Менің мамандығым тәрбиеші

Жумагалиева Марал Рашиденовна

Менің 

мамандығым —  тәрбиеші.

 

Бұл  өмірде  көптеген  мамандық  түрлері  бар  және  сол  мамандық  түрлерінің  әрқайсысы  өз  қылығымен  ерекшеленеді. Бірақ  бәрінен  де  қызықты, қажет  мамандық – тәрбиеші  мамандығы  деп  ойлаймын.  Әрине, тәрбиеші  мамандығы  қиынырақ- өйткені  кіші  ұрпаққа  үлгі  болу,  тәлім- тәрбие беру,  ақыл-кеңес  үйрету  біздің  парызымыз, осы кішкентай  қиындықтың  бәрін  біз  жеңе  аламыз, өйткені  оның  бәрі  балаға,  кішкентай  бөбектерге  деген  сүйіспеншілігіміздің,  махаббатымыздың арқасы. Сүйіспеншілік, қамқоршылдық  жер  бетіндегі  барлық  тірі  ағзаларға  керек. Мысалы: құстар, жан-жануарлар, аңдар және   ересек  адамдарымыздың  өзі де  соған  зәру  және  әрине  сонымен  бірге  біздің  кішкентай  бүлдіршіндерімізге  ерекше  түрде керек.

 

       Ал мен өзімнің қасымда  сол  кішкентай  бүлдіршіндерің  барына  қуанамын, олар  әрқайсысы  өз  қылығымен  тәтті, алғыр, ұяң, ширақ, қызықты. Оларға ең алдымен  не  керек? Бәрінен де —  жылы  жүрек,  махаббат керек, сондықтан мен  олардың  әрқайсысын  бөліп  жармай,  бәрін  бірдей  қабылдаймын.   Басқа  мамандық  түрінен  мұндай  қызығушылықты  көрмейсіз, өйткені  тәрбиеші- бала жанының  емдеушісі, сарапшысы, қиындықтың  бәрін  жеңе   біліп,  балалардың  сенімі  мен  кішкентай  жүректерін  жаулап  алатын  адам.

 

   Мен  осы  себептерден  кейін тәрбиеші  мамандығын  таңдап алдым  және  осы  мамандықты  қатесіз  таңдағаныма  қуаныштымын. Осы мамандық  жолында  әрі  қарай  білім  алуға, дамуға, әртүрлі  қызықты  жұмыс  түрлерін  үйренуге  болады, қысқасы  бір  орында  тұрып  қалмаймын.  Тәрбиеші  мамандығына  осы себептерден  басымды  ие  отырып,  ұлы  ұстаздардың  ұшан  теңіз  еңбектері  мен  тәжірибесіне басымды иемін.

 

 

Балабақшаға    келген  балалардың  жүздері  сондай  жарқын, көңілді,  бақытты  балалық  шақтары  сондай  қуанышты,  олардың  қуанышы  -менің  қуанышым.

 

   Осылай  біз  барлығымыз  бірге  білім  жолында  келе  жатырмыз, олар  «жаманнан  жиреніп, жақсыдан  үйреніп» айналадағы  қоршаған  ортаны  танып  білуде,  ал мен  олардың  барлық  жақсы  қасиеттерді  өз  бойларына  сіңіре  білуіне  қызмет  етуден  жалықпаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *