Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистерді жалпы төртінші билік деп айтамыз. Журналистер қандай жағдай болмасын шыңдықтың жағында болып қоғамға да, адамға да қызмет етеді.

Қазіргі кезде журналистің қызметінің еркіндігі туралы мәселелер бар. Біз Тәуелсіз ел болсақ та, журналистердің қызметі еркін емес деп ойлаймын. Журналистердің өз ойын білдіру мүмкіндігі біздің елімізде жоқ.

Мысал ретінде, Бисариев Әділетті алуымызға болады. Бисариев Әділет “Қайрат” футбол клубында жүргізуші қызметін атқарды. Бірақ, “Қайрат” футбол клубында қазақ тілінде сөйлегені үшін жұмыстан шығарылған. Тәуелсіз мемлекетте өз мемлекеттік тілімізде сөйлегені үшін журналист өз жұмысынан айырылатын болса, бұл жерде қандай қызметтік еркіндік туралы сөз қозғалуы мүмкін. Осыдан кейін, журналистердің өздерінде сөз еркіндігі бар дегенге сенесіздер ме?

Мысалы, мен сене алмаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *