“Қазақ журналистикасының жетістігі мен кемшілігі”

Қазтай Назерке

 

Қазақ журналистикасының тарихы 1870 жылы “Түркістан уәлаяты” газеті басылған кезден бастау алды.Ол қазақ тілінде басылған тұңғыш газет.Бұл басылым қазақтың мәдени-әдеби дүниетанымын молаюына,қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға әсерін тигізді.

  Басылым бетінде қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлиханов ана тіліміздегі мақаласы көрген болатын.Қазақ хандары,мал шаруашылығы,егін егу,оқу-ағарту мәселелері,қазақ елінің басқа елмен қарым-қатынасы,алғанқы сын,зерттеу мақалалары да газет бетіне шыққан.

  Қазақ журналистикасындағы телевизия саласының бастау алуы 1958жылы 8наурыз болып тарихқа енді.Ең алғаш рет сол күні Алматыда тікелей эфир таратылып,алғашқы дикторы Ләзиза Аймашова болды.

  Қазақстан баспасөз құралдары өкілдерінің шығармашылық ұйымы 1959жылы -Қазақстан журналистер одағы құрылды.

  Қазақ журналистикасының дамуына зор үлесін қосқан жанның бірі- Намазалы Омашев.Ол 2003 жылдан Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі,2002 жылдан Қазақстан журналтстикасы академиясының толық мүшесі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

  Қазақ журналистикасының жетпеген жетістігі жоқ емес.Мәселен, “Егемен Қазақстанның” тақырыптары тамсануға тұрарлық.Журналистика саласында экономикалық,қаржы мен халықаралық жағдайға байланысты салмақты материалдардың жарық көруін де жетістіктер қатарына қосуға болады.

 Бірақ басылым бетінде саясат туралы қалам тербеу әлі де болса ақсап тұрғаны жасырын емес.Осы жайлы Намазалы Омашев:”Басылым бетінде саясат сырғақ.Билік ондай мұрша бермейді.Билікке ұнамай қалмайын деп,ішкі саысаттқа келгенде журналистердің тісі өтпей қалады.Бұл-басылымныңкемшілігі.Дегенмен қазіргі қазақ журналистерінің деңгейі шетелдік басылым мамандарынан ешқандай кем еместігін “де айтады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *