«Төрт түлік»

Жарасова Айдана Қайратқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Төрт түлік»

Оқу іс – қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, үй жануарларының төлдерін ажыратып, атын атай білуге үйрету.
  2. Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең – жырлар, жұмбақтар, мақал – мәтелдер, әңгімелер арқылы балалардың тіл байлықтарын дамытып,сөздік қорларын молайту.
  3. Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

 

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауаптар, жұмбақтар,ойын.

Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, ұлттық тағам түрлері.

 

Оқу іс – қызметінің барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен сәлемдесу, жылулық шеңбері.

 

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын.

Шаңырағымыз биік болсын,

Керегеміз кең болсын,

Достарымыз көп болсын.

 

Балаларға төрт түлікке байланысты жұмбақтар жасыру.

 

Жұмбақтар

 

  1. Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе де «су» демейтін,

Ол қай жануар? (Түйе)

 

  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат,сүті дәрі,

Еті тамақ

Бұл не? (Жылқы)

 

  1. Өзі күшті, мүйізі мықты,

Қызылды  көрсе, құтыра шықты.

Төрт бұлағы – сүт, баға білсең – құт,

Шайнақтайды сағыз, сүттің кені нағыз. (Сиыр)

 

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

 

  1. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

Бұл не?                                                                                                                            (Ешкі)

 

Тәрбиеші:

Балаларға тақырыпты хабарлау. Төрт түліктің суретін көрсетіп, олардың төлдерімен таныстыру.

  • Балалар, түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі қандай жануарлар?
  • Үй жануарлары
  • Дұрыс балалар, ал үй жануарларының төлдерін қалай атайды?

Сиыр төлі – бұзау,

Қой төлі – қозы,

Жылқы төлі – құлын,

Түйе төлі – бота,

Ешкі төлі – лақ.

 

  • Неліктен оларды «үй жануарлары» деп атайды?
  • Өйткені, олар үйде тұрады, адамдардың көмегімен өсіріледі.

Тәрбиеші: — Дұрыс, ал үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: -Біз олардан ет, сүт, айран, қымыз, шұбат аламыз.

Тәрбиеші: -Өте дұрыс, балалар, үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы көп екен. Олардың ішінде жылқы мен түйе ең ірі жануарға жатады.

Жылқы: Ең жүйрік жануарлардың бірі, оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтінен қымыз ашытады. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта,шұжық әзірлейді.

Ал түйе бірнеше күн аштық пен шөлге шыдайды. Сол себепті, басқа жануарлар жемейтін тікен мен шөпті жеп, арқасына май жинайды, оны өркеш дейді. Бір өркешті түйені нар,екі өркештісі айыр түйе деп аталады.

Түйенің де пайдасы мол.Сүт (шұбат), терісі, жүні адам қажетін өтейді.

Қойдың еті дәмді, терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім тон, аяқ киім де тігеді, жүнінен киіз  басып, пима тігеді, кілем, киім, қолғап, мата тоқиды.

Сиыр сүт береді, ал сүттен қаймақ, май, ірімшік жасайды.

Қазақ халқы төрт түлік малдың әрқайсысының пірісі, киесі, қамқоршысы бар деген

 

Түйе атасы – Ойсылқара

Жылқы атасы – Қамбар ата

Сиыр атасы –Зеңгі баба

Қой атасы – Шопан ата

Ешкі атасы – Сексек ата

(Хормен айту)

 

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші:  — Балалар, қараңдаршы түйе атасы келіпті, қарсы алайық.

Балалар: — Сәлеметсізбе?

Ойсылқара ата: — Армысыңдар, балалар?

 

 

Тәрбиеші: — Балалар, түйе атасы бізге қонаққа келген екен, қонағымызға үй жануарлары жайлы тақпақ айтып берейікші.

 

Шөре – шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

 

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

 

 

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяұын,

Бұзау оған ереді.

 

 

Түйе – малдың үлкені,

Жылқы – малдың үркегі.

Сиыр – малдың сүттісі,

Қой – малдың құттысы.

 

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар, үй жануарлары туралы тақпақ біледі екенсіңдер, ал осы жануарлар қалай дыбыстайды?                                        Түйе – боздайды – бух-бух-бух

Жылқы – кісінейді – и-ho-ho-ho

Сиыр – мө-мө-мө,му-му-му

Қой – маңырайды – мә-мә-мә

Ешкі – бақырады – бе-бе-бе

 

Сергіту сәті

 

Далам қандай тамаша,

Тауға шығам таласа.

Ойға түсем зымырап,

Қозы – лақтай шапқылап.

Құлын – тайдай тебісіп,

Сергіп қалдым келісіп.

 

Қорытынды:

 

  • Сонымен балалар, « төрт түлік» деп қандай жануарларды айтамыз?
  • Төлдерін атайықшы
  • Әр төлдің бабаларын кім атап береді?
  • Үй жануарлары немен қоректенеді?

 

Ән: «Төлдер»

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *