Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:  Алгебра – 8 сынып

Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы.

Математика пәінің мұғалімі:Салыкова Гүлбаршын Елубаевна

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі :                        Статистика элементтері  
Сабақ тақырыбы Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы.  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.3.3.1

таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;

8.3.3.2

жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;

 
Сабақ  мақсаттары *Барлығы: таңдама  нәтижелерін  жиіліктердің  интервалдық кестесін құрады;

*Басым бөлігі жиіліктер  гистограммасын тұрғызып,гистограмма бойынша сұрақтарға жауап береді;

*Кейбірі:статистикалық  мәліметтерді  кесте  әрі гистограмма түрінде талдау жасайды.

 

 
Бағалау   критерийі ·       Кездейсоқ таңдаманың көлемі, құлашы, ығыспалы қатар, жиілігі, салыстырмалы жиілігі, модасы, медианасын табады және  ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құрады;

·       Ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін құрады және оның көмегімен жиіліктер алқабын тұрғызады;

·       Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кестені қолданады және оның көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады.

 
Тілдік   мақсаттар Оқушылар:

— салыстырмалы жиіліктер және жинақтық жиіліктерді анықтау жолдарын талқылайды және түсініктеме береді;

— жиілік кестесі, жиілік алқабы түрінде берілген жиналған мәліметтерді барлық  сыныпқа презентациялайды  және  берілгендерді жинақтау, жөндеу  бойынша ұсыныс жасайды

 
Құндылықтарға   баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Еңбек, шығармашылық, ынтымақтастық және өмір бойы білім алу.  
Пәнаралық   байланыс Информатика, математика,экономика  
Алдыңғы  білім Сандар қатарының модасын, медианасын және арифметикалық ортасын табуды, ығыспалы қатардың жиіліктері алқабын тұрғыза, оқи біледі. Диаграммаларды салу.  
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар  
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсаттарымен, барысымен таныстыру,  жетістік критерийлерін талқылау.

1.«Көңіл-күйді смайликтермен жеткізу» психологиялық ахуалды жақсарту.

 

2.   Сыныпты топқа бөлу.

Саралау тәсілі: «Жіктеу»/ талаптары әртүрлі оқушылар / Белсенді әдіс : Стикер. Қағаз қиындыларындағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы (арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, медиана, мода) төрт топқа бөлінеді.

1 топ: Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

1,3; 0,6; 2,4; 0,5.

2 топ: Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар:

3,5; 0,8; 4,9; 0,6; 5,7

3 топ:  Сандардың модасын табыңдар:

1,3; 1,2; 1,5; 1,3; 1,5; 1,4

4 топ: Сандардың медианасын табыңдар:

1,3; 0,6; 2,4; 0,5.

 

ҚБ:«Мадақтау» әдісі: «Жарайсың!» «Керемет!» «Өте жақсы!»

БҮКІЛ СЫНЫП ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС:

№1 тапсырма Жұптық жұмыс

Үміт — үздік студент. Ол оқып жүріп-ақ табыс табуды көздейді.

Жастайынан өз кәсібін құруды мақсат етті. Өз мақсатына жету үшін

ғаламтор дүкенін жүргізу жайында семинарларға қатысты.

Ғаламтор дүкенін ашатын болса, онда тауар сататын арнайы орын

немесе дүкен керек болмайтынын түсінді. Алғашқы идеясы

жасөспірімдерге арналған ойындарды сату. Үміт ғаламтор

дүкенінде ойындардың 85 түрін сатады. Олар бағасына қарай

кестеде көрсетілгендей үлестірілген.

 

 

 

 

 

 

№1

Ойындар түрінің қаншасы 9 мыңнан 12 мың теңгеге дейін тұрады?

Сұрақтың жауабын беру үшін мәтіндегі фактілерді қолданып,

есептеулерді жүргізеді.

№2.

Өте қымбат қанша ойын түрі бар (15 мың теңгеден жоғары)?

Ойын бағаларымен танысып, бағалар бойынша талдау жүргізеді

ең жоғары бағаны анықтайды

№3

Ойындардың арзан түрлерінің (6 мың теңгеден аз) салыстырмалы

жиілігі пайыз бойынша қандай? (жауапты бүтінге дейін дәлдікпен

дөңгелекте).

Сұрақтың жауабын анықтау үшін арнайы академиялық білім

қажет. Алдыңғы сабақтарда өтілген салыстырмалы жиілік және

оны пайызбен беру дағдысын еске түсіреді, синтездеу процесі іске

асады.

ҚБ бірін-бірі бағалайды

ДАМУ:

Есеп. 13-14 жастағы 25 баланың салмағы өлшенді. Алынғын

мәліметтер:

-өлшеу нәтижелерінің арасындағы ең кіші масса 39 кг;

-ең үлкен масса 57 кг;

-массалар мәнінің ауытқуы: 57 — 39=18;

1) Таңдау нәтижелерін жиіліктің интервалдық кестесі арқылы қалай

беруге болады?

2) Жиіліктің интервалдық кестесін гистограмма түрінде қалай

беруге болады?

ҚБ топтық бағалау

Сабақ кезінде оқушылардың қандай деңгейге жеткенін қалай

тексересіз?

Plickers ойыны

Ойын әрі қызықты әрі дер кезінде сыныптың неше пайыз түсінгені

Смайликтер, стикерлер

үлестірме тапсырмалар, постерлер.

 

 

 

 

 

 

 
Сабақтың соңы

 

Саралау тәсілі: Қорытынды

Қалыптастырушы  бағалау тапсырмалары:

Бағалау критерийі Білім алушы

• Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кесте құрады

• Жиіліктердің интервалдық кестесінің көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады

 

 
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма

Шығыс Қазақстан облысындағы кездейсоқ алынған 30 ауылдағы халық санын зерттеу (адам саны) мынадай нәтиже берді:

2680; 2805; 2700; 2050; 2760; 2800 ;2930; 2430; 2990; 2795;

2170; 2681; 2945; 2645; 2743; 2100; 2954; 2068; 2095; 2786;

2540; 2680; 2860; 2814; 2590; 2712; 2120; 2945; 2794; 2785.

a) жиіліктің аралық кестесін жазыңыз

(2000 адамнан бастап, аралық ұзындығын

200 адам етіп алыңыз);

b) гистограммасын тұрғызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

алынған аралықты интервалдарға бөліп, өсу

ретімен орналастырады;

әрбір аралықтың жиілігін есептейді;

координаталық осьтерді таңдайды;

гистограмма тұрғызады.

ҚБ: «Смайлик»

Қатесiз, дұрыс, таза орындалған жұмыстары дәптерлерiне смайлик жапсырылады.

 

Кері байланыс. «Көңіл күйді смайликтермен жеткізу». Оқушылар сабақтың басында және аяғында алған смайликтерін салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіріп береді.

«Кезбе тілші» әдісі.

Саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз дұрыс жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі, оқушылар өздерінің  мықты, әлсіз тұстарына жауап береді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, сөз қорын дамыту мақсатында  4 оқушы таңдап алынады. 1-оқушы телефон соғып жатқанға ұқсатып, сабақ бойы орын алған  оқиғалар туралы хабарлайды. Мысалы: Бүгінгі сабақта таңдама модасы, медиана, салыстырмалы жиілік, жиілік алқабы, жиілік гистограммасы туралы айтылды. 2- оқушы, телестудиядағы диктор, жиынтық ақпарат береді. Мысалы: Көрсеткіштердің  ең үлкен мәннен ең кіші мәнді азайтсақ  таңдама құлашы табылса, келтірілген мәліметтерді өсу ретімен жазып  ығыспалы қатардың әрбір элементін табуды.  Берілген деректерді оқып үйрену үшін әрбір нұсқалықтың жиілігін анықтау қажет

екендігі айтылды. 3-оқушы: Тілші: оқиға орынан ақпарат ұсынады. Мысалы: Тәжірибелер қарастырылды, т.с.с.

4- оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер /куәгер бірнешеу болса да болады, яғни сынып оқушыларын алуға болады./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Саралау Бағалау  
Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз ролдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Оқушылар жеке, жұптық, топтық зерттеулермен жұмыстанады. Постерлер, деңгейлік, зертханалық жұмыстармен жұмыстанады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі, есеп шығаруда «Қарқын» әдісі, қорытындылауда «Қорытынды» тәсілі.   қолданылады.

Жеке оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мадақтау арқылы, ынталандыру арқылы жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау түрлері:  «Мадақтау», «Жұптық тексеру», «Бағдаршам», «Cағат тілі бағытымен тексеру»  әдістері. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалар дескрипторларымен берілді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *