Мобилография саласының маңыздылығы.

Мобилография дегеніміз- қымбат, кәсіби видеокамерасыз-ақ қолымыздағы ұстап жүрген қарапайым ұялы телефон арқылы сапалы контент түсіру. Жалпы қазіргі таңда осы сала түрі қарқынды дамып келе жатыр. Аталмыш саланы меңгеру аса қиындық туғызбайды. Егер кез келген адам үйренуге  шын ниет етіп, қызығушылық танытса, оны міндетті түрде меңгереді. Тек тәжірибелі , білікті маман иесін дұрыс таңдап үйреніп алса болғаны.

Қазіргі заман бұрынғыдай емес. Бүгінде мүмкіндіктер өте көп: техника дамыған, еркін, бейбіт өмір сүрудеміз. Адамдар бір-бірінің жеке пікірін құрметтейді. Әрбір жеке тұлға өз ойын айта алады. Шыны керек, қазіргі заманда қара жұмыс істеп, қажымай-ақ миды, басты жұмыс істетіп, дәл осы мобилография жалпы маркетинг саласымен айналысу арқылы айына кемінде 300 000 теңге көлемінде табыс табуға болады. Тіпті қазір көпшілігі тойлардағы ‘махаббат тарихы’ яғни love story, жас жұбайлардың қалай танысып, табысқандары жайлы баяндалатын қысқаша бейнетаспасының өзін кәдімгі ұялы телефонмен түсіріп, әрлеп, монтаждап керемет нәтижелер шығаруда.

Осылайша мобилография саласы бүгінгі таңда әсіресе кәсіпкерлер, тиктокерлер, блогерлер мен әншілер арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ендеше, өзім секілді  замандастарыма сапалы білім алып, барлық жағынан білікті маман иесі атанып, берекелі табыстар тауып, ата-аналарымыздың батасын алып, қуантып жүре берейік дегім келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *