Қазақстан Binance крипто биржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Диана Аманғалиева Төлегенқызы

Binanceәлемдегі ең ірі криптовалюталық биржа. Криптовалюталық мәліметтердің әлемдік іріагрегаторы болып табылатын CoinGeckoдеректерінше, Binance биржасындағы бір күндікспоттық сауда ауқымы 14 млрд АҚШ долларынанасады, ал деривативтер бойынша көрсеткіш 50 млрд доллар шамасында.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевәлемдегі ең ірі Binance криптовалюта биржасыныңнегізін қалаушы және бас директоры ЧанпэнЧжаомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның тиісті құрылымдары мен Binance арасындағы цифрлық қаржыландыру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегі, блокчейн технологиялары саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ аймақтық хаб құру мәселелері талқыланды. Қазақстандағы крипто индустриясы талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту. Меморандумға қол қою бүкіл әлем бойынша реттеушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін оқытудың жаһандық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту.

Тараптар крипто-активтер туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Меморандум қылмыстық крипто-активтерді Қазақстан пайдасына бұғаттау, тыйым салу және тәркілеу жөніндегі рәсімді жолға қоюға мүмкіндік береді.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Aidana:

    Еліміздің дамып,көркейіп жатқанына өте қатты қуаныштымын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *