Ұстазға тағзым 

Ұстазға тағзым

Жүрегі оның қазақтың даласындай,
Әр оқушы бауыр-ет баласындай.
Ұстаз маған көрінер әрқашан да
Ел-халқының ойшыл бір данасындай.
Ұстаз!
Ұстаз!
Өзіңсің асыл адам!
Қанша қиындық көрсең де жасымаған.
Ғұламаны түлетіп ұшырсаң да,
Кеуде керіп ешқашан тасымаған! – ақын осы жыр шумағына барша ұстаздар
қауымына тән асыл қасиеттерді сыйдырғандай.
Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашан да ерекше құрмет
тұтып,қасиетті «ұстаз» атауымен атаған.Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Өмірдің өзі
де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен
сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе
бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы
мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді
көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын
да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы.
Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып,
үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді
шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың
қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса
да сізді маман қылатын тағы да ұстаз десек, мен өмірге зор несібемен келген бақытты
Ұстазбын!
Кең дүниенің есігін ашып,өмір сыйлаған, ақ сүтін берген Анашым білім нәрімен
сусындатқан алғашқы ұстазым болды. Қазіргі таңда жеткен әр жетістігім,өзімнің де сүйікті
ұстаз атануым,бойымдағы адами құнды қасиеттерім Ана-Ұстазымның құрсағында
жатқанда-ақ бастау алған тәрбиемнің жемісі деп білемін.
Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді
осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ.
Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің
тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске
жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

 

Маханбетова Қарлығаш Әбутахирқызы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *