Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистерді жалпы төртінші билік деп айтамыз. Журналистер қандай жағдай болмасын шыңдықтың жағында болып қоғамға да, адамға да қызмет етеді.

Қазіргі кезде журналистің қызметінің еркіндігі туралы мәселелер бар. Біз Тәуелсіз ел болсақ та, журналистердің қызметі еркін емес деп ойлаймын. Журналистердің өз ойын білдіру мүмкіндігі біздің елімізде жоқ.

Мысал ретінде, Бисариев Әділетті алуымызға болады. Бисариев Әділет “Қайрат” футбол клубында жүргізуші қызметін атқарды. Бірақ, “Қайрат” футбол клубында қазақ тілінде сөйлегені үшін жұмыстан шығарылған. Тәуелсіз мемлекетте өз мемлекеттік тілімізде сөйлегені үшін журналист өз жұмысынан айырылатын болса, бұл жерде қандай қызметтік еркіндік туралы сөз қозғалуы мүмкін. Осыдан кейін, журналистердің өздерінде сөз еркіндігі бар дегенге сенесіздер ме?

Қазақстанда сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындықтарға ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді ,- дейді журналист.
ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы бюросының жетекшісі Тарья Виртанан ханымның айтуынша, өткен жылы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Қазақстанға арнайы сапармен келіп, осындағы адам құқығы және сөз бостандығы жағдайымен танысып қайтқан соң, өзінің бағалауын жасаған болатын. Бұл бағалау бойынша Қазақстанның қазіргі қолданыстағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңы халықаралық норма, талаптарға сай еместігі, заңда ақпарат құралдары үшін көптеген шектеулер мен олқылықтардың бар екендігі айтылыпты.

— ЮНЕСКО ұйымы Қазақстандағы және аймақтағы басқа елдердегі сөз бостандығына қатысты жағдайды жақсарту мақсатында үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын, — деді ЮНЕСКО ұйымының Қазақстандағы өкілі.

БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера ханымның айтуынша, әлемнің кез-келген мемлекетіндегі азаматтық қоғамның қаншалықты деңгейде дамығандығы сол елдегі баспасөз еркіндігінің толық жағдайын көрсете алмақшы.

— Яғни, бұл екі ұғымды бір-бірінен ажыратып бөлек қарауға әсте болмайды. Сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы азаматтық қоғамның бір маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстандағы сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы мәслесіне келер болсақ, БҰҰ ның Даму Бағдарламасы бұл мәселе бойынша соңғы жылдары қандай бір зерттеу жұмыстарын жүргізген жоқ, сондықтан бұл жөнінде қандай бір баға айту қиын, — дейді С.Недера.

Өткен жылы халықаралық «Freedom House» ұйымы әлемнің 195 еліндегі сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесіне зерттеу жасап сол зерттеу қортындысы бойынша Қазақстан Тәжікстанмен бірге баспасөз еркіндігі нашар елдердің қатарында 166-шы орынды иеленген.

     Орындаған: Кенжеғұл М.М

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *