Тележурналистиканың қоғамдағы рөлі

Тележурналистиканың қоғамдық қызметі.
Тележурналистика-бұқаралық ақпарат құралының бір түрі,жаңалықтар мен оқиғаларды көрермендерге жеткізеді,шешендік өнердің бір тармағы,орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе камера алдында бой түзеп, халыққа ұтымды ой айта білу.
Тележурналистика- ақпаратпен танысып, оны жүйелі түрде халыққа орынды жеткізу.Көререндерге дәйекті ақпаратты көзбен көргендей етіп жеткізетін көгілдір экран күллі адамзат үшін аса маңызды идеологиялық құрал. Жер бетіндегі барша жаңалықтар журналисттер арқылы тарап, хабарланады.
Телевиденияның әлдеқашан адам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналып кеткені баршамызға белгілі. Көрермендер күнделікті оқиғалар мен тіршілік аясындағы орын алған құбылыстар туралы хабар-ошарлар мен адамзат өміріне қажетті мәліметтер жайында ақпарат алу үшін телеарналарға көз тігеді. Дәл бүгінгі таңда ақпарат айналымындағы бірінші кезекте тұрған журналистік туынды – жаңалық.
Жаңалық-қоғамда болып жатқан жағдайлардың ақ-қарасын айырып, мәнін сараптауға арналады. Жаңалықта жеке адам үшін де, жалпы адамзат үшін де қажетті әрі пайдалы, маңызды да мәнді ақпарат айтылуы тиіс.Себебі көгілдір экранның артында отырған көрермендер сол журналистік ақпаратқа қарап, істің мән-жайын ұғады, неніңдұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы ой түйеді, белгілі бірдеңгейде шындыққа көз жеткізеді
Қазақстан телеақпарат кеңістігіндегі өзінің ақпарат таратудағы объективтілігімен ерекшеленетін танымал әрі беделді арналардың бірі – «31-арна». 6 жас пен 54 жас аралығын қамтитынөмірге іңкәр белсенді көрермендерден құралған аудиториясы
бар аталмыш арна отандық телеарналардың көшбасшысы болыптабылады. 1996 жылдан бастау алған «Информбюро» жаңалықтары салиқалы, салмақты мәселелер төңірегінде өмір шындығын өзек етіп, соның байыбына баруды мақсат тұтады. Сондықтан да «Информбюро» – талай-талай халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері.
Ел құлағын елең еткізіп, айна қатесіз ақиқатқа қолма-қолкөз жеткізіп, көпшіліктің көкейіне қонатын шынайы ақпараттыоқиға орнынан ұсынуға қабілетті «7-арна» жаңашылдығымен, жеделдігімен дараланады.
Ақпаратты елге жеткізудегі журналисттердің тапқырлығы, дәйекті шынайылықпен ұсынуы, көркем тілмен көмкеріп, өңдеп, тарату тележурналисттен терең білімділікті, кәсіби шеберлікті талап етеді.
Кез- келген отандық немесе шетелдік арналарда әр бағдарламаның өз жүргізушісі болады. Ол журналисттер күнделікті ел арасында болып жатқан жағымды немесе керісінше жағымсыз жаңалықтарды теледидарға шығарып шындықты көрсетеді
шындық пен әділдікті жақтап,ақты ақ, қараны қара деп бағалай білетін журналисттер қоғамда өз бағасын алып,құрмет игілікке ие болады.Бұл қасиет әрбір журналисттің бойында болуы қажет
Қазіргі таңда телекөрермеендер тек қана әлемде болып жатқан жағдайларды ,естіп қана қоймай өздеріне керек деген тәлім тәрбие алуда.

Орындаған:Төленбай Айжан

Топ:журналистика 3

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *