіздерге айтарым,қандай да қимыл жасасаңыздар да,ешқандай қателік,ешқандай кемшілік жібермеуге тырысыңыз. Себебі,махаббат ол-кейде дәрумен,кейде ең күшті у!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *