Мен және менің мамандығым

Сейткожаева Назерке Токтархановна

«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла- Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға-жұмбақ. Осы жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білуі, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.Мен тәрбиеші мамандығын не үшін таңдадым?Бұның жауабы өте қарапайым. Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жұмыс емес-бұл  менің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай емес.Жаңғыру заманындағы балаларға, өз заманауи талаптарына сай білім беруді талап етеді. Бұған білім, тәжірбие және үлкен шыдамдылықты қажет етеді деп ойлаймын.Біздің алға қойған мақсатымыз балалардың тәрбиесіне аса көңіл бөліп, оларды  алдағы өмірі сенімдеріне және оқып –білім алуға құштарлығын арттыру.Балалар-біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңі. Осы келешек ұрпақтың ойы озық, білімі тереңі,тәрбиесі жоғары болуы үшін мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде.Мен «Толғанай» балабақшасында он бір жыл еңбек етудемін,бұл еңбектен жалыққан емеспін.Ұжымен жұмыс жасағанда қызықты сәтер бастан өтіп жатады.Бәріненде менің есімде қалғаны – менің балалармен бірінші кездесуім. Балабақша есігін ашқанда «Бақытты балалық шақ» әлеміне келгенімді білдім. Әр мамандықтың өз қиындығы болады. Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің,шынайылықтың айнасы.Күнде ертеңгісін  балабақшаға келіп бүлдіршіндерімді қарсыалып, олардың жағымды үндерін тыңдап , тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?» деген сөздерін естігенде, бойым бір сергіп қалады.Күнделікті өтетін сабақ мен үшін маңызды,өйткені  сабақты өткізуім педогогикалық шеберлігімен балаға түсіндіре отырып білім беруімде.Балаларға білім беріп, жақсылыққа үйрету мен үшін бір бақыт. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де,қызықты да.Шынымды айтсам,жұмыстан үйге барғанда, шаршағанымды сеземін.Бірақ сол  өткізген күнімді  талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен бір сәт еске түсірсем,шаршағанымды ұмытып кетемін. Мен, әрі суретші,әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде тәрбиелеудемін.

Қиындығы мен қызығы,ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым –үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушінің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып,бұлақтың көзін ашу,биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау.Халқымызда «Жас  келсе –іске»деген керемет сөз бар.Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.Батыр  Бауыржан Момышұлы «Ешкім іштен  батыр болып тумайды батырлықта мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және жақсы тәрбиеші болу үшін барлық ерік-жігерімді сарп етуге әзірмін.Сондықтан, біздің бүгінгі міндетіміз –әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндерімізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *