«Журналистің қызметі қаншалықты еркін?»

Қазақстан Республикасының.  білім және ғылым министрлігі Тұран университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Мақала

         Тақырыбы: «Журналистіңқызметі

                              қаншалықты еркін?»

 

 

                                                          Орындаған:Сейпін Диана

                                                                Топ:Журналистика-3

 

 

 

 

 

Журналистика қаншалықты еркін?

 

 

 Журналист халық пен билік арасын біріктіруші көпір болып табылады. Журналист төртінші билік деп те айтылып жатады. Не себепті? Өйткені Журналист халықтың мәселесін билікке жеткізеді. Ал биліктің заңын халыққа жеткізеді. Журналистика- жаңа ақпаратты табу және оны өңдеп, жариялаумен айналысады. Бұл халық пен билік арасындағы ақпарат таратушы көпір болып саналады.

Халыққа ақпаратты тарату, ол ақпараттан шындық пен өтірікті айқындау, әрқашан жаңалықтан хабардар болып отыру бұл жауапкершілігі мол іс журналисттің атқаратын қызметтерінің бірі. Олар халық алдында журналист деген атқа нағыз лайық екенін көрсете білуі керек. Журналист халықтың қамын ойлап, тіпті өз өмірінде қауіпке тігеді. Жұмыс барысындағы қиындықтарды біз көрмейміз, алайда естіп жатамыз. Олар отқа да суғада әр сәтте түсуге дайын тұрады. Журналистің өз ойы болмайды. Ол белгілі бір ақпаратты өз көзқарасы бойынша емес, жан-жақты зерттеп, сралап, объективті тұрғыда қарастырып, жариялайды. Олар түсірілім сәтінде еркін өз ойларын жеткізуге құқықтары жоқ болып келеді. Сонымен қатар, жоғарғы биліктен жеткен ақпаратты халыққа дәл сол шынайы қалпында жеткізуі тиіс. Бұл мамандық қиындыққа толы жолдарымен қызықты болып келеді. Сенің ізденісің әрине озіңде толықтай еркіндік болмасада, ақиқатты жеткізу және қаралы хабарды жеткізу уақытында өзіңді ұстауың, сұрақты жөнді әдебімен қоя білуіңде үлкен өнер болып келеді. Журналист өз  жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен ел жағдайы үшін жұмыс атқарады.

  Қазіргі заман журналистикасы сәл өзгерген. Себебі, заман өзгерген. Заманмен өзгерген сайын адамда онымен бірге өзгеріп отырады. Яғни, сол өзгеріске ұшыраған заманды адам өз қолымен дамытады. Қазіргі жиырма бірінші ғасырда  техникалар өте жақсы дамыған. техниканың дамуымен қоса жаңа салалар да пайда болған. Оның мысалы ретінде электронды журналистиканың пайда болуын айта аламын. Яғни, жұмыс процессі дами түскен. Дегенмен, журналистерге артылатын жүк те ауырлады. Олардың атқаратын жұмыстарының үстіне тағы жұмыс артыла түсті. Профессионалды түрде жұмыс жасау үшін БАҚ өкілдеріне қойылатын талап та күшейтілген болатын. Ендігі кезекте журналист қалаған тақырыбында мақала жазып, оны халыққа насихаттай алмайды. Журналистердің саяси оқиғалар бойынша үкіметке қарсы әрекет жасауға құқығы жоқ, оның барлығы жоғары жақтағы адамдармен тексеріледі. Қазіргі күні журналист қандай да бір ой мен ұстанымды қалыптастырушы емес, жай көпір қызметін атқарушы дей аламын. Қазіргі таңдағы журналистикадағы сөз еркіндігі өткен кезеңге қарағанда өзгеше. КСРО кезіндегі журналистикамен салыстырғанда, қазір көптеген тәуелсіз БАҚ-та сөз еркіндігі кішкене болсын жоғары деңгейде даймыған. Бұлда заманның дамығанын сыйпаттайды. Қорыта келе ,Журналисттер халықтың, елдің жағдайы үшін аянбай еңбек етіп жатқандығынан еркіндіктің  осы салада болуы шарт.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *