ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

ОРЫС ТІЛІ ПӘНІН БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Достияр Гүлнұр Жұмағұлқызы

Қазіргі кезде бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе терең зерттелуде. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Елімізде жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мән-мәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

Орыс тілі пәні бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының басымдықтарындағы негізгі ерекшелік – оқу мақсаттары оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға және оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытпай, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау аса маңызды болып отыр [1].

Оқушылар жеке –дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді, яғни білім алушылар алға ілгерілген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, олар өздігінен жұмыс істей алады. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылардың жоспарлы нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдауға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Яғни, мұғалім «үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек.

Оқытудың интерактивті әдістері де өте тиімді, өйткені олар жоғары деңгейдегі ынталандыруға, барынша жеке-дара оқытуға ықпал етеді,

шығармашылыққа, оқушылардың өзін-өзі танытуына арналған кең мүмкіндіктерді көздейді. Интерактивті әдістер оқушыларға өз күштерін, өз қабілеттерін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзіне деген сенімділігі артады. Белсенді әдістердің бәрі жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді, мектептегі әдеби және тілдік білім берудің басты мақсатына жетуге – талантты оқырман мен сауатты адамды тәрбиелеуге, ақыр аяғында – белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға көмектеседі. Олар логикалық ойлауды дамытуға, сөйлеу дағдыларын жандандыра отырып, өз көзқарасын дәйектеу мен қорғауға мүмкіндік береді. Олар білім алып қана қоймайды, өздерінің коммуникативтік дағдылары мен машықтарын дамытады: басқаның пікірін тыңдауға, түрлі көзқарастарды өлшеп, бағалауға, пікірталасқа қатысуға, бірлескен шешімдер шығаруға бейім болады. Тәрбиелік мүмкіндіктер де айтарлықтай: оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнату, командада жұмыс істеу – мұның бәрі оқушылардың жүйкесіне түсетін жүктен арылтады. Интерактивті әдістемелерді пайдалану оқушылардың дамуына ықпал етеді.

Сабақ барысында баланың өзін еңбектендіріп, сенімді, жауапты оқу әдістерін қолдану арқылы белсенді мүшесі болуына, оқушының танымдық әрекетін күшейтіп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал ету арқылы Вергем ұсынған ойын баламаларын басшылыққа алуға болады. Атап айтқанда «Автор орындығы» «Кім жылдам?», «Ойша саяхат», т.б. Мүғалім оқушыларға ой тастау мүмкіндіктері мен сыни ойлауды зерттеу үшін «Егер де мен картограф болсам…», «Егерде мен зерттеуші болсам…» сияқты тапсырмалар арқылы оқушылардың дағдыларын дамытуға үлесімнің нәтижесін бағалау кезінде алдын ала белгіленген критерийлер бойынша «қалыптастырушы» бағалау негізінде бағаланады.Осы кезде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыста : «қызық болған 3 нәрсе», «қиын болған үш нәрсе», «құнды болған үш нәрсе» тақырыбында оқушылар өз ойларын жазады. Кері байланысты жақсы ниетпен қабылдап, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ризашылығын таныту дұрыс [2].

Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекеленген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Белсенді оқу барысында мұғалімдер:

— барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға;

— сенімді, жауапты, белсенді, жаңашылдыққа ұмтылатын және өзінің іс- әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;

— оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс тәсілдерді қолдануға;

— алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға;

— оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;

— оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.

Сыныпта ынтымақтасты ахуалын қалыптастыру үшін оқушылармен түрлі тренингтер өткізуге болады: сынып ұжымына жағымды психологиялық орта қалыптастыруға , тұлғааралық қатынасты нығайтуға, оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге арналған жаттығулар, табысқа жету жағдаяттары, т.б. Мұндай ойын түрінде өткізілетін тренингтер оқушылардың өзара арала- суына және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз қарымқатынастың орнауына мүмкіндік туғызады [3].

Қорыта келгенде әңгіме, сұрақ- жауап, ойын әдістерін қолдана отырып қарапайым тілмен өту керектігін, оқушыларға талдау, салыстыру, тұжырымдарын ескере отырып, оқушыларды уәждеуге баулу, оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты, маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау нұсқаулығы. Астана 2016ж.
  2. Білім мазмұнын жаңартуда жалпы орта білім беретін мектептердегі пән мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша ұсынымдар. Шымкент, 2017ж.
  3. Аниськина Н.В. Языковая личность современного старшеклассника: Алматы, 2018. — 41 с

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *