Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру

  Махамбетали Құралай Дайрабайқызы                                                                     Тақырыбы «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыру»

Мақсаты:Өскелең ұрпаққа оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи

әдістерін енгізіп,заман талабына сай жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Жоспары:

1.Білімнің қайнар көзі-Балабақша.

2.Жаңартылған білім беру МДҰ-ғы тәрбие мен  оқыту мазмұнын

іске асырудың негізгі бағыты.

3.Бағдарламаның  іске асырылуы

4.Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері.

5.Педагогтардың педагогикалық шеберліктерін  арттырудың негізгі

тәсілдері

6.Педагогтардың зерттеу жұмыстары

 

Білімнің қайнар көзі- балабақша.Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі   ең  маңызды кезең  сондықтан балалардың мінезін қалыптастыру, дарындылық қабілетін анықтау,сыни ойлауға  тәрбиелеу басты мақсат деп білемін.

Тәрбиелі,білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығу үшін жаңа,тез өзгермелі,білімді де білікті,тың серпіліске , өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын кәсіби шығармашыл педагог  мамандар қажет ететіне көзіміз жетіп отырғаны рас.

Жаңартылған білім беру МДҰ-дағы тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту.

МДҰ-да тәрбие мен оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану

-Балалардың денсаулығы мен психиканы нығайту

-Жаңартылған стандарт пен бағдарламаны балалардың деңгейіне  қойылған талаптарды жүзеге асыру.

-Оқу іс-әрекетінде М.Мантессори,ТРИЗ технологиясын,ақпараттық технологиясын қолдану.

Отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығын нығайту.

                               Бағдарламаның іске асырылуы

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»

Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы  мен  мектепке дейінгі педагогика  және білім беру салаларын  кіріктіру негізінде  жүзеге асырылады.

Инновация

Инновация-ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі  өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген мағынаны  білдіреді.Педагогикалық  үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына,мазмұнына,оқыту әдістері мен формаларына,педагог пен тәрбиеленушінің біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.

Білім беру процесін  ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері

-Тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары –педагогтар,психологтар,ата-аналар мен баланың  тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл

-Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда   әрекеттік-

-Баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне мониторинг инновациялық тәсіл

-Тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігі,сабақтастығы,үздіксіздігі.

-Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.

Педагогтардың педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері

Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогы келесі талаптарға жауап беруі қажет:Рухани,кәсіби,жалпы мәдени және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай,үйлесімді дамыған,тұлға.

            Мектепке  дейінгі ұйым педагогтары мен мамандары:

үнемі өздігінен білім алумен айналысу

-педагогтар мен ата-аналар үшін ашық сабақтар өткізу

-оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын игеру

-мақалалар,баяндамалар,сөйлейтін сөздерді дайындау арқылы өзінің әлеуетін іске асыру.

-біліктілікті арттыру курстарына үнемі өту

-өзінің біліктілігін алу және нақты үшін аттестациядан уақытында өту

-жас мамандарға  әдістемелік көмек көрсету

-педагогтарға арналған түрлі байқауларға  қатысу

-өзінің педагогикалық жетістіктерінің нәтижелерін портфолиосын үнемі  толықтыруы.

 

 

                       Педагогтардың зерттеуі жұмыстары  

 

Топтағы зерртеу жұмыстары

-Балаларды зерттеу түрлері

-Ата-аналармен сұхбат

-Әріптестермен сұрақ-жауап

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *