Жастарымыз ел болашағы

  • Қазақ халқы ертеден бала тәрбиесіне аса назар аударған. Баласын өмірінің жалғасы көретін біздің ел үшін, сәби өмірге келгеннен бастап азамат болып қалыптасуы үшін барын салған. Бұл саналы ой қазіргі 21 ғасырда да өз өзектілігін жоғалтпады. Отбасы тарапынан ғана емес ауыл, қала жастарына мемлекетімізден де жағдай жасалуда. Еліміздің көпшілік жастары ауылда. Сондықтан ауыл жастарының қазіргі жағдайы, өмір сүру салтына тоқталайық:
    -Ауыл жастары қазіргі уақытта немен айналысуда?
    Қазір ауыл жастары жеке мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысуда. Көктем кезінде егін егумен айналысатын ауыл тұрғындары бұл жұмысқа үлкен-кіші деп бөлінбей барлығы ат салысады. Жаз бен күз мезгілінде сол егінді орып сатумен өз табысын табуда. Бұл ауылдағы жалғыз күн көріс түрі емес. Әр жас өз қалағаны бойынша жұмыс жасауда . Бірі мемлекеттік қызметкер болса, екіншісі жеке кәсіпер. Дүкен, көлік жөндеу орындары, арнайы кішігірім асханалар, врнвйы тіл үйрететін кішігірм курстар т. б осы секілді жұмыстар жасауда.
    -Ауыл жастарының білім алу денгейі қандай?
    Төтенше жағдай енгізілгелі ауылдың ғана емес бүкіл елдің, әлемнің білім саласына әсер еткені бәрімізге аян. Осы уақытта да ауыл жастары білім алуын тоқтатпады. Қашықтықтан оқу арқылы мектепке, ЖОО-ға бармай-ақ білім алуды жалғастыра берді. Қашықтықтан оқудың ауыл жастарына тигізген өз кемшілігі мен артықшылықтары болды.
    Артықшылығы: Елде індет жайылған кезде үйде болу, карантин ережесін сақтау арқылы денсаулыққа зиян келуі мүмкін індеттен сақтандық;
    -Уақыт үнемдедік;
    -Отбасымызбен уақыт өткіздік;
    Кемшілігі:Ауылдық жерде тұрған жастардың көпшілігі интернет тапшылығынан қиналды;
    -Сабақ мектеп оқушыларында арнайы бағдарлама бойынша емес, ватсап желісінде өтті. Ал, студенттер болса оқу орнының жеке бағдарламаларына сай білім алды.
    -Денсаулыққа, оның ішінде көзімізге зиян болды.
    -Сыртқа шығып өзгелермен байланыс жасамағандықтан адам бойындағы әлсіздік артты.
    Ауылдың білім алу көрсеткіші қалаға қарағанда төмен деп айта алмаймыз, бірақ қалалық жерлерде ештеңеге қарамай жұмыс жасаған қосымша курстар секілді жұмыс жасайтын ауылда қосымша курстар мен арнайы үйірмелердің көп болмауы сәл дамуды тежеп тұр десек те болады.
    -Ауыл жастарына мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуда, қандай жастарды қолдайтын орталық, ұйымдар бар?
    Осы сұраққа жауап табу мақсатында Жаңақорған ауданы «Жастар ресурстық орталығы» директоры Наурызбай мырзамен сұхбат болды.
    Бұл орталықтың негізгі мақсаты — аудандағы жастарға арналған мүмкіндіктерін көбейту, шығармашылық дамыту, кеңес берумен айналысады. Мониторингтік жұмыс яғни жастар төл құжатын дайындау,қанша жас бар, қанша жас отбасы бар, жұмыссыз жастар санын үнемі бақылап отырады. Бұл орталық «Жасыл ел» жобасы аясында 2021 жылы жұмыссыз жастар мен оқудан босаған студенттер арасынан маусымдық жұмыспен 40 жасты қамтамасыз етті.
    Мемлекеттік мекеме 4 маманнан тұрады және ол мамандардан бөлек әр ауылда өз қызметкерлері бар.
    Ауданда «Жаңарған Жаңақорған жастар» қоғамдық қор;»Нұрлышуақ» қыздар ұйымы;»Қамқор» әлеуметтік дүкен жағдай төмен отбасыларға қолдау үшін арнайы киім кешек , заттар беретін дүкен;»Аяулы алақан » студенттерден құралған ұйымдар жұмыс жасауда.
    Мекеме ауыл жастарын қолдау мақсатында әлеуметтік жоба мен арнайы іс шаралар жиі ұйымдастырылады.
    2021 ең алғаш жастар воркауд спорт түрі болып өтті , бұған қызығушылық танытқан жастар саны көп болғанын Наурызбай мырза ерекше атап өтті. Термешілерге арналған байқау; Жайдарман, спорттың әр түрінен жарыстар, алаш қайраткерлеріне арналған іс-шара, тәуелсіздігіміздің-30 жылдығына орай жасалған іс-шаралар, «Ауылдағы бір күнім» атты бейнетүсірілім бойынша шаралар өткендігін айта өтті. Ауданда орналығындағы бұл іс-шараларға Жаңақорған ауданының барлық ауылы дерлік белсенді қатысады. Бірі ауыл жастары жайдарман мен өнерден өза шауып отырса, екінші бір ауыл спорт түрлерінен өз басымлығын көрсетуде дейді Наурызбай мырза.
    Қазіргі уақыттағы ауыл жастарының жағдайы осылай. Жылдан-жылға жастарға арналған орталықтар мен ұйымдардың көбеюі одан әрі жастардың жан-жақты өсіп-жетілуіне жағдай жасауға .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *